Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Ормандағы оқиға. Қ.Жармағамбетов 4 сынып /Ана тілі/
13.11.2015, 15:39
Кәдірбай Айман Қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы Ормандағы оқиға. Қ.Жармағамбетов

Пәні Ана тілі

Сыныбы 4 «А»

Тақырыбы Ормандағы оқиға. Қ.Жармағамбетов

Сілтеме Күнтізбелік жоспар

Жалпы мақсат Оқушылар мәтінді оқи отырып , негізгі идеясын аша білуге, тақырыпты өздігінен түсінуге,топта бірлесе талқылауға, ойын ашық айтуға үйрету.
Оқу нәтижесі Мәтіндегі негізгі ойды таба алады тақырыпты өздігінен түсініп, топта бірлесе талқылайды. Ойын ашық айтады.
Түйінді идеялар Өсек,өтірік айту - жағымсыз қасиеттердің бірі екенін ұғынады.
Сабақта қолданылытын материалдар Үлестірмелі материалдар, А3 формадағы қағаз, маркер, интерактивті тақта
Оқыту әдістері СТО
АКТ
Оқу мен оқытуды бағалау 1. Жеке жұмыс
2. Жұптық жұмыс.
3. Топтық жұмыс.

Дерек көздері Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Әдістемелік нұсқаулық 4-сынып ана тілі
« Бастауыш сыныпта оқыту» журналы
Интернет желісі
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
1.Шаттық шеңберін құру.
2. Оқушыларды топқа бөлу.
Топ басшыларына бағалау парағын тарату «Жүректен жүрекке» тілек айту.
Оқушылар таңдаған ағаш түрлеріне қарай үш топқа бөлінеді.
І топ. Қайың
ІІ топ.Қарағаш
ІІІ топ Тобылғы
Қызығушылығын ояту

Бағалау Жаңа тақырыпты бағыттау.
Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, Қазақстандағы орман шаруашылығына шолу жасау.
"Болжау" стратегиясы. Орманда қандай тіршіліктер болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?


Оқушылар өз болжамдарын ортаға салады.
Әр топ өз постерлерін қорғайды,білетіндерін ортаға салады

"Екі жұлдыз, бір ұсыныс".
Мағынаны тану «Тұлғаны танып біл» стратегиясы.
( Берілген суреттердің ішінен автордың суретін табу, ол туралы не білетіндерін ортаға салу.)
Оқулықпен жұмыс.
"Ойлан.Бірік.Бөліс"әдісі
- іштей оқыту.

Ертегіні рөлге еніп сахналау.
Интербелсенді тақтадан ағащтарды көрсете отырып,тың деректер беру. Интербелсенді тақтада көрсетілген авторлардың ішінен Қ.Жармағамбетовті табады, ол туралы өмірбаянын зерттеген дарынды оқушы баяндайды.
Оқушылар мәтінді оқиды, мазмұнын жеке,жұпта және топта талқылайды.Әр топтан бір оқушы шығып, ертегіні рөлге еніп сахналайды.
Ағаштар туралы білімдерін толықтырады.
Сергіту сәті

Тапсырма

Бағалау «Қара жорға» биі.
Диалог құру
Әрбір топ мүшелері екі сұрақтан дайындап, келесі топқа қояды.. "Қара жорға" әуеніне би қимылын жасату.
Оқушылар сұрақтар дайындайды және берілген сұрақтарға жауап береді.
Смайликтер арқылы бағалау.
Ой толғаныс

Бағалау
Шығармашылық жұмыс.

І топ."Қосақ арасында щыбын
"өледі деген сөздің мазмұнын ашатындай мысал келтір.
ІІ топ. Кейіпкерге хат жазу.
ІІІ топ. Мәтінге байланысты
мақал - мәтел жазу.
Топ мүшелері берілген тапсырма бойынша өз бетінше жұмыс жасайды.

Бармақ арқылы бағалау.

Қорытынды


"Ыстық орындық"әдісі.
1. Бұл ертегіден ойыңа не түйдің?
2. Қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен?
3. Қандай қорытынды пікір айта аласың? Орындыққа отырған оқушы сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасы
Үй жұмысы беру. Мәтінді оқу.Мәтіннің мазмұнына сай сурет салу.
Бағалау
Формативті бағалау Топ басшылары өздерінің топ мүшелеріне қойған бағаларын айтады.
Рефлексия
Кері байланыс "Табыс ағашы" Оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазып, ағашқа іледі.
Категория: Казахский язык Кәдірбай Айман |
Просмотров: 1237 | Загрузок: 607
Всего комментариев: 0
avatar