Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


І.Есенберлин. Өмірі мен шығармашылығы.9-сынып.
26.04.2016, 21:40

9 сынып әдебиет
Сабақ тақырыбы: І.Есенберлин. Өмірі мен шығармашылығы.
Сабақ мақсаты Күтілетін нәтиже Қолданылатын әдіс-тәсілдер Енгізілген модульдер
Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылық жолы туралы мәлімет беру. 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму бағыты мен Ілияс Есенберлиннің қаламгерлік еңбегі туралы мәлімет. Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылық жолы туралы біледі. 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің бағыты туралы біледі. Өзіндік ойын ашық айтуға дағдыланады. Топтық, жұптық талқылаулар. Белсенді оқыту әдісі. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Үй жұмысын тексеру: Білу
Оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіреді. Ғабит Мүсірепов кім?
Қандай шығармалары бар?
«Ұлпан» романындағы Ұлпан қандай бейне?
Ол «Абай жолы» романындағы қай бейнеге ұқсас?
Несімен ұқсас?
Тест-конспект сұрақтары.
1.Ғ.Мүсірепов қай шығармасында өз өмірбаяны туралы әңгімелейді:
2.Жазушының қаламгер боп қалыптасуына орыстың қай жазушыларының шығармалары ықпал етті?
3. «Ұлпан» романында не жайы сөз болады?
4. Ұлпанның ақылдылығын, еріне деген достық ықпалы жөнінде қай үзіндіде айтылған? Үзінді сөйлемін жазыңыз.
4.Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының тақырыбы:
5.Ғабит Мүсірепов қазақ ауыз әдебиетінің құнды жәдігерлерінің қайсыларын өз драмалақ шығармаларына арқау еткен? Және не себепті деп ойлайсыз?
Жаңа сабақ:
Сабақ критерийі:
20 ғасыр әдебиетінің бағыты және Ілияс Есенберлиннің шығармашылық жолы туралы білу.
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық бағыты мен Ілияс қаламгерлігінң ұқсастығын салыстыра әңгімелей алу.

Мағынаны тану:
Белгілі әдебиеттанушы Қажым Жұмалиев: «Ілияс Есенберлин – қазақ елінің тарихы мен тағдыры туралы келелі ой қозғаған қаламгер. Ол тек қана қазақ әдебиетінен емес, тарихынан да ерекше орынға ие болуы тиіс» деген екен.
Бүгін біз 20 ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ерекше орны бар жазушы Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы жөнінде әңгімелесетін боламыз.
20 ғасырда қазақ әдебиетіндегі роман жанрындағы қалам тербеген Спандияр Көбеев, Міржақып Дулатов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтармен қатар Ілияс Есенберлин де атап өтерлік жазшы. Жастайынан әке-шешеден жетім өскен Ілиясты коммунистік жорықшылар балалар үйіне орналыстырған. Онда болашақ қаламгер білім алып, соңынан Ұлы Отан соғысына майданға аттанады. Ауыр жарақаттан соң елге оралып, қаламгерлік жолына түседі.
Бұл туралы Ілияс Есенберлиннің ұлы Қозыкөрпеш естелік жазғанда айтады. Қазір оқулықтан жазушының ұлы жазған естеліктен үзінді оқи отырып, әдебиет тұлғасы жөнінде мәлімет берсеңіздер.
Оқулықпен жұмыс.
Аты-жөні:
Туған жері:
Оқу орны:
Шығармалары:

Венн диаграммасы арқылы Ілияс Есенберлин мен Ғабит Мүсірепов қаламгерлігі жөнінде салыстыра әңгімелеңіз.
Үйге тапсырма: 374-79 б.б.оқу. қ-у: «Ұлпан» романы туралы.

Категория: Казахский язык | Добавил: Nurlibek Ерназаров Нурлыбек Кошназарович |
Просмотров: 589 | Загрузок: 389 | Комментарии: 1
Всего комментариев: 1
avatar
1
Сабақ қызықты, мазмұнды жасалған деп ойлаймын. Сізге тілейтінім шығармашылық табыс пен дарынды оқушыларды))))
avatar