Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Мақта қыз бен мысық
02.04.2016, 15:01

Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық. Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға ертегі мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту, сөздік қорын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, өз ойын нақты жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: жамандықтан аулақ болуға үйрету,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру,өз ойын қорғауға әрекет ету.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
• оқушылармен амандасу
• сабаққа дайындығын тексеру (нешесі,жыл мезгілі,мереке)
• психологиялық дайындық
Әрбір адам - туысым,досым,жұрағат.
Әрбір сабақ - ұғу,үйрену,ұлағат.
Әрбір ісің – тірлік,тірек,адамдық.
Әрбір сөзің – шындық,бірлік,адалдық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
дегеніміз не?
• Ертегілер неге байланысты туған?
-де адамдар нені армандаған?
неше топқа бөлінеді? -
Мақал-мәтелді жалғастыр ойыны.
1.Өтірік сөз- өрге ...
2.Әдепті бала -... бала,
Әдепсіз бала - ... бала.
3.Ашу - ...,
Ақыл-... .
3.Жаңа тақырып
Тақырыбымызды білу үшін жұмбақ шешелік «Өзі жап-жас,
Мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп-шұбар» ( мысық)
«Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысамыз.
4.Сөздікпен жұмыс.Оқу
Ой шақыру. 1-ші деңгей
Мейіз,жапырақ, жұмыртқа, дән, тышқан сөздерімен сөз тіркесін құрастыру.
5.Ертегімен жұмыс
Мұғалім оқиды. Оқушылар оқиды. Сұрақтар. (оқулықтан)
-Мысық неге барады? Сиырдың тапсырмасы 2-ші деңгей
Берілген суреттерге не істейді?сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді тауып жаз.Сөздер: шақырады,төгеді,келмейді т.б.
-Мысық неге барады? Ағаштың тапсырмасы
Мағынаны таны. 3-ші деңгей
Мына сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.
1.Мақта қыз, мысық, дос.
2. Мақта қыз, мейіз, тап, мысық, шақыр.
-Мысық кімдерді көреді? Қыздардың тапсырмасы. Венн диаграммасы.Ортақ қасиеттері.

дос

-Мысық қайда барады? Дүкенші тапсырмасы.

1.Шығарма жанры
а)аңыз ә)өлең б)ертегі
2.Ертегінің басты кейіпкерлері?
а)мысық пен тышқан
ә)Мақта қыз бен мысық
б)сиыр мен ағаш
3.Авторы кім?
а)халық ә)оқушы б) Мақта қыз
4.Бұл ертегілердің қай түріне жатады?
а)хайуанаттар ә)қиял-ғажайып б)тұрмыс-салт
-Мысық неге барады? Тауықтың тапсырмасы
Қайсысына қашан барғанын ретімен жаз.
Дүкенші Сиыр Ағаш
Қыздар Мақта қыз
Тышқан Тауық

-Мысық нені көреді? Тышқан тапсырмасы.
Мысық қайсысынан не алды?
Сиыр тары
Тауық сағыз
Ағаш қатық
Дүкенші су
Қыздар жапырақ
Тышқан жұмыртқа

6.Рөлдік ойын.(көрініс)

Қандай түйін шығады.
Ум-друг, гнев-враг.
Ақыл-дос,ашу-дұшпан.

Сабақты қорытындылау:
7.Жоспар бойынша әңгімеле.
1.Мақтақыз бен мысық - дос.
2. Мақта қыз мейіз тауып алды.
3. Мақта қыз мысықты шақырды.
4.Мысық Мақтақыздың қатығын төгіп тастайды.
5.Мақтақыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
6.Мысық сиырдан (ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан) қатық алады.
7.Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімін бағалау.

Үйге.Оқу. Кестені толтыр.

Категория: Казахский язык | Добавил: makanova555 Маканова Рысты Иманкуловна |
Просмотров: 571 | Загрузок: 386
Всего комментариев: 0
avatar