Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Ұлттық тағамдар
03.11.2016, 11:48

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы алған білімін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.Қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен тереңдете таныстыру.Қазақ ұлтының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. «Дөңгелек үстел»
Көрнекілігі: ұлттық ыдыстар ,тағамдар,сусындар, суреттер.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекші есебі, сабақтың мақсатымен таныстыру.
II.Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа сабақ
1Фонетикалық жаттығу
Дастарқан сөзінен ретімен сөздер құрап оқу. Барлығы 6 сөз (ас, астар, тар, ар, арқан, қан). Ал,ретсіз 10-15 сөз шығады(дарқан, тарақ, тас, рақат, астана,сат,қант,рас,қар,қас).
Бұл сөзді алу себебім,қазақ халқы қашан да ақ дастарқанын жайып, барын салып қонағын күткен. Біз де бүгінгі күннің дастарқанын жайып қойдық.
Сабақты өрбіту үшін бүгінгі жаңа сөздермен танысайық.
Дәм-пища, еда Ашытқы-дрожжи,закваска Қамыр -тесто
Әзірлеу-готовить Қуыру-жарить Ұн тағамдары-
Бу-пар Құрметтеу-уважать Кезектеп турау-
2 .Мәтінмен жұмыс «Ақ дастарқан»
Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Негізгі асы-сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін: ақ(сүт тағамдары),қызыл(ет) және үн тағамдары деп үшке бөледі. Қазақ халқының дастарұанында сүт тағамдары ерекше орын алады Сүттен құрт, ірімшік, қымыз,шұбат, айран, май, қаймақ сияқты әр түрлі тағам әзірленген. Еттен қазы, қарта,шұжық сияқты әр түрлі тағамдар жасаған. Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап, отқа қақтап әзірлеген. «Нан бар жерде-ән бар»деп халқымыз нанды аса құрметтеген. Нан тағамдарына бауырсақ, күлше, нан ,бәліш,т.б түрлері жатады.
3-Сұрақ-жауап. Оқушылардың білетін тағам түрлерін әңгімелету.
Мысалы: 1.Құрт-сүттен жасалады 3.бауырсақ-ұннан ашытыпжасайды
2.Қымыз-ашытып жасайды 4.Қуырдақ-еттен жасалады.

А )Мәтін бойынша сұрақтар
Б)Мәтінді мазмұндау
4-Бірақ қазақтың киелі ақ дастарқанына отыру үшін , біз жұмбақ шешуіміз керек.
1.Тақтада әшекейленіп жазылып тұрады. «Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды» ( Дастарқан)
2.Бір дария қайнайды екен көбік, Ішінде жайын да жүр михнат атып, тартып. Өткелі бар дарияның аралы жоқ, Келе ме жайын оған қайтып» (қазанда асқан ет)
3 «Сары ағаштан сарайым, Ішіне жаққан қалайым, От пенен су бір жерде, Табылып тұр әрдайым» (самаурын.)
4.Бір сусын бар жұмыртқа, Ішсең уыз ұртымда. Бәрі содан шығады Ірімшік, май, құртың да». (Сүт)
Мұғалім: Рахмет, жұмбақтар өте ұнады. Дастархан, ұлттық тағамдар туралы жұмбақ көп біледі ексіздер. Енді дастарқанның басына отыруға болады. Рұқсат!
Оқушылар жайланып дастарқанның басына отырады. -Мұғалім: Осы киелі дастарқанның үстінде қандай тағамдар бар? ---Оқушылар :-Бауырсақ,таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, сары май, қаймақ, шай, жент, талқан,қант.
-Мұғалім: Осы дастарқанға барлық тағамдар сыйып кетуі мүмкін емес. Сондықтан қазақ халқында тағы қандай тағамдар бар?
Суреттертермен жұмыс
- Оқушылар:- Ет ,сорпа, қуырдақ, құйрық ,бауыр, жал-жая ,тоқаш, қоспа, қымыз,шұбат, қатық, палау, самса, кеспе, балқаймақ,шелпек. - Мұғалім: -Өте жақсы! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы-сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін ақ/сүт тағамдары/, қызыл/ет/және/көкөніс, жеміс/ деп үшке бөлген. Ал енді, осы аты аталған тағамдардың ішінде, қай тағам ең қасиетті, киелі деп аталатын тағам? - Оқушылар:-наннан істелген тағамдар/таба нан,бауырсақ,тоқаш. Қазақ халқының басты асы-нан, нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарқанға алдымен нан қойылады. - Мұғалім:Нан туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер? - Оқушылар: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды
Нан туралы өлең
Оқушы:-Нан ардақты адал ас Кәрі, жас одан аттамас, Ақ дастарқан үстінде, Қол жумай оны ұстамас. Нандай жоқ қой асыл дәм, Жеп үйренген жасыңнан
Сайыс «Кім тез»
Қазы, қарта, жал, жая, Сүр ет, шұжық,балдай-ә? Қақтыратын тандайды, Қуырдағы қандай-ды!
Ойын «Дұрыс топтастыр»
Ақ тағам(сүт)-... , ..., ...,...,... . ұн тағамдары- ...,...,...,...
Қызыл тағамдар(ет)- ..., ..., ..., ..., ... .
- Мұғалім: Сонымен қазақтың ұлттық тағамдарын ішіп жегенде қандай әсер аламыз? - Оқушылар: қазақтың ұлттық тағамдарын жеп-іше бергің келеді. Тоймайсың. Өйткені өте дәмді, аузыңнан керемет тәтті дәм кетпейді. Сондықтан, қазақ халқына риза боласың. Қазақ халқын мақтаныш етіп, алғыс айтқың келеді
IY.Қорытындылау.
Рефлексия кезеңінде, оқушылар үлестіріп берілген парақты толтырып , тапсырады.
Білемін Білгім келеді Білдім

Категория: Казахский язык | Добавил: abishewa Абишева Майрамбике Туякпаевна |
Просмотров: 82 | Загрузок: 52
Всего комментариев: 0
avatar