Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Қазақ тілінен 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары "Кітап дүкені"
31.03.2016, 15:52

Сыныбы: 2 Мерзімі: ________________
Сабақтың тақырыбы: Кітап дүкені
Сабақтың мақсаты: Дүкенге барамыз модулі бойынша оқушыларды таныстыру,оқушыларға оқу құралдарын айта білуге, пәндерді айта білуге оларды қалай қолдан алуды үйрету.Сұрақ қою/ жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік. Әңгімелеуде кітап дүкені туралы сөздерді дұрыс айтуға, дүкен түрлері онды зат атауларымен таныстыру ,берілген үлгі құрылым бойынша сұрақ қоя алу,тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту.
Дамытушылық.Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарды орынды қолдана алу.
Тәрбиелік: кітапты оқып, оны ұқыпты үстауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: суретпен жұмыс,диалог, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекілігі:кеспе қағаздар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар?
-Отырыңдар.
-Қазір қай сабақ?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ Жаңа сабақ
Айтылым. 1-тапсырма .Суретке қара.Оқы.
- Ажар, сен не сатып алдың?
-Ертегі сатып алдым.
-Ертегі қалай аталады?
-«Ақылды қарға» деп аталады.
Жазылым. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз. 142 бет
Ажар қайда барды?
Ол не сатып алды?
Ертегі қалай аталады?
Ертегі не туралы?
Айтылым. 3-тапсырма.Суретке қара.Сұраққа жауап бер.
Бұл қандай дүкен?
Дүкенде қандай кітаптар бар?
Сергіту сәті.
Оқылым. 4 –тапсырма. Үлгі бойынша сөйлес.
ІІІ. Сабақты бекіту
Бекіту сұрақтарын қою.
ІV. Үйге тапсырма:6- тапсырма,144 бет.
V. Сабақты қорытындылау
- Тақырыбымыз қалай аталды?
- Қандай сөздермен таныстыңдар?
- Не түсініксіз болды?
VІ. Бағалау

Категория: Казахский язык | Добавил: jadik86 Жумадилова Жадыра Жумагазевна |
Просмотров: 696 | Загрузок: 399
Всего комментариев: 0
avatar