Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


"Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі"тақырыбының қысқа мерзімді жоспары
24.10.2015, 12:52

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі-Қ.Р. мемлекеттік тілі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теориялық, танымдық білімдерін байқау. Тәуелсіз елдің жас ұланын еркіндікке, білімге құмарлыққа, мәдениеттілікке баулу.
Күтілетін нәтижесі: Түрлі жаттығу жұмыстарын топпен бірлесе орындау арқылы оқушылардың белсенділігі артады
Сілтеме: Қазақ тілі дидактикалық материалы 10-сынып Н.Уәли, А.Фазылжанова, А.Қобыланова
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, оқулық, семантикалық карта, дидактикалық материалдар
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Блум таксономиясы
Психологиялық дайындық: Оқушылармен бірге психологиялық тренинг жүргіземін.
І Білу
ҚР Конституциясы (1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдамасы (1996) және осыларға негізделген ҚР Тіл туралы Заңы (1997) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тілге –қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.
ҚР қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарттары бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, Республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірлің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Міне, осы айтылғандардың барлығы қазақ тілінің ҚР мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне аса қажетті алғышарттардың жеткілікті және қазақ тілінің ішкі әлеуеттік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді.
ІІ Түсіну Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады:
Басқару ақпарат білім беру мен тәрбие (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп) ғылым мен техника (ғылыми –зерттеу мекемелері) қоғамдық ғылымдар жаратылыстану мен нақты ғылымдар техникалық және қолданбалы ғылым экономика ғылымның жалпы ортақ салаларында ғылымның салааралық түрлерінде бұқаралық ақпарат құралдары мен іс жүргізу саласында дене тәрбиесі спорт туризм денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде қоғамдық тамақтандыру орындарында мәдени мекемелерде (театр, кино) дипломатиялық қарым-қатынаста әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда өндіріс және өнеркәсіп орындарында ҚР өтетін республикалық, республикааралық, халықаралық, құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындрда, т.б.
дәстүрлі тұрақты

стильдік тармақтары сараланған қазақ тілдік нормасы бар

жалпыхалықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл
Мемлекеттік тілдің жоғарыда аталған қоғамдық қызметін мінсіз атқаруы үшін оның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі нормаларын қатаң сақтау, жарыспалы қолданыстарды (босаң нормаларды) ғылыми негізде саралап, тиімді нұсқаларын сөздіктер мен грамматикаларда дер кезінде заңдастырып отыру аса қажет. Тілдік нормамен байланысты мұндай шаралар мемлекеттік тілдің мәдениетін көтереді.
ІІІ Қолдану Дидактикалық материалдан алынған 74-тапсырма
Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып мақал мәндес сөйлемдер құраңдар.
Ананың сүті, ақылды әйел, асыл жар, ана жақсылығы, қыз-қонақ.
1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
2. Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар
3. Асыл жар-ердің сәулеті
4. Жақсы әйел-ырыс, жаман әйел-ұрыс
5. Жақсы қыз-жағадағы құндыз
ІҮ Талдау 42-тапсырма
Шешен- сөзді ұтымды, орайлы қолданатын адам
шешен – зат есім, негізгі, дара, жалпы, адамзат, деректі,
сөзді-зат есім,

орайлы -қатыстық сын есім
қолдан – етістік
атын –есімшенің жұрнағы
адам –зат есім

1. Оқушы3 – зат есім. Кім барады? Оқушы.
2. Бастапқы формасы: оқушы.
Тұрақты белгілер: дара, туынды, жалпы, жанды, деректі;
Тұрақсыз белгілер: жекеше, атау септік.
3. Кім барады? Оқушы (бастауыш).
1. Барады3 – етістік. Оқушы (не істейді?) барады.
2. Бастапқы формасы: бар.
Тұрақты белгілер: дара, туынды, болымды, салт;
Тұрақсыз белгілер: ауыспалы келер шақ.
3. Оқушы (не істейді?) барады (баяндауыш).

омжда жеті модульді ықпалдастыру
шеберлік сынып
іс- әрекетті зерттеу
тәжірибе алмасу тема оқыту

Ү Жинақтау
«Кім жылдам» ойыны. (Семантикалық карта)
Мысалдар
Эвфемизм Дисфемизм Тұрақты тіркес

1.Жүрек жұтқан +
2.Өсекші +
3.Ит өлген жер +
4.Соқыр +
5.Аяғының сылтымасы бар +
6.Жерге кіре жаздады +
7.Бармағын тістеу +
8.Аузы жеңіл +
9.Топас +
10.Құлаққа ұрған танадай +
11.Сөзуар +
12.Саңырау +
13.Кірерге тесік таппау +
14.Мұрнын көкке көтеру +
15.Қолы ашық +

ҮІ. Бағалау: Формативті бағалау. «өте жақсы», «жарайсың» сөздері арқылы ынталандыру.
ҮІІ. Үйге: 43-тапсырма
ҮІІІ. Рефлексия:
«Плюс-минус - қызықты (интересно)
Плюс-сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты болды.
Минус- оқушыға не ұнамады, қызықсыз болып көрінді.
Қызықты-бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты фактілер туралы жазады. Сабақтың жағымды жақтарын.

Категория: Казахский язык | Добавил: meslamova Шарипова Гульмира Аширбековна |
Просмотров: 1173 | Загрузок: 603
Всего комментариев: 0
avatar