Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Ең үздік математик. сайысы
05.04.2015, 11:57

Тақырыбы: «Ең үздік математик» сайысы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқшыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар, слайд
Түрі: топтық сайыс
Барысы:
Жүргізуші:
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызды «Ең үздік математик» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.(топтар ортаға шығады)
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық!
Бүгін сайыс төріне,
Математика тілінде,
Есеп шешіп таласып,
Жұмбақ айтып аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Кең пейілді жігермен,
Келді міне көп білген.
Демекші енді көпшілік қауым, күш жігері шалқыған, бұл жеңіс менікі деп, артынған оқушыларымызды ортаға шақырайық.
Жоспары: Сайыс үш бөлімнен тұрады:
1. «Ғажайып жетілік» апта күндерін таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
2.«Дода» ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
3. «Бәйге» жұмбақтар мен мақалдарға жауап беру.
Жүргізуші:
Енді сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазы алқасын таныстырып өтейік.
Ойын барысы бойынша.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің қажет.
Жүргізуші:
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп, «Ғажайып жетілік» бөлімінде әркім өзі таңдаған ұяшықтарындағы апта күндерінің берілген сұрақтарына жауап береді.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Дүйсенбі:
1. Бұрышты өлшейтін құрал... (транспортир)
2.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (мм, см,дм, м, км)
Сейсенбі:
1.Көбейтудің қасиеттерін ата. (ауыс, терім, үлест)
2. Уақыт өлшем бірліктерін ата. (сек, мин, сағ, тәул, ай, жыл, ғасыр)
Сәрсенбі:
1.Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
Жауабы: түйеқұс ұшпайды.
2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең.
Ол қандай сан? Жауабы:(1, 2, 3)
Бейсенбі:
1. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап? Жауабы: (Х)
2. Ең үлкен уақыт өлшемі? Жауабы: ғасыр
Жұма:
1. 2-ге бөлінетін сандар не деп аталады? Жауабы: Жұп сандар
2. Ғасырдың жартысы неше жыл?

Сенбі:
1. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? Жауабы: Тақ сандар
2. Бойы 2 қарыс, Сыйып тұр 25 арыс? Жауабы: сызғыш
Жексенбі:
1. 90 литр сүтті 3 литрден неше ыдысқа құямыз? Жауабы: 30 ыдысқа
2. Ойлаған санды 4-ке бөліп, оған 26-ны қосқанда 30 шықты. Ойлаған санды ата? Жауабы: (16)
Жүргізуші:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей келесі бөліміміз «Дода» деп аталады.
Бұл бөлімде 10 нан бастап 40 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға уақыт беріледі.
Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
Тақырып: «Математикалық жұмбақтар».
10 ұпай
1.11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі,
2 қоян, 3 түлкі
таба алмасаң бол күлкі! (барлығы 28)
2.Бір алманы төртке бөлдік,
Бір бөлігін жеп те көрдік.
Қалған үлкен үш бөлігін,
Қасымдағы үш досқа бердім.
Қанша болды? ( 0 )
20 ұпай
1. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма. Жауабы: (24)
2. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз (цифр)
30 ұпай
1.Бір отбасында 4 қыз және әр қыздың
бір- бірден бауыры бар.
Отбасында барлығы неше бала бар? Жауабы: 5 бала
2.Қайында 10 бұтақ бар.
Әр бұтақта 4 алмадан.
Барлығы қанша алма? Жауабы: қайыңда алма өспейді.
40 ұпай
1.Екі сабақтың ортасында не бар? Жауабы: үзіліс
Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі Жауабы: кесінді
Тақырып: «Сандар».
10 ұпай
1. Табақта жеті өрік,
Қолымда бес өрік,
Қосқанда барлығы,
Болады неше өрік? Жауабы:12 өрік
2. Аулада бес үйрек
Қорада 3 үйрек,
Бір үйрек тығылды.
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? Жауабы: (8 -1-1 3 үйрек)

20 ұпай
1. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? Жауабы: 50 саусақ
2. Үш тауық 3 күнде
3 жұмыртқа табады.
12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады? Жауабы: 12/22
30 ұпай
1. 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?
2. Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер. Бұл қай сан? Жауабы: 8
40 ұпай
1. Алматыдан Астанаға дейін ұшақ
1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай?
Жауабы: (1сағ 30мин=90 мин)
2. Жанұяда 7 ер баланың бір – бірден қарындасы бар.Жанұяда неше бала бар?
Жауабы: 8
Тақырып: «Тұлғалар».
10 ұпай
1.«Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындаған күйші кім? Жауабы: Құрманғазы
2.Күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері кім? Жауабы: Ыбырай Жақаев
20 ұпай
1.Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы кім?
Жауабы: Б.Момышұлы
2.Әнұранның сөзін жазған кім? Жауабы: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов
30 ұпай
1.Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?
Жауабы: Ы.Алтынсарин
2. Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны кім? Жауабы: Қ.Мұңайтпасов
40 ұпай
1. Пулеметші,өзінің мергендігімен көзге түскен, Қазақтың қаһарман қызы кім?
Жауабы: Мәншүк Мәметова
2. Қазақтың ұлы ақыны кім? Жауабы: Абай Құнанбаев
ІІІ тур. Бәйге
Жұмбақтар:
1.Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау – звонок/
2.Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар /бор – мел/
3. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз – лук/
4.Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме. Жауабы: /Кірпі – ёжик/
5. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады /есік – дверь/
Мақалдар:
Шарты: Қойылған сұрақтарға оқушылар мақалмен жауап беруі тиіс.
1.Жыланды інінен қалай шығарамыз?
Жауабы: «Жылы- жылы сөйлесең, жылан інінен шығады».
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
Жауабы: «Білім – инемен құдық қазғандай».
3.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
Жауабы: «Көз қорқақ, қол батыр!».
4.Отқа түсіп күймеуге бола ма? Жауабы: Отан үшін отқа түс -күймейсің
5.Аппақ қарға, жұмсақ кірпі болады ма?
Жауабы: Қарға баласын аппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді
Жүргізуші:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазы сіздерге сөз береміз,
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?
Қорытынды.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Әділқазылар алқасына сөз беру.

Категория: Казахский язык бекова Қалбибі |
Просмотров: 689 | Загрузок: 456
Всего комментариев: 0
avatar