Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер .Сөйлем мүшелері
16.01.2016, 13:21

Сабақ:Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер .Сөйлем мүшелері. Мектеп: «Подгорное негізгі мектебі» КММ
Күні: 08.10.2015 4-сабақ. 45 минут. Мұғалімнің есімі: Алимжарова А.О.
Сынып: 8орыс сыныбы Қатысқандар саны:13. Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Мақалдардың мағынасын түсіну, сөйлем мүшелерінің орын тәртібін білу, негізгі ойды күнделікті өмірмен байланыстыру, ойларын әсерлі жеткізу.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:Мақалдарды аударады.
Кері байланыс: Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, мәтінді түсінеді.
Кейбір оқушылар: Мақалдардың идеясын айта алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Мазмұндайды және аударады.
Мақал- мәтелдер мен тіркестер: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» т.б.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Мақалдарды талдау.
Жазылым бойынша ұсыныстар: Орфографиялық ережелерді сақтау.

Алдыңғы оқу
Өткен сабақта өтілген Глоссарийді жаттау, деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар

Мұғалімнің іс әрекеті
Сәлемдеседі.
Сыныптың психологиялық ахуалын көтереді.
Топтарға бөледі.
Тапсырмаларды орындатуда және бағалауда бағыт-бағдар береді.
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Суммативті бағалау ұпайларына сай нақты бағаны шығарады. Оқушының іс әрекеті
Ортаға жиналады.
Сәлемдеседі.
Тағам атаулары, қима қағаздарда жазылған мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарарқылы топ құрады.
Тапсырмаларды орындайды.
«Бас бармақ», «Бағдаршам» арқылы формативті бағалайды.
Табыс критерийлері арқылы суммативті бағалайды.
Басталуы
2 минут

1 минут Сәлемдесу. Тренинг: жұптасу арқылы оқушылар бір-бірлеріне қарап , «Мен өмірді сүйемін, себебі......» деп сөйлемді толықтырады.
Сергіту сәті: «Қара жорға»
Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./

Тағам атаулары арқылы үш топқа бөлінеді.
Артықова Т., Ермекбаева Г. қазақ тілі 8сынып.-«Атамұра» 2012.

Ортасы
5 минут

10 минут

1 минут
1 минут

7 минут

6 минут

1 минут

3 минут

Аяқталуы

3 минут

5 минут Сабақтың барысы:
1-тапсырма: «Қарлы кесек» әдісі арқылы Әке, Ана туралы ойларын айтады. Оқушы қайталап, өз ойын қосады. Есіне жақсы сақтаған оқушы алғыр атанады.
2-тапсырма:
«Еркін микрофон» әдісі арқылы әр топқа қима қағаздарда жазылған отбасы тақырыбына арналған мақал-мәтелдер таратылады. Топтар осы тапсырмаға қатысты басқа топтарға 4-5 сұрақтар дайындайды. Сұрақтар дайын болғаннан кейін, әр топтан тілшілер топтарды аралап, мақал-мәтелдер туралы түсініктері, мәні-мағынасы мен аудармасы жайлы түрлі сұрақтар қояды.
1. Ата – бәйтерек, Бала –жапырақ.
2. Ананың сүті- бал, Баланың тілі – бал.
3.Отбасым-алтын бесігім
4. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
5. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
6. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.
Бағдаршам арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалау.
Қима қағаздарда жазылған мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы үш топқа бөлінеді.

3- тапсырма:
«Презентация»әдісін пайдаланып, «Әкеме қарап өсемін...», «Шешеме қарап өсемін...», «Әжеме қарап өсемін...», «Атама қарап өсемін...» немесе «Әпкеме қарап өсемін...»... тақырыптар төңірегінде қалауы бойынша әр топ 1 слайд жасап, қорғайды (АКТ).

4 –тапсырма:
«Кім шапшаң?» тәсілін пайдаланып, грамматикалық тапсырма орындау. Сиқырлы шарлардан алынады:

Бас бармақ арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалау.

а) Жұмбақтарды шешіңдер:
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Ұлдардың кішісі (іні)
6. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
7.Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеген кім?
8..... не отбасынан басталады?

ә)Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңдар.
Тірек сөздер: отбасы, ата-ана, тұрмыс-тіршілік, көмек, әдеп.

Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің, -деген өлең жолдарымен сабақ аяқталады.
Табыс критерийлері арқылы өз жұмыстарын бағалайды.

Критерийлер Бағалау


Өз ойларын дұрыс жеткізе алды.
Мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсінді.
АКТ-ны тиімді пайдалана алады. Слайд жасай алды.
Слайд қорғай алды.
Антонимдерді тапты
«Кім шапшаң?» ойынына белсенді қатысты.
Сөйлемдер құрастырды.

Бір-бірін шынайы бағалай білді.

Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін, кемшіліктері туралы ауызша дәлелдейді.
Үй тапсырмасы: Отбасы туралы 3 мақал жазып, мағынасын түсіндіру.


Бағдаршам

АКТ

АКТ

Қосымша ақпарат
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға
тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
жетті талпынады
Мұғалім мен оқушылар бір-бірін қолдайды, және көмектеседі.
А – мақал-мәтелдердің идеясын ашады.

Нәтижені саралау. Сабақ мазмұнын түсінді, сабаққа белсенді қатыса алды. Презентация жасай және қорғай алды. Жазбаша тапсырмаларды орындады.
Сабақ мазмұнын түсінді, сабаққа белсенді қатыса алды. Презентация жасай және қорғай алды. Жазбаша тапсырмаларды орындады. Бірақ сөйлем құрастыруда біраз қателер болды.
«Өзін-өзі тану» , қазақ әдебиеті информатика пәндерімен және күнделікті өмірмен байланысты.
АКТ дағдылары.
Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу,
көмектесу, әңгімелесу.)
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Оқыту ортасы қандай болды? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақ мақсаттары нақты, шынайы. Бүгін оқушылар тапсырмаларды түсініп орындады, компьютермен жұмыс жасады. Әке-шешені қадірлеу керектігін және «Ұяда не көрсең, соны ілесің» дегенидеяны түсінді. Топта ынтымақтастық ахуал орнықты. Уақытымды дұрыс пайдаландым. Топтар «табыс критерийлері» бойынша бірін-бірі бағалады. Бұл бағалау мұғалімге де, оқушыға да өте қолайлы. Оқушылар сабақ барысында көп нәрсені білді.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?
1. «Презентация» әдісі бойынша жасалған слайдты жасау және қорғау табысты болды.
2. Жұмбақтарды шешуде белсенділік танытты.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1. Сергіту сәті оқушылардың көңіл-күйлерінің көтерілуіне ықпал етті.
2. Сабақта А деңгейлі оқушылардың көшбасшылығы сабаты жақсарта алды.
Сынып немесе жекеленген оқушылар туралы не білдім? «Еркін микрофон» кезінде А деңгейлі оқушылар ойларын түсінікті және дұрыс жеткізді.

Категория: Казахский язык | Добавил: shakenova84 Алимжарова Айнур Омирбековна |
Просмотров: 1125 | Загрузок: 425
Всего комментариев: 0
avatar