Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Оқыту тиімділігінің негізі- оқу сауаттылығы
06.10.2016, 22:47

Оқыту тиімділігінің негізі- оқу сауаттылығы

Мухтизарова Б. Қ.
«Павлодар қаласы 9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебі» ММ
қазақ тілі пәні

Білім беру саласының алдындағы негізгі мақсат – оқушы бойында білім-білік, дағдыларға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімді, өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен кез-келген мәселені адамгершілік тұрғыда шеше алатын, өзіндік ойы бар жеке тұлға қалыптастыру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім жүйесі әлемдік білім кеңістігіне бетбұрыс жасауда.
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Түсініп тыңдау деңгейде жан-жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екі – үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қол білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады.
Оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой- толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі.
Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.
Қазақ тілінде тыңдағанын, естігенін түсіну біліктілігі басқа кісілермен сөйлесуге, тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырады. Шәкірттер тыңдап түсінуге арналған аутентті мәтіндермен түрлендіре жұмыс істеуге, сөйлеуге одан ары қарай жаттығады, баяндамалар жасайды. Функционалдық сауаттылықтың бір міндеті сырттай бағалау және іштей бағалау болып табылады. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері.
Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» атты модулді жиі қолдану оқушылардың білім алуында алға жылжуға септігін тигізеді. Сабақтарда осы модулді ауқымды түрде қолдансаныз, нәтижесінде оқушылардың оқуға ынталары арттып және білім алуға қызығушылықтары оянады.
Бағалау модулінің тағы бір ерекшелігі,оқушылардың оқуға ынтасын арттыру мен қатар оқушыларды өздерін бағалауға үйрету болды. Мұғалім стикерді пайдалану арқылы формативті бағалауды жүргізуі нәтижесінде оқушылардың ынталары едәуір арта бастайды. Ең алдымен оқушыларды ынталандыру үшін ынталандыру сөздерін қолдану керек. Сабақ барысында оқушы берген жауапқа «Керемет»деген сөз жазылған стикер берсеніз, ол оқушының ынтасының артқаны байқалды. Сол оқушы келесі сұрақтарға жауап беруде белсенділік танытады.
Оқушыларды формативті бағалау барысында әр түрлі стикерлерге «Жарайсың», «Өте жақсы», «Құнды идея», «Керемет» деген сөздерді пайдалану арқылы оқушылардың ынталарын арттыруға болады.
Біздің оқушыларымыздың функционалдық сауаттылығының төмендеуінің бір себебі – отандық оқулықтардың әлсіздігі. Мәселен, бұрынғы 6-7-8-сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтарында ішкі және басқа пәндермен байланысы, суреттер мен мәтіннің байланысы көрсетілмеген. Әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек. Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.Үшіншіден, өлең сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды нағыз мәнерлеп оқи білетін бала қазақ тілі мен әдебиеті теориясынан толық білімді болып шығады екен. Бұлай дейтін себебіміз, егер оқушы қазақ тіліндегі тыныс белгілерін (пунктуация) не үшін қойылатынын, әдебиет теориясында теңеу, эпитет, метонимия, метафора, т.б. сияқты ұғымдардың қандай жерлерде не мақсатпен жазылатынын білмесе, онда оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді. қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдаманы ұсынуға болады:
1.Оқушыларға бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;
4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ;
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы ;
8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың
шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін
оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін үлкен абырой, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.Астана. 2012 жылғы 25 маусым.
2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
3. ҚР Білім туралы заңнама. – Алматы, 2012.
4. ҚР білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2004.

Категория: Казахский язык | Добавил: Мухтизарова Мухтизарова Бибігүл Қоңырқызы |
Просмотров: 176 | Загрузок: 101
Всего комментариев: 0
avatar