Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Cабақтан тыс іс-шара "Қадыр Мырза Әли"
03.04.2015, 13:38

Астанақаласы
«№46 Балабақша-мектеп-гиназия»кешенінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Серғазина Жанна Елеусізқызы

Тақырыбы: Қадыр Мырза Әли шығармашылығы
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың жазушысы ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығымен таныстыру.
Өлең, жырларын, әндерін орындау.
Әуен ойнап тұрады.
1-жүргізуші:
№1,2,3 слайд
- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біз Қадыр Мырзалиевтің 80 жылдығына арналған мерекелік кешке жиналып отырмыз. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұран мәтінінің авторларының бірі, ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ақын өз өмірі жайлы өлең жолдарымен былай деген екен:
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.
Мырзалының
Үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.
Жүз демеймін-
Түсінеді жөнді ұққан
Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.
Жалғыз едім өспей қойған атадан,
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!
Өлең жаздым тоғыз тарау ,
Жеті өрім.

Әмина:
Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,
Сен тұрғанда сенбеймін де, сөнбеймін!
Бақытыңды таба алмасаң сүюден,
Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін!
Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің
Отан барда сенбеймін де, сөнбеймін.
Туған жерден таба алмасаң қасиет,
Басқа тапқан қасиетіңе сенбеймін.
Михаил:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл дала деп жас тамды.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Бесінші жыл қимайды астананы

О жастық – ай алмайтын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз, өмірге көнбейтұғын.
Биге барса баратын бір топ болып
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.

№4,5 слайд
1-жүргізуші:
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балаларға арналған «Балдырған» журналында әдеби қызметкер болып бастаған.
1958-1967 жылдары «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі, «Балауса» баспасының редакторы қызметтерін атқарды. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдерін аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.
№6слайд
2- жүргізуші:
Тұрғанмен, ана, алшақта,
Ұмытпайды ұлың парызды,
Көңілім менің сен жақта
Компастың тілі тәрізді. Қадыр Мырза Әлидің анаға деген махаббатын мына өлең жолдардан көруге болады:

Жанна Елеусизовна:
Бәрі де ана
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғашқы өлең дастанды.
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп
Жасқандым ба тек өзіңнен жасқандым
Алғашқы дәм ол да сендік сүт еді
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді.
Отанымның өзі сеннен басталып
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Сафия:
Жігітке жиырма деп қараған кім?
Жігіт емес бәрі шаш тарағанның
Туған күні тумайды ер
Туады ол
Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн
Бір ұғудай ұғып-ақ алған мұны
Артық шығар марғаудан малдың құны
Өлген күні өлмейді ер
Өледі ол
Қолынан бір іс келмей қалған күні
Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар!
Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?!
Нағыз жаза-жұмысқа салу емес,
нағыз жаза- жұмыссыз қалған шығар!
1 - жүргізуші:
Сөзің семсер, ойың орда бұзады.
Өзің едің өлең - жырдың қыраны,
Кітабыңды көрген сәтте сөреден
Желкілдеді көңілімнің құрағы
Көкпарақтың сиясы әлі кеппеген
Оқымақ боп қолыма алдым еппенен
Оқығанда атойлаған жырыңды
Жүзім жылып болып кетті от денем

2-жүргізуші : Қадыр- ұлтын шексіз сүйген ақын, оның ұлтына, қазағына деген мақтан сезімін «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» деген өлеңінен көруге болады.
Власова С.: «Қазақ осы» әнін орындайды.
:№7 слайд
2- жүргізуші
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», -деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.
№8,9 слайд
Арнұр:
Ойнады Серік шынымен...
Шығарды сосын быт-шытын.
«Қайттым»-деп- -енді мұны
Таянып отыр шықшытын.
Шынылар сынып бітті деп,
Апасы жақсы көрмейді,
Оған ғой енді «жетті»-деп,
Ойыншық та әкеп бермейді.
Ауыр –ау мұны білдіру,
Жүргенде апай сыйын ап
Оп-оңай еді бүлдіру,
Жасауы қандай қиын –ақ!
№10 слайд I - жүргізуші:
Махаббат тақырыбы – қай халықтың да есігіне еніп, терезесінен жарық болып түскен ортақ тақырып. Ал қазақтың Қадыры үшін ешқашан тақырыбын жоймас мәңгі тақырып. Оның қай кітабын алсаң да «Махаббат» деген ұғымның жаңа бір ұғымын танығандай боласың.
Әмина: Махаббат поэзисы
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанда жарық қып,
Жарықта түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес жүректе-
Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспанда үзіліп
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны.
№11 слайд
2- жүргізуші:
«Табиғат» деген ұғым халық ұғымында «Туған жер» деген сөзбен мағыналас келеді. Сол табиғат тарылып, өзен – өзекке, теңіз – тұнбаға, орман – шыбыққа айналғанда ақын былайша шырқайды.

Арина:
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Даланың көзің салшы келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, түрлі әуез
Сайрайды жаңа көктем құрметіне.
Құрағы бітер көлдің жағасына.
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре беред
Інідей орын берген ағасына.
Ульяна:
Сөз-шалғыным,пішенім
Сөз-сусыным,ішемін
Сөзден асқан мата жоқ,
Содан киім пішемін
Сөздің дәмін татамын,
Сөз-қызыққа батамын.
Сөзден асқан мерген жоқ
Сол мерген боп атамын.
№13 слайд
Жансая:
Бабамыздың шоқ басқан табанымен,
Бірдей екен жақсысы жаманымен,
Бір жаманы –тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы-қимаған даланы кең.
Бір жаманы -жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы -тілге ерік берген екен,
Бір жаманы- кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы- найзагер,мерген екен.
Бір жаманы -кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы- күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы –қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы -сүйгенін алып қашқан...

№14,15 слайд
Әдемі:
Ұзақ санның шықпаспын шетіне мен,
Нөлдің өзі лақпайды бетіменен...
Бір мен онның кәдімгі арасында
Қымба маған неліктен жеті деген?
Жетіңізге талай сан іркеседі,
Жетіге жеткен бала күрт өседі.
Жаңылуды білмейтін сарапшылыр
Жеті мәрте есептеп,
Бір кеседі.
Жетімізді жазалық тақтамызға,
Жетіні есте, қанекей, сақтаңыздар!
Жерлеген соң жетісін береді ылғ,
Жеті күннен тұрады аптамыз да!
жүргізуші:
№16 слайд
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әли 77 жасқа қараған шағында 22 қаңтар күні өмірден өтті.
№17 слайд
Еркежан:
Мәңгі-бақи сақтар болсын ел есте:
Қасіретті жеңу керек егесте.
Бақытсызбын деуші болма, жігітім,
Жастығыңның өзі бақыт емес пе?
Мәңгі-бақи сақтар болсын ел есте:
Жоқшылықты жеңу керек егесте.
Жарлымын ғой деуші болма, жігітім,
Жастығыңның өзі байлық емес пе?!
Мәңгі-бақи сақтар болсын ел есте:
Қиындықты жеңу керек егесте.
Абырой жоқ деуші болма, жігітім,
Жастығыңның өзі абырой емес пе?!
Өмір бастан өткерместі өткерген:
Өлім көрген, майдан көрген, от көрген
Саған, жігіт, алмас жүзді жастықты-
Бәрін, бәрін... жеңіп алсын деп берген!
№18 слайд
«Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келеді Ескендір Хасанғалиев шетелдік сапарда жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке атамекен туралы ән жазуды қолға алды. Ән дайын болғаннан кейін Ескендір Хасанғалиев әннің сөзін жазуды ақын Қадыр Мырза Әлиге тапсырды.
5- сынып оқушыларының орындауында «Атамекен» әнін орындайды.
(Соңында сахнаға барлық оқушылар шығады.)
№19 слайд
Қазақ халқының көрнекті жазушысы Қадыр Мыза Әлиді еске алу кеші осымен аяқталды. Келесі сөз кезегі мектеп директоры Гүлмира Жаныбайқызы Байзулдаға беріледі.

Ынта қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!

Категория: Казахский язык Сергазина Жанна Елеусизовна |
Просмотров: 1218 | Загрузок: 569
Всего комментариев: 0
avatar