Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Қазақ тілінен 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары "Жаттығу жасайық!"
09.02.2016, 22:33

Пәні қазақ тілі
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жасайық!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мектептегі спортзал, онда оқушылардың не іс-әрекеті туралы айту, сөздік қорларын байыту, қазақ тілінде жаттығу түрлері жайында айта білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. білімділік: Тақырып бойынша жаңа сөздермен оқушыларды таныстыру, жұптық жұмыстар арқылы жаңа сөздерді бекіту. Іс-әрекетті көрсету арқылы танымдық қызығушылығын арттыру.
2. дамытушылық: лексикалық тақырып бойынша ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сөздік қорын пайдалана отырып, өзара қарым-қатынас жасату.
3. тәрбиелік: Спортпен айналасу керектігін ұғындыру, «Дені саудың – жаны сау» салауатты өмір салтын жүргізуге насихаттау.
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру.
Көрнекті құралдар: оқулық, грамматикалық кесте, тақырыптық суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.
Әдіс тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, аудару, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тіл дамыту сәті
• Мектептебіңде спортзал бар ма?
• Спортзал қай қабатта орналасқан?
• Мектеп спортзалы қандай?
• Оқушылар спортзалда не істейді?
ІІІ. Жаңа сабақты енгізу.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып айқындау.
Жаңа сөздермен жұмыс.
жаттығу –зарядка, упражнение бұр - поверни
жасайды – делают бұрыл - повернись
бел – талия қой – поставь
демал – дыши, отдохни
• Осы жаңа сөздерді оқушылар мәнерлеп оқиды.
• Сөйлемдер құрастырады.
1-тапсырма. Суретке қара. Тыңда, қайтала.
2-тапсырма. Суретке қара. Тыңда, қайтала.
3-тапсырма. Толықтырып жаз.
Сергіту сәтін орындау (4-тапсырма).
5-тапсырма. Суретке қара. Оқы, сәйкес суретті тауып айт.
7-тапсырма. Үлгі бойынша сөйле (буын түрлерін анықта).
ІҮ. Қорытынды
6-тапсырма бойынша сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау, жаңа сөздердің меңгерілетіндігін анықтау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Сөздерді жаттау; 123 бет 6-тап. (ж), 122 бет 4-тап. жаттау.
ҮІІ. Бағалау.

Категория: Казахский язык | Добавил: jadik86 Жумадилова Жадыра Жумагазевна |
Просмотров: 1311 | Загрузок: 387
Всего комментариев: 0
avatar