Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


. Молдағалиев. «Мен-қазақпын» поэмасындағы патриоттық рух.
24.05.2016, 07:33

Сабақ жоспары
Сабақ эпиграфы :
«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім.
Ойлағам шалалықты кешер деп кім?
Қағазға қалдыруға асығыппын
Көңілдің қуанышын, кесел дертін».
Ж. Молдағалиев.

Күні 13.05
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 11 «А»
Тақырыбы:
-
Ж. Молдағалиев. «Мен-қазақпын» поэмасындағы патриоттық рух.
Мақсаты:
«Мен-қазақпын» поэмасының мазмұнын түсіну;
-поэманы бүгінгі өмірмен байланыстыру;
-өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау.

Міндеті:
Поэманың негізгі идеясын ашу.
Поэма желісіндегі тұлғаларға тоқталу.
Поэмадағы астарлы ойды топтық, жұптық жұмыстар арқылы көрсету.
Өз бетінше тақырыпты ашуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:
-Тақырыптың маңыздылығына атсалыса алады.
-Бірін-бірі тыңдай алады, бір-біріне сұрақ қоя біледі.
-Постер қорғау арқылы тіл байлығы артады.
-Топтық жұмысқа белсене қатысады.
Сілтеме: Оқулық, слайд, видео, фотосуреттер, таратпа материалдар
Түйінді идея: Әр қазақ баласына патриоттық рухты дәріптеу.
Тапсырма көздері:
дара топтық
жұптық
Оқуға арналған тапсырма Ж. Молдағалиевтың поэмаларын толық оқу.

Табыс критерийлері
Барлық оқушылар: Кейбір оқушылар: Жекелеген оқушылар:
а) Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі;
ә) тақырыпты аша алады;
б) білімдерін, бір - бірінің жауаптарын толықтырады. а) топпен бірлесе отырып өздерінің тың идеяларын ұсына алады;
ә) жеке тапсырмаларда белсенділік көрсетеді;
б) көшбасшылық танытады. а) Оқушылар поэмамен, әдеби теориялық ұғымдармен жұмыс жүргізе біледі;
ә) өзіндік пікір білдіру және білімді өз беттерімен реттеу сынды іскерліктері байқалады;
б) ұжымда өз ойларын еркін және терең жеткізе біледі.
Сабақ жүрісі
Ұйымдастыру.

Кіріктірілген модуль: Акт, диалогтық оқыту. 1.Сәлемдесу.
Күй тыңдау. Күй тыңдай отырып, үй жұмысы поэмадан үзінді жаттау тыңдалады.

«Бір айналым сөйлесу» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
Сұрақтар Жауаптар
Поэманың аты
Поэманың негізгі идеясы
Поэманың басталуы
аяқталуы
Поэмадағы аты аталған тұлғалар
Поэмадағы теңеулер
Поэманың саған ұнаған тұсы

«Сен маған, мен саған»
Осы сұрақтарға жауап берілген соң, жіктеу есімдігі арқылы түрлі-түсті қағаздармен топқа бөліну.
I топ. МЕН –ҚАЗАҚПЫН
II топ.СЕН ҚАЗАҚСЫҢ
III топ.ОЛ ҚАЗАҚ еңселі еліміз бар,
Сабақтың ұраны: БІЗ-қазақпыз кең байтақ жеріміз бар.

Жаңа сабақ

Кіріктірілген модульдер:
Сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (диалогтық оқыту)

Оқытудағы көшбасшылық

Таланттылық пен дарындылық.

Ой қозғау.
Көшбасшылық

Дарындылық пен таланттылық, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау

Миға шабуыл
Жас ерекшелігіне сай оқыту

Қызығушылық-
ты ояту
Бағалау Оқулықпен жұмыс. «Тірек сөздер тізбегі» әдісі

1. Мен жамбылмын...
2. Аз алған...
3. Құнықпаймын...
4. Осы ойымды...
5. Қанша бүгін...
6. Жаза алмадым...

Кубизм әдісі (қолдан, салыстыр, сипатта). Флипчарт, постер қорғау.

I топ. Қолданыңыз.
Кластер арқылы поэмаға, авторға тоқталады.
II топ. Салыстырыңыз.
Венн диаграммасы арқылы немесе постер арқылы поэманы өмірмен, басқа да патриоттық тақырыппен салыстырады.
III топ. Сипаттаңыз
Қазақ халқының бойындағы қасиеттерді сызбалық шырша арқылы мақал-мәтелдермен сипаттаңыз.
Мен -қазақпын
Қонақ келсе-құт.
Қонақжай

Видео тыңдау. Мен-қазақпын. Ерболат Құдайбергенов.
«Автор орындығы» стратегиясы. Оқушылар эссе жазады.
Егер де мен Жұбан болып жырласам...
2 сөйлем-баяндау.
2 сөйлем-сипаттау.
1сөйлем-мақалдау.
1 сөйлем ой қорыту.

Сабақты қорыту.

Т кестесімен жұмыс.

Ж. Молдағалиев. Бүгінгі жастардың көзқарасы...
«Мен-қазақпын»

Мұғалімнің қорытынды сөзі
«Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз творчествосына барынша қатал, жалпы қазақ әдебиеті алдындағы жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері».
С. Шаймерденов.
Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.
Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.


Кері байланыс. Екі жұлдызша, бір тілек
Оқушылар сабақтан алған әсерін стикер қағазға жазады.

Оқушының өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
Сабақта жинаған ұпай саны
Мұғалімнің қорытынды бағасы
Үзіндіні жатқа оқу
«Бір айналым сөйлесу» әдісі
Тірек сөздер тізбегі
Кубизм тапсырмасы

Үздік эссе
Т кестесімен жұмыс
Қорытынды ұпай саны:
Бағалаудың шарты:
7-6 б -5
5-4 б - 4
3б - 3


Астана қаласы
Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы
Сабақтың тақырыбы:
Ж. Молдағалиев.
«Мен-қазақпын» поэмасындағы патриоттық рух.
Пән: қазақ әдебиеті
Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Айтакова А. Б
Сынып: 11 «А»

Астана
2016 ж

Категория: Казахский язык | Добавил: Anar Айтакова Анар Бекболатовна |
Просмотров: 662 | Загрузок: 427
Всего комментариев: 0
avatar