Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Сағат неше? Атау, ілік септіктер.Презентация
14.04.2015, 17:00

Сабақтың тақырыбы: Сағат неше? Атау, ілік септіктер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға уақытты дұрыс айта білуге, уақытты пайдалы өткізуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Грамматикалық тақырыпты лексикалық тақырыппен ұштастырып меңгерту, сұрақтарға дұрыс жауап беру. Уақытты қазақша дұрыс айта білуге
Тәрбиелік: Уақытты дұрыс пайдалануға, үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс
Көрнекілігі: жұмбақ, суреттер, сағат, кесте, жаңа сөздер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Жұмбақ шешу (Қызығушылығын ояту).
Сартылдайды күнімен,
Сартылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (Сағат)
(Тақтаға сағаттын суреті ілінеді.)
Сұрақ-жауап әдісі ой қозғау.
- Бір жылда неше күн бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір тәулікте неше сағат бар?
- Бір сағатта неше минут бар?
- Бір минутта неше секунд бар?
Сөздік жұмысы.
- мұғалім бір рет оқиды, түсіндіреді;
- оқушылар мұғалімнен кейін жаңа сөздерді қайталап айтып отырады;
- жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады;
- оқылым;
- жазылым;

Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік түрі бар.
Атау септік ойдың, іс-әрекеттің иесін білдірді.Бала(кім?) жүгірді.
Ілік септік зат кімнің меншігі екенін, не нәрсеге тән екенін білдіреді: Асқардың(кімнің?) қаламы.
Барыс септігі іс қимылдың бағытын,мекенін, мезгілін білдіреді: Мектепке (қайда?)барды.
Табыс септігі іс-қимылдың объектісін білдіреді, яғни затты нұсқайды: суретті(нені?) көрді.
Жатыс септік іс-қимылдың орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді:тауда (қайда?) өседі.
Шығыс септік заттық мағынаны, затт істелу тегін, әрекеттің шығуын көзін,мезгілін, мекенін білдіреді: үйден (қайдан?)шықты.
Көмектес септігі іс-қимылдың амалын, істелу құралын, бірлестікті білдіреді: Асқармен(кіммен?) бірге істеді.

2.Суретпен жұмыс. Тақтадағы сағаттың суретімен таңысып , сағатпен жұмыс істеу.
Сағат неше? Сұрағына жауап беруге машықтану.
3. Дәптермен жұмыс.
Сағат, уақыт сөздерін септеп жаз.
4. Тілдесу. Жауап беріңдер?
Сабақ неше минут болады?
Қазір сағат қанша?
Сабақ қашан басталады?
Сабақ қашан бітеді?
Сағат нешеде үйге қайтасың?
Сабақты қорытындылау.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Үйге тапсырма беру. Сөздік, 5,7 тапсырма
Бағалау.

Категория: Казахский язык | Добавил: Рашидок Нургалиева Рашида Радиковна |
Просмотров: 1102 | Загрузок: 500
Всего комментариев: 0
avatar