Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Cабақтан тыс іс-шара «Қош келдің, Әз Наурыз!»
03.04.2015, 13:43

Астанақаласы
«№46 Балабақша-мектеп-гиназия»кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Сергазина Жанна Елеусизовна
Каримова Сатен Мукановна
Жақсыбекова Еркежан Жақсыбекқызы

Тақырыбы: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Мақсаты: Қазақ халқының Ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Мазмұны: бүкіл тіршілік атаулының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
1-жүргізуші : - Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
2-жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салыңдар.
1-жүргізуші:
Наурыз-парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Ежелден халқымыз жаңа күнге сенім артып, сол күні күн шыққанда күнге тағзым етеді. 22- наурыз Ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, жер-ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады. Бұл күні біз наурыз мерекесін тойлаймыз. Бүгін Ұлыстың Ұлы күнін біз де тойлап жатырмыз. Наурыз құтты болсын!

Ән «Наурыз - думан» . Орындайтындар: Бекіш Іңкәр
Серікова Сымбат
Жолымбетова Аида
Би «Мереке». Абдрахманова А.
Ән «Қамажай» . Байнебек Камила. 1 класс
1-жүргізуші:
Көктем келді, бар тіршілік жайнады,
Барлық бала асыр салып ойнады.
Үлкен- кіші ұлттық киім киініп,
Наурыз тойын дүркіретіп тойлады..
2-жүргізуші:
- Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келеді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ ниетпен, ақ тілекпен қарсы алады. Міне, біздің асыға күткен жаңа жылымыз да жетті. Бәріңізге жаңа жыл бақытты жыл, береке жыл болсын!
Ән « Көктем келді», Тусупова Айгерим.
«Тәжік биі» (қобыз) Себаева Лейля.
«Қазақ биі» Бекіш Іңкәр.

1- жүргізуші:
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.

Халқыма, әдет – салтына,
Ойлана қарап түйін түй.
Ұлыстың ұл күнінде,
Жалғаса берсін ән мен күй.
2-жүргізуші:
Қазақта жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген ниетпен ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке- шешесі тірі болған жағдайда сол ата- әжесіне қойдырады. Балаға есім үш күн ішінде қойылуы тиіс. Ауылдың белсенді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын- туыспен таңдалған есімді баланың құлағына бірнеше рет қайталайды.
«Балаға ат қою» дәстүрін көрсету.
Ән . «Көктем әуені» Тусупова Алуа мен Тусупова Аружан.
Кришневская мен Айрих «Би»
«Ән»Нобель Алена
1- жүргізуші: Наурыз тойы – шаттық тойы. Наурыз тойында жастар ұлттық ойындар ойнап, өздерінің білек күшін, жүрек күшін, ептілігін, шапшаңдығын көрсете білген.
2-жүргізуші:
Жарасады міне енді,
Нағыз тойдан қашпасақ.
Таласады кім енді,
Өлең- жырдан бастасақ.
Қайғы – мұңды дәл бүгін,
Сырып, кейін тастасақ,
Кел, ортаға, би биле,
Тартынбашы, жас қазақ!
Вокал: «Отан » 2- сынып оқушылары
Фраш Лиза «Весна»(2 класс)
Би : «Весенний танец». 1 в класс
« Домбыра» Гусак Дарья
Би «Аққу» Панчук Алена
1-жүргізуші:
Той әкелген ғаламға,
Наурыз тойы аман ба?
Бас иеміз бабамыз, бас иемін саған да.
Барша жұртым аман ба?
Құтты болсын Наурыз!
Би 10-сынып
«Бальный танец» Магмуров Жанибек.
Иванова Дарья
«БИ» Нобель Алена
1- жүргізуші:
- Наурыз күні адамдар бақай есеп, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында тазаруы керек. «Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» , «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» , «Таспен ұрғанды аспен ұр» секілді нақылдарды өзек еткен ақсақалдар араз адамдарды , ағайын – туысты татуластырған, ескі жылдың дау – дамайын жаңа жылға ауыстырмай, оның қайта қозуына тыйым салған. Бір дастарханнан дәм татып, осылайша көңіл жарасымына ұмтылған.
2-жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып би-билеп,
Өнерден күмбез жасайық!

7 «С» сынып «БИ »
Өмірзақова Жансая Ән. «Бақытым»
СОҢҒЫ СӨЗ
1-жүргізуші:
- Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болып, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңызды ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын!

Категория: Казахский язык Сергазина Жанна Елеусизовна |
Просмотров: 651 | Загрузок: 477
Всего комментариев: 0
avatar