Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Урок по казахскому языку для 1 класса "Мектеп. Сынып"
13.05.2016, 10:23

Сабақтың құрылымы:
Пән атауы: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Сынып.
Сабақтың мақсаты: Білім күні. Айналамен таныстыру.Ынтымақ, достыққа, үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуге,ойланып тиянақты жауап беруге баулу.
Қолданылатын модульдің атауы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету , Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану.
Стратегиялық іс-әрекеттер: Диалогтік оқыту, «Жұптық әңгіме», « Миға шабуыл»
Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
3 мин.

3 мин.

3 мин.

5 мин.

3 мин.

3 мин.

8 мин.

4 мин.

3 мин. Психологиялық дайындық.
Мектебім менің еңселі,
Өлеңге қосам мен сені.
Терең білім аламын,
Елге елеулі боламын.
Оқушыларды топқа бөлу.
«Оқу» тобы, «Жазу» тобы, «Тыңдау» тобы.
Оқушы білімін тиянақтау.
-ҚР-ның президенті кім?-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?-ҚР-ның рәміздерін ата.
Тұсаукесер. «Мен енді оқушымын»
-Оқушы деген кім? Ол қандай болу керек? Оқушының міндеті қандай?
Сабақтың тақырыбымен таныстыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.
Диалогтік оқыту: мұғалім-оқушы
- Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
Балалар қайда келді? Оларды кім қарсы алды? Балалардың қолдарында не бар? Балалардың, мұғалімнің жүздері қандай кейіпте? Мұғалім мен балалар сөйлесіп тұр.
Олар бір-бірімен қалай сөйлесіп тұр? Адамдар тіл арқылы сөйлеседі. Біздің тіліміз – қазақ тілі. Біз өз тілімізде сөйлесуіміз керек. ¬Өйткені біз қазақпыз. Жер бетін сан алуан халық мекендейді, олардың әрқайсысының өз тілі бар. Әрқайсысы өз тілінде сөйлейді.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін (бір нәрсені айту, сұрау, хабарласу, пікір алмасу) сөйлесу қажет. Сөйлескенде адам дыбыс шығарады.
Дыбыс дауысты, дауыссыз болады. Дыбыстар жұптасып, буын құрайды. Ал буыннан сөз шығады. Адам сөйлегенде сөздерді қолданады
Мынау сөздердің сызбасы. Сөйлем сөздерден тұрады.
Тапсырма: әр топ сөйлем құрастырады (оқу, жазу, тыңдау сөздерімен)
Сергіту сәті
Дәптерде жұмыс. Сызба сызу. Сөйлем құрастыру. Бұл – сынып. Сыныпта сабақ оқимыз
-Айтылған дыбысты қағазға жазғанда ол әріп болады. Таяқшалар жазу
Рефлексия. Міне, балалар,біз сендермен бүгінгі сабақта білім күні туралы мағлұмат алдық. шартты белгілермен таныстық.. Әліппе кітабымыздан нені үйрендік? психолгиялық ахуалды жақсартады
оқуды ұйымдастырады
сыныптың белсенділігін арттырады

ынталардырады
кері байланыс

сұрақтар қояды
жауаптарын тыңдайды
басқалардан толықтыруды сұрайды.
ой қозғайды

қол ұстасып, шеңбер құрады
бір-біріне жақсы тілектер айтады
көңіл күйі көтеріледі
кеңістікті өзгертеді
топқа бөлінеді
оқуға ынталанады
сұрақтарға жауап береді
тапсырмаларды орындайды

топта сурет бояйды

сұрақтарға жауап береді.
бірінің жауабын бірі толықтырады.
ойланады.
сұрақтарға жауап береді
интерактивті тақта

суреттер

флипчарт

оқулық
дәптер
қалам

Категория: Казахский язык | Добавил: Kuljash2016 | Теги: мектеп, 1 сынып, сынып Сейтжанова Куляш Нуркешевна |
Просмотров: 551 | Загрузок: 393
Всего комментариев: 0
avatar