Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Открытый урок в 4 классе "Оқу құралдары"
16.03.2016, 22:03

Мұқашева Әсемгүл Серікқызы
"Возвышенка орта мектебі" КММ
Ашық сабақ 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқу құралдары туралы түсінік алу, олардың қызметімен танысу, қайталау; әр түрлі тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікте тәрбиелеу, оқу құралдарын таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Көктем айлары ата.
- Қазір қандай ай?
- Бүгін нешінші мамыр?
- Бүгін аптаның күні қай күн?

ІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, сабағымыздың тақырыбың білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз.
д о с
с а б а қ
с ә у і р
қ о я н
а л м ұ р т
о р ы н д ы қ
ж а с ы л
а л п ы с
ж ұ л д ы з
с а ғ а т
р а қ м е т
с ы н ы п

- Қандай сөз шықты?
- Дұрыс, оқу құралдары. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Оқу құралдары».
- Сендер қандай оқу құралдарын білесіңдер?
- Енді, мына сөздермен сөз тіркесін жасаңдар.
- Бүгінгі біздің сабағымыз ойын ретінде өтеді.
- 1 топ – «Кітаптар» тобы
2 топ – «Қарындаштар» тобы
- Ойында әр түрлі тапсырмалар болады, дұрыс жауаптарына мен сендерге жетон беремін.

ІІІ. Ойын «Жеделхат»
- Балалар, біз бір неше сабақтар «Мектеп» туралы оқыдық. Қазір біз кішкене қайталаймыз.
- Мынау не?
- Бұл кімнің мектебі?
- Біздің мектеп қандай?
- Біздің мектепте нелер бар?
- Бірінші ойын «Жеделхат» ойыны.
- Балалар, парталарында қағаз, желім, фломастерлер бар. Сендер қағазға «мектеп» туралы сөзімен байланысты сөздерді жаздыңдар, сосын жазған сөздеріңді бір-біріне қосасыңдар. Кімнің жеделхаты ұзын болады.
- Бұл тапсырмаға үш минут беріледі.
- Бастаңдар. Уақыт кетті.
- «Кітаптар» тобы тақтаға шығыңдар. Сендер қандай «мектеп» туралы сөзімен байланысты сөздерді жаздыңдар.
- «Қарындаштар» тобы тақтаға шығыңдар. Сендер қандай «мектеп» туралы сөзімен байланысты сөздерді жаздыңдар.
- Енді, көрейік кімнің жеделхаты ұзын болды.
- Бұл тапсырмада «.......» тобы жеңді. Мен оларға жетон беремін.
ІV. Мәтінмен жұмыс
- Келесі тапсырма мәтінмен жұмыс. Қазір сендер мәтінді оқисыңдар, сосын орыс тіліне аударасыңдар.
Менің оқу құралдарым
Мен Возвышенка орта мектебінде төртінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Олар: кітап, дәптер, күнделік, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, ұштағыш, пенал. Кітап оқу үшін керек, дәптер жазу үшін керек, күнделік баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек. Менің оқу құралдарым әдемі, таза және жаңа. Мен оларды ұқыпты ұстаймын.
- Балалар, зат есімнің ережесін кім айтады?
- Сын есімнің ережесін кім біледі?
- Дәптерлеріңді ашыңдар. Бүгін қай күн жазыңдар.
- Мәтін бойынша мынандай тапсырма болады. Бұл текстен «Кітаптар» тобы зат есімдерді теріп жазасыңдар, «Қарындаштар» тобы сын есімдерді теріп жазасыңдар.
- «Кітаптар» тобы қандай зат есімдерді жаздыңдар?
- «Қарындаштар» тобы қандай сын есімдерді жаздыңдар?
V. Сергіту сәті
- Қазір біз кішкене демаламыз
VІ. Ойын «Ребус»
- Келесі ойын – ребустар шешу. Әр топқа үш ребус беріледі. Бұл тапсырмаға үш минут беріледі.
- «Кітаптар» тобы сендерде қандай сөздер шықты? Қалай шықты?
- «Қарындаштар» тобы сендерде қандай сөздер шықты? Қалай шықты?
- Жарайсыңдар! Әр топқа жетон беремін.
VІІ. Мақал-мәтелдер
- Келесі тапсырма – мақал-мәтелдер.
- Мақал-мәтелдерді дұрыс жинауға керек. Әр топқа екі мақал-мәтел беріледі.
- «Кітаптар» тобы сендерде қандай мақал-мәтелдер шықты?
(Күш – білімде, білім – кітапта. Мектеп – кеме, білім – теңіз)
- «Қарындаштар» тобы сендерде қандай мақал-мәтелдер шықты?
(Кітап – алтын қазына. Ғылым – теңіз, білім – қайық)
VІІІ. Ойын «Моншақ»
- Келесі ойын «Моншақ»
- Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыстар бар? Олар қандай?
- Неше жіңішке дауысты дыбыстар бар? Олар қандай?
- Қазір балалар сендер сөздерден моншақ жинайсыңдар. Бір сөз жуан, бір жіңішке.
(қалам, дәптер, қарындаш, желім, сызғыш, ұштағыш, күнделік, қылқалам, сөмке, қайшы, мектеп)
ІХ. Қорытынды
- Ал енді қорытынды жасаймыз, кімде қанша жетон санаймыз.
- Балалар, бүгін біз сабақта не туралы оқыдық?
- Оқу құралдарына не жатады?
- Оқу құралдарын қалай ұстау керек?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Көңіл-күйлерін қалай? Сурет салыңдар.

Х. Бағалау
ХІ. Үй жұмысы
Оқу құралдары туралы үш жұмбақ жазып әкеліңдер.

Категория: Казахский язык | Добавил: assemgul Мукашева Асемгуль Сериковна |
Просмотров: 580 | Загрузок: 392
Всего комментариев: 0
avatar