Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Ғарыш айлағында Жалқы есім және жалпы есім.
23.02.2015, 18:26

11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш айлағында Жалқы есім және жалпы есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Жұппен жұмыс жасай білуге , бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Батырлардың портреттері, венн диаграммасы, сөз жұмбақ.
Түрі:аралас
Әдісі:түсіндіру, көрнекілік қолдану, әңгімелеу, көркем сөз оқу, жұппен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
2-жаттығу. Сөздерді оқып, кім? не?сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек
жаз.
кім?----------------- не?
ата ----------------- кірпіш, тауық
апа ----------------- шыны, кептер
ағатай ------------- сағат
інішек ------------- қанат
III. Өткен материалды пысықтау.

IV. Жаңа сабақты үйренуге дайындық.
Жер кіндігі-Байқоңыр.
Қазір адамзат өз өмірін ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуірінде
Ю. Гагарин алғаш ұшқанда, ешкім де дәл бүгінгідей, жаңа технологиялар шығып, ғарыштан бақылайтын заман болатынын білмеген. Ғарышты игеру өмірдің барлық саласына жаңалық әкелді.. мәселен, ауыл шаруашылығын дамуы үшін, ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткіліктігі бақылануы тиіс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады.
Жалпы Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерісін, атмосферасын зерттейді. Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады.

Ой-қозғау: Ғарыш дегеніміз не?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Слайд, суреттер көрсетіледі.
Адам ерте кезден –ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?

1-оқушы:Негізі ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағына жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.

Топтық жұмыс.
I топ: Өлең шумағынан кісі аттарын ата.
II топ:Өлең шумағынан жер-су аттарын ата.
III топ: Берілген сөздерден жануарларға арнайы қойылған атауларды ата.

Жалқы есім:
Кісі аттары: Абай, Ақан, Біржан
Жер-су аты: Атырау, Алтай, Арқа
Жануарларға арнайы қойылған аттар: Құлагер, Бөрібасар, Ақтабан

Жалпы есім: ата, әке, аға;
Жалпы зат атауы: орындық, теледидар, шкаф; сиыр, түйе, ешкі.

V. Жаңа сабақты қабылдау, меңгерту.
«Тұлғаны таны»ойыны арқылы 1- жаттығуды орындау. Аталған батырлар туралы
әңгімелеу.

VI. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.
Күннің ретін жазу.
Көркем жазу. Б әріпі.
2-жаттығу. Мәтінді оқып, жалқы есімді теріп жаз.
Бейнесөз шешу:Алматы, Астана, Ақтау.

Біржан ------------------ Сырдария --------------- Алатау
Естай -------------------- Ақтау
Ақан -------------------- Көкшетау
3- жаттығу. Алдымен кісі аттарын, содан соң жер-су аттарын жаз.
Алтынай, Түркістан, Қарағанды

Шығармашылық жұмыс.
4-жаттығу. А әрпінен басталатын қала аттарын тауып жаз.

Жұмбақ шешу. Жұмбақтағы ел атауларын тап.
Аралайық әлемді,
Берем дерек, дәлелді.
Табыңдаршы өздерің,
Жұмбақтадым қай елді?
Айтыңдаршы ал енді,
Тундрасы бар елді. (Ресей)

Базары көп , тола адам,
Ала тақия, ала шапан. (Өзбекстан)
Мұнараны ең алып,
Алған қайсы ел салып. (Франция)
Айтыңдаршы , ал енді,
Шай мен пілі бар елді. (Үндістан)

VII. Жаңа білімді бекіту, қорыту.
Жалқы есім ------------------------------------------------------------------- Жалпы есім
Кісі аттары ---------------------------------- Кім? Не? -------------------- Жалпы зат атауы.
Жер-су аттары. ------------------------------- Зат есім
Жануарларға арнайы қойылған аттар.

VIII. Үйге тапсырма:5-жаттығу. Ереже жаттау.
IX. Бағалау.

1991 жылы 2-қазанда Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні. Кім не десе де қазақ ғарышының тарихы осы күннен басталады. Сол үшін де бұл күн – қазақ үшін тарихи күн. Айдарынан жел ескен Алаш баласының аспан әлеміне жол тартқан күні. 2 қазан сонысымен қымбат, сонысымен құнды. Егер шындығына келсек қазақтың ғана емес күллі түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері. 2001 жылы Стамбул қаласында «Түріктің тұңғыш ғарышкері» атағын Түркия елі берді.
Биліктің Тоқтар батырды таса да ұстағысы келгеніне қарамастан Тоқтардың кім екенін тағы бір еске түсіріп өту үшін атқарған еңбектерін парақтап шықсақ.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988),Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. 1988 жылы кеңес одағында алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жанармай құйдыру арқылы солтүстік ендікке қонбай ұшуды ерлікпен жүзеге асырды. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13”кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. 1991 Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 — 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 — 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — Ғылымжәне жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесініңдепутаты — Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.


Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.

1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде.
1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған.
1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
Ғарышқа ұшуы
1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).

Категория: Казахский язык Галеева Әлия Тастанбекқызы |
Просмотров: 855 | Загрузок: 614
Всего комментариев: 0
avatar