Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Урок по казахскому языку для 1 класса "Менің туыстарым"
04.05.2016, 13:05

Сабақ жоспары
Сабақ: № 3
Тақырып:
Менің туыстарым
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Айткенова Мөлдір Болатовна
Сынып 1 Қатысып отырғандары Келмегендер саны
Осы сабаққа арналған оқу мақсаты 1.1.4.1Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не екенін түсіну
1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.2.2.1 Сурет бойынша екі-үш сөйлем құрастыру
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады:
Туыстар тақырыбына байланысты күнделікті таныс сөздердің мағынасын түсінеді
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Туыстар тақырыбына байланысты мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді
Кейбір оқушылар істей алады:
Сурет бойынша сөйлем құрастырады
Негізгі сөздер мен фразалар: Жеңге, жезде, нағашы
Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар Нағашы аға, нағашы әже, әдемі жеңге, көңілді жезде
Талқылауға арналған сұрақтар: Бұл кім? Ол саған кім болады?
Осының алдындағы оқу «Отбасы»тақырыбына байланысты қайталауға арналған тапсырма. «Артығын тап!» әдісін пайдаланып, отбасы мүшелерін атап шығады.


Жоспар
Жоспарланған мерзімдер Жоспарланған шаралар Ресурстар
Сабақтың басы

Сабақтың мақсатымен таныстыру:
-бүгінгі сабақта туыстық атауларын білеміз;
-күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеміз.
Бірінші саусақ – атам,
Екінші саусақ – әжем,
Үшінші саусақ – әкем,
Төртінші саусақ – анам,
Кішкентай саусақ – мен!
Сыныпты 2 топқа бөлу.
Санамақ арқылы екі топқа бөлеміз.


Сабақтың ортасы Топтық жұмыс. «Құпияға толы зат» әдісі
Сандықшаның ішіне отбасы ағашы, отбасы мүшелерінің суреттері салынған. Ағашқа отбасы мүшелерін орналастырып шығу керек. Отбасы мүшелері: ата, әже, әке, ана, іні, әпке, аға.
Топтық жұмыс. Ағашты жарыса отырып толтыру қажет.
Жұмбақтар арқылы толтыру жүзеге асырылады.
- Әкемнің әкесі ...
- Әкемнің анасы ...
- Әкем мен анамның қызы ...
- Әкем мен анамның ұлы ....
- Балалар, енді анаңның анасы саған кім болады? Анаңның әкесі саған кім болады? Ағаңның жанында кім болады? Әпкеңнің жанында кім болады? (Алдында жатқан жеңге, жезде атаулары жазылған қима қағаздарды көтереді).
- Ендеше, балалар, олар да отбасы мүшесі, жеңге мен жездені отбасы ағашына орналастырамыз.
Дұрыс және тез жауап берген топтарға кәмпиттер таратылады.
Дескриптор:Сөздердің мағынасын түсінеді.
Мәтінмен жұмыс. «Прожектор» әдісі.
Мынау – менің үлкен отбасым. Менің атам мен әжем бар. Ал мынау – менің . Бұл менің әпкем мен . Ал мынау – ағам мен . Жездем көңілді. Жеңгем әдемі.
Дескриптор: Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді.Сурет арқылы сөйлем құрастырады.







Соңы

«Үшқадамды сұхбат» әдісі(сұрақ қоюшы, жауап беруші, толықтырушы). Үлгі көмек ретінде беріледі:
- Сенің нағашы атаң бар ма?
- Менің нағашы атам бар.
- Сенің нағашы атаң ақылды.
Қосымша ақпарат
Саралау
-Өз туыстары туралы қарапайым сөздермен сөйлем құрастырып айтады «Қасқыр мен тышқан» мультфильмі

Пәнаралық байланыстарАКТ, өзін-өзі тану, дене шынықтыру
Кері байланыс Алма ағашына қолдарындағы алма суреттерін жабыстырады,
жоғары жаққа – ұнаған жағдайда, ортасына – орташа деңгейде ұнаса, төменгі жағына – ұнамаған жағдайда жапсырады
Рефлексия
Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме?
Оқушылар бүгін не үйренді?
Оқу ахуалдары қандай болды?
Оқушылардың іс-әрекеттері сәтті болды ма?
Мен уақытты тиімді пайдаландым ба? Мен жоспар бойынша қандай ауытқуларға жол бердім және неліктен? Оқу мақсатына қол жеткізілді. Оқушылар бүгін жаңа сөздерді үйренді. Оқу ахуалы қолайлы болды. Оқушылар мәтіндегі таныс сөздермен жұмыс жасау барысында дұрыс әрекеттерді орындады. Уақыт тиімді пайдаланылды
Қорытынды бағамдау
Сабақтың қай аспектісі оқыту мен оқу барысында жақсы өтті?
1. Жаңа сөздерді үйрету әдістері тиімді болды.
2. Сергіту жақсы қызықты болды.

Оқыту мен оқу барысында қай екі әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?
1. «Пантомима» әдісі
2. «Тоғыз шаршы»

Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді?
1. Топтық жұмыста топ мүшелерінің белсенді қатысуын қадағалау.
2. Оқушылардың ойын айтуға уақыт бөлу

Категория: Казахский язык | Добавил: Moldir2016 | Теги: 1 сынып, Менің туыстарым Айткенова Молдир Болатовна |
Просмотров: 1449 | Загрузок: 556 | Комментарии: 1
Всего комментариев: 1
avatar
1
Сабағыңыз керемет екен! Рахмет! Үлгі ретінде өзіме көшіріп алдым. wink
avatar