Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Махамбет өлеңдеріндегі романтикалық сарын және ақын өлеңдерінің мазмұны
17.10.2015, 16:06

Күні: 10-сынып Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Махамбет өлеңдеріндегі романтикалық сарын және ақын өлеңдерінің мазмұны
Жалпы мақсаты: • Ақын өлеңдерінің романтикалық сарынын мазмұндық жағына қарай қалай тануға болатындығын білді.
• Өлеңдерін жанрлық белгілеріне қарай талдай алады.
• Махамбет ақынның суырыпсалма, өткір тілді ақын екендігін ақынның өлеңдері арқылы ұғындыра алады.
Оқу нәтижелері: • .Ақын қазақтан шыққан ер жүрек батырлардың образдар арқылы заман шындығын нақты бейнелегенін талдайды. Батырлар жырындағы образдарға ұқсатады.
Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, негізгі айтпақ ойды таба біледі.
Түйінді идеялар: Сабағымда топпен жұмыстану әдісін үйренді, топ мүшелерінің ойларын зейін қойып тыңдауы да жетіле түсті, алғашқы сабақтармен салыстырмалы түрде өз ойын еркін, батыл түрде жеткізе отырып басқа топ мүшелерінің айтқан құнды деп табатын пікірлерін дәптерге түртіп отыруды үйренді. Топтық жұмыстар негізінде топ мүшелерінің өз тобына деген жанашырлық сезімдері топ мүшелерінің бір – біріне деген достастықтарын нығайта түсті. АКТ ны мүмкіндігінше қолданады.( ұялы телефон арқылы ғаламтордан материалдар іздейді)
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Тұсаукесер
Ұйымдастыру . Кіріспе бөлімінде сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды шеңбер құрып тұрғызып шаттық шеңбері негізінде әр оқушы өзінің бір жақсы қасиетін атап шығуды ұсындым.
Үй жұмысын тексеру Махамбет пен Исатай Тайманұлының өміріне арнап жасаған таныстырылымдарын тыңдалады
Өлеңдерін жатқа оқиды
Топқа бөлу/Туған айларына байланысты/, топ ережесі еске түсіріледі; топ басшысы сайланады;
1-топ - Махамбет ақын өлеңдерінің құрылымы
2-топ. –Ақын өлеңдеріндегі романтикалық сарын.
3-топ. – Махамбет өлеңдерінің мазмұны
Оқып, топ ішінде талдап, пострға жазып, іледі. Бір оқушы оқып таныстырады.
Жекелеген оқушыға тапсырма:
1-оқушы «Егер мен Махамбет пен Исатай болсам...» шағын ой толғау жазады
2- оқушы Ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтады.
3- оқушы: Махамбет өмірі мен шығармашылығына арналған шағын сөзжұмбақ құрастырады, сыныптастарына орындатады
Бірін -бірі қолдады,мадақтады,топ басшылары топ мүшелерімен ақылдасып өзара бір-бірін бағалайды;бір біріне деген ілтипатын смайликтер арқылы көрсетеді
Кері байланыс рефлекция INSERT кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді

Махамбет шығармашылығы бойынша өткен сабақтардан нені түсіндің? Нені білдің? Нені білгің келеді?
Үйге тапсырма: 15 сұрақтан тұратын тест дайындау, шығарма жазуға дайындалу
Дереккөздер: Әдебиеттер:
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы. 1994 ж..
С.Қирабаев. «Зар заман шындығы»

Категория: Казахский язык Нугманова Жанна Кабиевна |
Просмотров: 1437 | Загрузок: 583
Всего комментариев: 0
avatar