Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Урок по казахскому языку для 7 класса "Тіл білу - өнер. Сан есімнің мағыналық түрлері"
04.04.2016, 09:00

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Н. Муканова.

Орыс сыныб: 7 «б»
Сабақтың тақырыбы: Тіл білу - өнер. Сан есімнің мағыналық түрлері Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қадір-қасиеті туралы түсінік бере отырып, өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлықтары мен сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттері мен іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ана тілін құрметтеуге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Шығармашыл, таным сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: ақын-жазушыларымыздың өлеңдері, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а) Тапсырманың орындалуы: 6-тапсырма, өлеңді жатқа айту,
б) Тілге байланысты мақал-мәтелдер айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушылар, өткен сабағымызда әліппе мен әріптерге байланысты ертегі үзіндісімен таныс болдық. Тілін білдік.Ал бүгінгі сабағымыз өз тілімізді біліп, бағалау, оны құрмет тұту да үлкен өнер екендігін көрсетеді. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, ана сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміз – біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.
Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.
-Оқушылар, сіздер ана тілін жақсы білмейінше – сауатты сөйлеп, сауатты жаза алмайсыздар. Тілді жетік білу үшін, көбірек кітап оқып, ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үйренулеріңіз қажет. Сонда сіздер ана тілдеріңде мәдениетті сөйлеп, айтатын ойларыңызды аз сөзбен-ақ әсерлі жеткізе аласыздар.

IV. Кітаппен жұмыс.
1-тапсырма .Берілген нақыл сөздерді түсініп оқып, тілдің қоғамда қаншалықты қажеттілігін түсіндіріңдер.
Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,-
Өз тіліңді құрметте.(Қ.Мырза Әли)
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда- ақ берген білім.(С. Торайғыров)
Қазақ тілі – әрі бай , әрі көркем тіл.(М. Әуезов)
Мақал – мәтел құрамындағы түйіріліп айтылған сан есімді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту шарт.
1. ..... атасын білмеген жетесіз.
2. Жеті рет өлшеп .... рет кес.
3. Ел құлағы .....
4. Ер қаруы .... қару
5. .... сомың болғанша, ..... досың болсын.
«Кім шапшаң?» ойыны
Сұрақтарға жауап беріп, мысал келтір.
Неше? Қанша?
Нешінші?
Нешеу?
Нешеден? (Қаншадан?)
Берілген диалогті оқып , өзара сөйлесіңдер.
-Сәлем, достым!
-Сәлем! Не оқып отырсың?
-Мен қазақ тілінен қосымша курсқа барып жүрмін , сол тапсырмаларды орындап отырмын.
-Ия, қазақ тілін білу-бізге парыз.
-Бірақ мен әлі де кей сөздерді түсіне алмаймын.
-Үйреніп кетесің. Мен қазақ тілін жақсы білемін,қазір ағылшын тілінің курсына барып жүрмін.
- Дұрыс . Бірнеше тіл білген жақсы ғой.
-Ия, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте »деп дұрыс айтылған.
Кесте бойынша тілдің қоғамдағы рөлін сипаттап беріңдер .
Берілген етістіктердегі тұйық етістіктерді талдаңдар.
дамыту үйрену сақтау жағдай туғызу
ойлау қолдану
көмек көрсету Тіл түсіну
оқу қастерлеу жазу білу
V. Білімді бекіту. Төмендегі өлең жолдарынан етістікті тауып, құрамына қарай талдау жасаңыз.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жад тоқып ал көңілге. (С.Торайғыров)
Ана тілін сүймеген,
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.(Б.Сарноғаев)
VI. Қорытынды.
Оқушылар, мен бүгінгі сабағымызды көрнекті жазушы Ш.Айтматовтың «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Үйге тапсырма: 5-тапсырма. Берілген сөйлемдерденмсан есімнің мағыналық түрлерін табыңдар. Үлгі бойынша сан есімдерді цифрмен жазыңдар. Үлгі: жетінші сынып-7- сынып
Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалау.

Категория: Казахский язык | Добавил: Mukanova | Теги: DOCX reader Муканова Гүлсайра Нурмахамбетовна |
Просмотров: 578 | Загрузок: 384 | Комментарии: 1
Всего комментариев: 1
avatar
1
Рахмет! Сабақта соншама көп жұмыс жасалыпты. Балалар сондай белсенді екен, егер сондай көп тапсырмаларды орындаса. Шығармашылықта табыс пен озатты ұстаз ретінде көріне беруіңізге тілектеспін.
avatar