Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Қазақ еліне саяхат
11.12.2014, 10:57

Шараның тақырыбы: Қазақ еліне саяхат

Мақсаты:
 Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
 Топта бірлесе жұмыс істеуге үйрету;
 Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
 Ұйымшыл болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайд, бағалау парағы, тест, музыка, АКТ

Аида: Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

Асем: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

- Аида: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. ҚР - ның Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар ҚР - ның Ата Заңы - Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол - әрине, қазақ тілі. Сондықтан да ҚР - ның әр азаматының парызы - тілді білу, құрметтеу.

Асем: Тіл қай халықта болмасын қастерлі. Бүгінгі біздің сабағымыз – ерекше сабақ. Ол –
қазақ тілінің білгірін анықтау. Бүгінгі сабақтың тақырыбы « Қазақ тілі еліне саяхат» деп аталатын шарамызға қош келдіңіздер! Ойыншылар, сіздерге сәт сапар тілейміз!

Асем: Сайыстың ережесі:
1. Тыныштықты сақтау.
2. Бір - бірін тыңдау.
3. Ойын қысылмай айту.
Сайыс 7 турдан тұрады.

Аида: Сайыс болғаннан кейін оның жеңімпазы да болады.
Әділдікпен баға берер ұл мен қызға
Әділдікпен қара қылды қақ жаруға
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Өнерліні таңдап бүгін алуға , - дей отырып бүгінгі жеңімпазды анықтайтын қазылар алқасын сайлайық.
Олар: біздің сүйікті мектеп мұғалімдері.
Асем: Бүгінгі сапарға екі топ қатысқалы тұр: бірі- 9 «А» класс оқушылары, екінші топ- 9 «Б» оқушылары. Алдарыңызда 7 бекет кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.

Асем: Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп.
Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек.

Аида: 2 «Үміт» бекетінің шарты- кезектесіп мақал-мәтелдерді жалғастыру:
1. Жақсы сөз- (жарым ырыс)
2. Балапан ұяда не көрсе, (ұшқанда соны іледі).
3. Ананың көңілі балада,
(Баланың көңілі далада).
4.Әдепті бала-арлы бала,
(Әдепсіз бала-сорлы бала).
5.Жақсыдан үйрен,
(Жаманнан жирен).
6.Ата-бәйтерек, (бала-жапырақ)
7.Ұлдың ұяты-әкеге, (қыздың ұяты-шешеге)
8.Астың дәмін тұз келтірер, (ауылдың сәнін қыз келтірер).
9.Әке көрген оқ жонар, (шеше көрген тон пішер)
10.Шешен сөз бастар, (батыр қол бастар).
11.Атаңның баласы болма, (адамның баласы бол).
12.Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар).
13.Еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)
14.Атаңа не көрсетсең, (алдыңа сол келеді).
15.Жігітке ..(жеті өнер де аз)
16.Жеті атасын білмеген- (жетесіз).
Асем: 3. «Қайрат» бекеті . Қызықты грамматика.
1-топқа
1.Сөз құрамы неден тұрады? (Түбір, жұрнақ, жалғау)
2.Сан есімнің түрлері. (есептік, реттік, жинақтық, топтау,бөлшектік, болжамдық,)
3.Қосымшаның түрлері? (жұрнақ, жалғау)
4.Тұрлаулы мүшелерді атаңыздар. (бастауыш, баяндауыш)
5. Балаларына,қайталадым сөздерді құрамына талдаңыздар.
6.Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді? (дара, күрделі)
7. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай қандай болады? (хабар, сұр, лепті,бұйрықты)
8. Үнді дыбыстар саны қанша?Атап шығыңыздар
9. Етістіктің шақтарын атаңыздар. (осы, өткен, келер)
10. Буын түрлерін айтыңыздар. (ашық, бітеу, тұйық)

2топқа:
1. Жұрнақ түрлері (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
2. Сөздер тұлғасына қарай қандай болады? (негізгі,туынды)
3. Есімдіктің түрлерін атаңыздар (жікт, сілт, сұр, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау,өздік)
4.Жалғау түрлері (септік, жіктік, тәуелдік, жіктік)
5. Сөздерді құрамына талдаңыздар: күйшілерді, білімімді
6. Сын есімнің шырайлары? (жай, салыстырмалы, күшейітпелі)
7.Күрделі сөздердің түрлері? ( біріккен, қысқарған, тіркесті, қос сөз)
8.Тұрлаулысыз мүшелерді атаңыздар. (пысықтауыш, анықт, толықт)
9. Қай септік жалғауы үндестік заңына бағынбайды? (Көмектес септік)
10. Ұяң дыбыстар саны қанша?Атап шығыңыздар
Аида: 4. «Ғалым» бекеті. Ережесі: Әр топқа жазбаша тест түрінде сұрақтар беріледі. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап берулері тиіс. Нәтижесін қазылар алқасы сайыс соңында айтады. Әр дұрыс жауапқа -1 ұпай.

Асем: 5. «Арман» бекеті Шарты- тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу:
1. Ала жібін аттамау – ұрламау
2. мұзға отырғызып кету-алдау
3. көзді ашып-жұмғанша-тез
4. екі езуі екі құлағына жету-қуану
5. жүзіктің көзінен өткендей – сұлу
6. көзіңнің қарашығындай сақтау- қорғау, аялау
7. қол ұшын беру-көмектесу
8. ақыл қосты-дұрыс кеңес берді
9. қойдан жуас-момын
10. сөздің майын тамызу-әдемі сөйлеу
11. арасынан қыл өтпейді-өте тату
12. көзінің ағы мен қарасындай- ең қымбат
13. ақыл таразысына салды- ойланды
14. әңгімесі жарасты- жақсы сөйлеу
15. жұлдызы оңынан туу- жолы болды
16. талағы тарс айырылу- қатты ашулану

Аида: 6. «Дәстүр» бекеті
Алдарыңызда берілген ұяшықтың әрқайсысында сұрақтар жасырылған. Шешуін тапқан топ өз тобының қоржынына сонша ұпай салады.

Асем: 7. « Өсет» бекеті. Шарты- нақыл сөздерді жалғастыру:
1.Үш жұрт: өз, нағашы, қайын
2.Үш арсыз:тамақ, күлкі, ұйқы
3.Үш қонақ:арнайы, құдайы, қыдырма
4.Жеті қазына:қару-жарақ, ер жігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, ілім-білім, құмай тазы, қыран бүркіт
5.Қазыбек би өмірде не қымбат екенін айтты? Отан, әкең, анаң
6. Үш бақытым: халық, тіл, Отан
7.Төрт ана: туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, туған тарих

Аида: Сонымен сайыс өз мәресіне жетті, қазылар алқасы өз міндетіне кіреседі, ал топ мүшелері қонақтарымызға музыкалық сыйлық дайындаған екен. Тыңдап көрейік.

Асем: Сөз кезегін әділ қазылар алақасына береміз.
Аида:Сонымен «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алаған топ…
Бірге: Жеңімпазды құттықтаймыз!

Категория: Казахский язык Рахметова Сауле Жанабиловна |
Просмотров: 1545 | Загрузок: 893
Всего комментариев: 0
avatar