Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Урок "Ұялы телефон арқылы ғаламторға шығу" 7сынып
18.12.2015, 19:09

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алды, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артты, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударды, дарынды оқушыны үлгі етеді, қазақ тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығын артыруды мақсатқа қойдым, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молайды.

Сабақта оқушыларға берген қосымша карточканың үлгісімен танысыңыздар:
Ұялы телефон
Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
Қарағанды қаласында тұратын Марат сабақтан кейін спорттық секцияға барады. Спорт кешені Мараттың үйінен алшақ жерде орналасқан. Ол үнемі қоғамдық көліктермен жүреді және кесіп өтеді. Ата-анасы сол уақытта жұмыста болғандықтан, баласына алаңдап отырады. Сол себепті мәселені жеңілдету үшін ұялы телефон әпермек болады. Алайда телефонның бала денсаулығына зиян екеніне тағы алаңдайды. Сол себепті Маратты ұялы телефон туралы нұсқаулықтармен, талаптартармен таныстыруды жөн санайды Нұсқаулықтар:
• Ұялы телефонды денеден аулақ ұстау;
• Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу;
• Сөйлесіп болған соң құлақтың түбінде сөндірмеу;
• Ұйықтаған кезде 1,5-2м алыс жерге қою;
• Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минут сөйлесу;
• Жаңбырлы күнде телефонды қоспау;
• Телефонды төсекке алып жатпау Телефонмен сөйлесудің әдептері:
• Мезгілсіз уақытта қоңырау шалмау;
• Телефонды көтермеген жағдайда қайта-қайта қоңыраулатпау;
• Әңгімені сәлемдесуден бастау;
• Қоңырау шалушы өзін таныстыруы қажет;
• Қажет жағдай болмаса,
әңгімені тым ұзартпау;
• Қоңырау шалушы сөзді бірінші болып аяқтау;
• Телефон соғылса, жауапсыз тастамау;
• Қоңырау даусына жағымсыз әуендерді қоймау

Категория: Казахский язык | Добавил: Анар4362 | Теги: қысқа мерзімді сабақ жоспары, ұялы телефон Зейтова Анар Амантаевна |
Просмотров: 668 | Загрузок: 479
Всего комментариев: 0
avatar