Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


3-сыныпқа арналған қазақ тілінен сабақ жоспары "Дүкендер"
25.11.2015, 20:22

Тақырыбы: Дүкендер
1.Дүкендер туралы алған білімдерін кеңейтеді.
2.Сөздік қорын байытады. Материалдарды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра отырып, тілдесу әрекетін жандандырады. Әр оқушы білім сапасын оқу, тыңдау, жазу, айту әрекеттері арқылы дамытады.
3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі, тыңдайды, бір-бірінің ой-пікірін сыйлауға үйренеді. Тілге деген қызығушылықты артады; азық – түліктің маңызын түсінеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылған әдіс тәсілдер: «Негізгі идеяны суреттеу»,іздену,ой-қозғау
Сабақтың ұйымдастыру формасы: топпен.
Көрнекліктер:Ақ плакаттар,суреттер,клей,сөзжұмбақ т.б.
Техникалық құралдар :телевизор, компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері:
-Балалар келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып, бір-бірімізбен амандасайық.
Оқушылар хормен:1 минут
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба , Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!
ІІ. Топқа бөлу.
Ал, балалар, сабақта жұмысты жақсы орындау үшін көңілімізді көтерейік.
ІІІ.Бейнеролик көрейік. 1 минут 2.03
ІV.Тақырыбымызды шығарып алу үшін сөзжұмбақ шешейік.Аудар.1минут.2.04

1.звук Д
Ү 2.дом
К 3.платье
4.рубашка Е
Н
5.хлеб
V.Тақырыпқа байланысты слайдтар көрсету. 1 минут.2.05
Мұғалім: Балалар, біз сендермен қандай дүкендерді білеміз?
Ойыншық дүкені.
Азық-түлік дүкені .
Кітап дүкені.
Киім дүкені.
VІ.Сөздік жұмысы.Жақсы, балалар, ендеше жаңа тақырыбымызға қатысты сөздерді хормен қайталайық.
Шұжық
ет
қант
балық
нан
қаймақ
ірімшік
алма
Май
алмұрт
кәмпит
айран
сүт
жұмыртқа
VІІ.Қызығушылықты ояту.
А)«негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы бойынша дүкен туралы не білетіндерін қағаз бетіне түсіру
Ә)шағын топқа салу. Плакат арқылы ойларын шығару.
Б)Орталарынан 1 спикер шығарып , плокатқа жазғандарын қорғау.
Коллажбен жұмыс. Балалар, қазір сендердің алдарыңда ақ плакат пен суреттер жатыр. Сол плакатқа өздеріңнің дүкендеріңе қатысты суреттерді тауып жапсырасыңдар. Сосын соны қорғайсыңдар,тақырыптарыңа байланысты сөйлемдер құрастырыңдар.Осыны орындауға 10 минут беремін.2.15
Оқушылардың жауаптарын бағалау (смайликтермен бағалау).
ІХ.Фонеткалық талдау. 5 минут.2.20.Әр топқа бір сөзден. Талдаймыз, сосын оқып береміз. 1-топ. қуыршақ сөзіне фонетикалық талдау жасау
2- топ.қонжық сөзіне фонетикалық талдау
3-топ . ұшақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.
VІІІ.Сергіту сәті. 2 минут 2.22.
Х. Дәптермен жұмыс.5 минут.2.27
1,2,3- тапсырманы орындаймыз.
1-тапсырма.Сөздерді көшіріп жаз.
2-тапсырма. Сөйлемді толықтырып жаз.
3-тапсырма. Азық-түліктің атауларын жаз.
ХІ.Топта диалог құрастыру. 5 минут.2.32.
Әр топқа өздерінің дүкендері бойынша екі оқушыға сөйлету.
Бір оқушыға үйде жаттап кеген өлеңін оқыту.
ХІІ. Деңгейлік тапсырмалар орындау. 5 минут.2.37
1 - деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Магазин, груша, молоко, колбаса, масло.
2 - деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Вкусная колбаса. Большое яблоко. Красная клубника.
3 - деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Я масло купил. Мама капусту купила
ХІІІ.Қорытындылау. Сұрақ-жауап. Бағалау. 3 минут.2.40
1.Қандай дүкендерді білесіңдер?
3.Кітап дүкенінде не бар?
4. Ойыншық дүкенінде не бар?
5.Киім дүкенінде не бар?
6 Азық- түлік дүкенінде не бар?.
Орнымыздан тұрамыз.
Киімдердің атауын естігенде қолымызбен шапалақтаймыз, ойыншықтардың атауын естігенде аяқпен жерді тебеміз,азық түлікті естігенде ,басымызды айналдырамыз.
Айран,сүт,машина,жейде, тон,нан, колғап, қуыршақ, қант, көйлек,шұжық, жұмыртқа,балмұздақ, қонжық, ұшақ,май, машина.

ХІV.41.1 минут.Балалар, тақтаға қараңдар.Сендердің алдарыңда смайликтер жатыр. Егер сабақ ұнаса, осы смайликті көрсетіп тақтаға іліңдер.
Егер сабақ ұнамаса, осы смайликті көрсетіп тақтаға іліндер.
- Сендердің бағаларың.
ХV. Үйге тапсырма: ас тақырыбына 3 мақал-мәтел тауып жаттап келу.
- Бүгінгі сабақ аяқталды. Назарларыңызға көп рақмет. Балалар тұрыңдар. Сау болыңыздар!

Категория: Казахский язык Капбасова Айжан Кабкеновна |
Просмотров: 1080 | Загрузок: 575
Всего комментариев: 0
avatar