Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Арман болған ақ боз ат… (О. Бөкейдің Тортай мінер ақ боз ат… шығармасы бойынша )
22.01.2015, 17:20

Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Арман болған ақ боз ат… (О. Бөкейдің Тортай мінер ақ боз ат… шығармасы бойынша )
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген шығарма бойынша білімдерін жинақтау. Автор көтерген мәселе арқылы оқушылардың арман туралы түсініктерін тереңдету. Кейіпкер бейнесін ашу.
Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу.
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, кітап оқу арқылы рухани байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Ізденіс, пікірлесу
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық слаид
Пайдаланған әдебиет: О. Бөкей шығармалар жинағы
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушының сабаққа қатысы, дайындығы)
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру (Оқушылар бүгін біз ойлануға бағдар беретін қалпақтармен жұмыс істейміз)
Сабақтың эфиграфы: Өзгеше біткен қазақтың,
Өнерпаз ұлы дара бір.
Жасадың ғұмыр аз-ақ күн,
Жасамай елу және бір...

І. Дидактикалық кезең: Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
О. Бөкей өмірі, шығармалары, қазақ әдебиетіндегі көрнекті өкілдердің пікірлері, марапаттаулары.
Әңгіме қай жылдарды қамтиды?

ІІ. Дидактикалық кезең: Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
Шығарманың сезімге әсер етуі.
Міндеті: Достық дегенді қалай түсінесің?
Тортайдың ақ боз атты түсінде көруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Дидактикалық кезең: Қара (тұман, тылсым) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
Ораш осы кітапты сен оқышы, жазушы болшы деп үміт артуы. Кітапты көп оқып, қоғамға бірдеңе айтқысы келеді, бірақ мүмкіндігі жоқ.

IҮ. Дидактикалық кезең: Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
Арман орындала ма?

Ү. Дидактикалық кезең: Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Шығарманы салыстыру кестесі

Шығарманың тақырыбы О. Бөкей
“Арман болған ақ боз ат...” С. Мұратбеков “Аян” Ш. Айтматов “Ақ кеме”
Оқиға орны Салықсалған Ешкіөлмес Ыстықкөл
Кейіпкер Тортай Аян 7 жасар бала
Идеясы Соғыстан кейінгі Тортайдың ауыр өмірі, арманына қол жеткізе алмауы. Соғыс жылдарындағы жетім қалған Аянның көп ертегі білетіндігімен баурап алуы. Ақылдылық, қайратқа жеңдіруі. Ой қиялының ұшқырлығы. Табиғатқа жаны ашыған періште сәби жүрегінің жаралануы, жауыздық әлеміне қарсылығы.
Компоненттік құрылысы Оқиғаның басталуы Жетім Тортай 7 жасар баланың Ақ кемені аңсауы
Дамуы Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы Аян деген баланың көшіп келуі Ол екі ертегі білетін...
Шиелінісі Ертекшіл Тортай Әжесінің қайтыс болуы. Жалғыз қалған Аянның Бопай шалдың үйіне көшіп келуі. Бұғы Ананың келуі
Оқиғаның шарықтау шегі Қиял арманына жетелеуі Жусан иісті шикелді иіскеуі, әкесін аңсауы Табиғатты тонау Оразқұл озбырлығы
Оқиғаның шешімі Автор ойы Аянның жетім балалар үйіне тапсырылуы Баланың суға кетуі

ҮI. Дидактикалық кезең: Жаңа идеялар ағымы
1. Тортай, Аян армандарына неге жете алмады?
2. Кейіпкер тағдырына қандай көмек берер едің?
3. Бүгінде жетім балаларға қандай мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде?
4. Ораш Тортайға шығып неге сәлем бермеді деп ойлайсыңдар?
5. Тортай неге “ұйықтап жатыр” деген Орашты оята алмады?

Фариза Оңғарсынова “Мұқтаждық немесе жетімнің монологі”

ҮII. Дидактикалық кезең: Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
Ойды саралау, жинақтау, жалпы көзқарастарын бағалау
1. Бүгінгі сабағымызда талқыланған тақырыбымыздың шынайылығы неде?
2. Бұл дүниеде пір тұтар жалғыз-ақ нәрсем бар. Ол - кітап...
3. Кітаптың адам үшін қандай маңызы бар?
4. Түстерден не ұқтыңдар?

Түйін: Теңіз суының дәмі тамшысынан білінеді, аз сөзбен мол мағына, терең талғам бере алатын әңгіме оқу арқылы Оралхан үлкен парасатпен айтатын сирек суреткер екенін ұғынамыз. Суреткер шығармасының жаратылысы мен сымбаты мейілінше бөлек, өлмейтін ой, сөнбейтін сезім, тәңірлік тылсым тілі дарыған, тағдыры тұңғиық, терең тамырлы сөз иесі.

IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма: Баяғыда бір жетім бала болыпты… Ертегіні аяқтау

Категория: Казахский язык Хашуова Анар Серикабыловна |
Просмотров: 1504 | Загрузок: 610
Всего комментариев: 0
avatar