Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Сабақтың тақырыбы: «Реттік сан есімі" 6 "а", "ә" сынып
28.12.2016, 20:14
30.11.2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :оқушылардың сан есімдер туралы білімін кеңейту, реттік сан есімнің жасауы туралы түсінік беру;
Дамытушылық:сан есімдерге байланысты қызықты граммматикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойын дамыту;
Тәрбиелік. сан есімдерге қатысты халықтық тұрғыдан тәрбие беру. 
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың өтілу әдісі: топтау, тірек сызба, топтық жұмыс,ыстық орындық әдісі,
Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздары, плакаттар, сурет Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сыныпты түгелдеу.
3.Оқушыларды ІІІ топқа бөлу.
Оқушыларды боймен сапқа тұрғызып, бірінші, екінші, үшінші деп санатып, біріншілер бірінші топқа, екіншілер екіншітопқа,үшіншілер үшінші топқа жайғасады.
І топ: «Бірінші» топ
ІІ топ: «Екінші» топ
ІІІ топ: «Үшінші» топ
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
133 –жаттығу. Газет-журнал мақалаларынан есептік сан есім түрлеріне (дара,күрделі) он мысалдан теріп жазыңдар.
Бағалау
1.Есептік сан есімнің ережесін білуі;
2.Мысалдар келтіре алуы;
3.Ізденуі мен қызығушылығы.
«Стоп кадр» әдісі
Суреттегі қателіктерді тап?
Сен бұл жағдайда не істер едің?
Осы жіберген қателікті түзету үшін не істеу керек?

ІІІ.Жаңа тақырып

Оқулықпен жұмыс
І топ: 134-жаттығу. Сан есімдерді теріп жазып, реттік сан есімге айналдырыңдар (Арман-ПВ)

ІІ топ: 135-жаттығу. Есептік сан есімдерден реттік сан есім жасаңдар. (Арман-ПВ)

ІІІ топ: 111-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жаз.
7,10,1,3,100,28,37,695,470,259,627,1992,187,396,26

Бағалау
1.Реттік сан есімнің ережесін білуі;
2.Сөйлемдерді құрауда реттік сан есімдерді дұрыс қолдана алуы;
3.Реттік сан есімдердің маңыздылығын дәлелдеуі;
Категория: Казахский язык | Добавил: shohan86 | Теги: Реттік сан есім Ханов Шохан Уалиханович |
Просмотров: 112 | Загрузок: 53
Всего комментариев: 0
avatar