Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


«Тәуелсіз Қазақстан» 4-сынып
16.03.2016, 08:06

4-сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан».
Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып,өз ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйренеді;Оқушылар ой-өрісін дамытады, сөздік қорларын молайтады,логикалық ойларын,шығармашылық танымдық қабілеттерін арттырады;Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға,тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп,жеке тұлға тәрбиеленеді.
Әдіс-тәсілі: іздендіру, көрнекілік, слайд , интербелсенді тақта, шығармашылық тапсырмалар.
Ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық
Типі: жаңа білімдерін жинақтау, талдау.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Әнұран орындалады.
Сәлемдесу.Шаттық шеңбері.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Үй тапсырмасын тексеру.
Алдымен жалпы өткен тақырып бойынша екі-үш оқушыдан сұраймын. Жазбаша тапсырманы тексеремін.5-тап.
Жаңа сабақ
1.Тақтада ілулі тұрған стикерлерді таңдау арқылы сыныпты екі топқа бөлу.
1-топ:Қыран тобы
2-топ:Көк аспан тобы
2.Сабақтың мақсатын,барысын айтып түсіндіру.
3.Тілдесім.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан».
- Егеменді, тәуелсіздіктің белгілері не?
- Дұрыс. Олар Елтаңба, Ту, Әнұран, Елбасы...
Оқушылардың назарын тақтадағы мына сызбаға аудару.Сұрақ-жауап арқылы пікірлесу.
«Тәуелсіз Қазақстан»

Мемлекеттік ту Мемлекеттік елтаңба Мемлекеттік гимн .
4.Жаңа сөздермен жұмыс.
Тәуелсіз -независимый
туған жер- родная земля
Үлкен -большой Астана- столица мемлекет государство
Отан -Родина
Ту- флаг
5.Оқылым.
Мәтін бойынша топтық жұмыс.
«Мазайка»әдісі бойынша жұмыс жасалады.Екі топқа мәтін бөліктері беріледі.
1-топ: «Қыран»тобы 2-топ: «Көк аспан»тобы
а/Мәтінді мәнерлеп оқу; а/Мәтінді тізбектеп оқу;
ә/Мәтін бөліктерін аудару; ә/Мәтін бөліктерін аудару;
б/Екі топ мүшелерінің ішінен бірнеше оқушының орындарын ауыстырылады.Ол оқушылар өз тобында не білгендерін айтып түсіндіреді. Түсіндіріп болғаннан кейін топ мүшелері өз орындарына барады.
в/ «Атом және малекула »ойыны арқылы мәтінді мазмұндату.
6.Жазылым.
1. «Қыран»тобы:
Фонетикалық талдау
Ү лгі:
Мем-ле-кет – үш буын, 1,3-бітеу, 2-ашық буын
м – дауыссыз, үнді
е - дауысты, жіңішке, ашық, езулік
л – дауыссыз, үнді
к - дауыссыз, қатаң
т - дауыссыз, қатаң
8 әріп, 8 дыбыс.
2. «Көк аспан»тобы
Елім сөзін тәуелдеу.
Iж. Менің елім I ж.Біздің еліміз
II ж. Сенің елің IIж.Сендердің елдерің
IIж Сіздің еліңіз IIж Сіздердің елдеріңіз
IIIж Оның елі IIIж.Олардың елдері
Сергіту сәті
Биік, биік таулары бар,
Орманы бар, көлі бар.
Кең даласы құлпырған,
Отанымыз Қазақстан!
7. «Кім тапқыр » ойыны.
-Енді осы Қазақстан сөзінен бірнеше мағыналы сөздер шығарайық.
-Қане, болсақ, оқимыз. Кімде қанша сөз шықты?
-Ал қазір тақтаға қарап салыстырайық.
ҚАЗАҚСТАН - қазақ, қаза, қазан, қаз, аз, ақ, ас, ат, ата, ана, қас, қан, қат, тас, таса, тана, сат, сан, сана, сақ, сақа, саз, таз, таза, тақ, сазан, аса, нақ, нақақ, асқазан, астана, атан, атақ.
8.Бекіту
«Кубизм» ойын арқылы үйрету.
1.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
2.Қазақстан Республикасының елбасы кім?
3.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
4.Қазақстан қандай мемлекет?
5. Тәуелсіздік сөзінің орысша аудармасы?
6.Қазақстан Республикасы тәуелеіздік күнін кашан мерекелейді?
9.Сабақ қорытындысы.
10.Үй тапсырмасы. а/Мәтінді мазмұндау.5-тап.
ә/«Тәуелсіздік» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
11. Бағалау.

Категория: Казахский язык | Добавил: Рузия Оразбаева Гүлсім Төлеуловна |
Просмотров: 582 | Загрузок: 374
Всего комментариев: 0
avatar