Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Қазақ тілінен 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары "Аққала"
15.02.2016, 23:13

Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Аққала
Сабақтың түрі аралас сабақ
Көрнекті құралдары: сөздік, тақырыптық суреттер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру. Қыс мезгілі туралы және аққаланың қалай жасалатыны туралы айта алуға үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, аудару, сөйлеу
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа сабақ
Сөздік жұмысы
Аққала - снеговик
Қар жауып тұр – идет снег
Жасайды – делают
Ағаш - дерево
1. Жаңа сөздермен таныстыру.
2. Жаңа сөздерді оқу.
3. Ойын арқылы сөздікті пысықтау.
Тапсырмалармен жұмыс:
1 – тапсырма. Сурет бойынша аққалада не бар екенін атап айтыңдар, жазыңдар.

2-тапсырмада «қар», «аққала» сөздерінің суреттері арқылы сөз тіркестерін құрату.
3-тапсырмада «Аққала неден жасалады?» сұрағына жауап алу, жазбаша орындау.
Аққала қардан жасалады. Аққала сәбізден жасалады. Аққала ағаштан жасалады.
4-тапсырма. «Тебу» сөзін жіктеп жаз.
Сергіту сәті
Қанеки балалар тұрамыз,
Үлкен шеңбер құрамыз
Қолды алға созамыз,
Отырып бір тұрамыз
Құс болып қанат қағамыз.
Орнымызды табамыз.
5 – тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.
Қазір қыс мезгілі. Қазір ақпан айы. Қыста күн суық болады, қар жауады. Балалар шаңғы, коньки тебеді. Қардан аққала жасайды.

IV. Қорытындылау
Жаңа және өткен тақырыптар бойынша бекіту сұрақтарын қою.
1. Аққала неден жасалады?
2. Аққаланың мұрны неден жасалады?
3. Аққаланың қолы неден жасалады?
V. Бағалау.
VІ. Үй жұмысы: мәтінді мазмұндау, сөздік жаттау, «жаса» сөзін жіктеп жаз.

Категория: Казахский язык | Добавил: jadik86 Жумадилова Жадыра Жумагазевна |
Просмотров: 531 | Загрузок: 380
Всего комментариев: 0
avatar