Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Ашық сабақ "Қарындасым билейді" 4 сынып
08.11.2015, 22:11

4 сынып қазақ тілі

Тақырыбы:«Қарындасым билейді»
Оқыту мақсаты: тақырып бойынша жаңа мәлімет алып, әңгімелей білу.
Күтілетін нәтиже:
1) Жаңа тақырып бойынша әңгімелей алады..
2) Өз ойларын жеткізеді.
3) Грамматикалық тапсырмаларды орындайды

№ Сабақ кезеңі Жұмыс түрі Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1 Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу ( би түрлерімен)
Фонетикалық жаттығу
Біз балдырған баламыз,
Оқып білім аламыз.
«Айгөлекті» билесек,
Бақытты, шат боламыз Сыныпты топқа бөледі
Топқа бөлінеді.
Оқушылар тыңдайды ,
қайталайды.
Мүмкіндігі бар оқушы жатқа айтып береді

2
Жаңа сабаққа дайындық
Кел, билейік» әнін тыңдату

ИБТ-да презентацияда суретті көрсетіп.
Сабақтың тақырыбын анықтайтын сұрақтар қояды:
Мұғалім сұрақ қояды
Балалар, тыңдаған музыкаға не жасауға болады?

Біз бүгін не туралы айтамыз? Оқушылар жауап береді.
Билеуге болады

3 Ой қозғау. Кластер құрастыру

Бақылайды. Кластерді толтырады
4 Грамматикалық тақырыпты қайталау:
Биле деген сөзді жіктеу
Мен билеймін Біз билейміз
Сен билейсің Сендербилейсіңдер
Сіз билейсіз Сіздер билейсіздер
Ол билейді Олар билейді

Қарындас деген сөзді септеу
Қарындас
А.с қарындас
І.с қарындастың
Б.с қарындасқа
Т.с қарындасты
Ж.с. қарындаста

Мұғалім бақылайды, тексереді. Оқушылар орындайды
5 Жаңа сабақтың тақырыбын ашу Сөздік жұмысын өткізу
би
биші
халық биі
Оқушылар сарайы
билейді
сүйікті ісі
Жаңа сөздерді сурет және іс-әрекет арқылы көрсетеді

Тыңдайды,көреді,қайталайды,
еске сақтайды
6 Мәтінмен жұмыс .
1.Менің қарындасым бар. Аты – Сара. Ол биші. Сара театра жұмыс істейді. Сүйікті ісі – би. Ол әр түрлі би билейді. Би костюмдері көп. Олар әдемі. Сара – өте жақсы биші.
2. Бұл – Дина. Ол – менің қарындасым . Дина екінші сыныпта оқиды. Біз бірге сабақ оқимыз. Мен қарындасымды оқушылар сарайына апарамын.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Ол би билеуді жақсы көреді
Мұғалім оқушыларға мәтінді таратады.


Жеке жұмыс:оқушылар оқиды,тыңдайды,
түсінеді.
Топтық жұмыс:
1топ. Мәтінге сұрақтар құрастыру. Топ ішінде әр оқушы:сұрақтар құрастырады,топта талқылайды.
2 топ. Мәтін аяқта.
3 топ . « Менің қарындасым» деген әңгіме құрастыру
7
Сатылай сөйлем құрастыру.
« Би»
Мен биледім.
Мен би биледім.
Мен екі би биледім.
Мен екі жақсы би биледім.

Қарындасым биледі.
Қарындасым би биледі.
Қарындасым бір би биледі.
Қарындасым бір қазақ биін биледі. Мұғалім бақылайды,
көмектеседі, жауаптарын тыңдайды

. Оқушылар сөйлемді сатылай құрастырады..

8 Жаңа сабақты бекіту Диалог

Жұптасып « Қарындасым билейді» деген тақырыпқа диалог құрастыруға бағыт береді.
Жұптасып диалог құрастырып, ортаға шығып оқиды.

9 Үйге тапсырма беру Мәтінді әңгімелеу Мұғалім түсіндіреді. Оқушы тыңдайды.
10 Рефлексия Жұлдыз - тілек .
Қазақ биін орындау

Категория: Казахский язык Жусуппекова Дина Ескеновна |
Просмотров: 803 | Загрузок: 440
Всего комментариев: 0
avatar