Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


« Ананың тілі –жүректің үні» атты сайыс сабақ
12.11.2015, 18:46
Қаратерек орта мектебі

Сайыс сабақ

« Ананың тілі –жүректің үні»

Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-
Мусекенова Б.О.

Мақсаты: Ана тілінің және мемлекеттік
тілдің маңызы туралы түсінік беру.
Әдет-ғұрпымызды сақтауға,мемлекеттік тілімізді қастерлеуге және басқа ұлт тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тіл туралы жазылған ойлы сөздер,қазақтың
Бес арысы мен қазақтың үш бәйтерегі атанған ақын-жазу-
шыларының суреттері.
Кіріспе сөз. Тіл-ұлттық белгі,халықтық мұра,дүниетаным
құралы.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.
Ананың ақ сүтіне,уызына жарыған адам қашан да
Отаншыл,ұлтжанды болмақ.
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі-тіл.
Ата заңның 7-бабында «ҚР мемлекеттік тілі-қазақ тілі деп көрсетілген.
Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің ана тілін және мемлекеттік тілді құрметтейді.
Ж.Аймауытов «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай
тұрып,өзге пәндерді түсіну мүмкін емес..».деген.
О,Адамдар,қадіріне жетіңдер,
Ана тілің-анаң, сылап өтіңдер.
Әркімнің туған тілі-туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.
Сабақтың барысы: Топпен жұмыс.Сайыс
1-тапсырма: Таныстыру.Топтың аты.Сәлемдесу.
1-топ: Тұлпар. Ұраны: «Досы көпті жау алмас».
2-топ: Қызғалдақ. Ұраны: «Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін».
2-тапсырма: Тіл туралы өлең шығару.
--------- ------- сүйемін, ------ ------- ән-жыры,
-------- ------- өлеңім. ------ ------- сырым.
-------- ------ асыр сап, ------- ------- арналат,
------- ------ келемін. ------- ------- өнер.
3-тапсырма. Мақал-мәтел жарысы.
Бірінші топ мақалды бастайды,екінші топ аяқтайды.
Тұлпарлар: Бал тамған тілден....... Қызғалдақ: У тамар.
3-тапсырма: Тыйым сөздер айтып жарысу.
Тұлпарлар: Үйді айналып жүгірме,аяғыңды көкке көтерме.
Қызғалдақ:Есікті керме,бос бесікті тербетпе т.б.
Тұлпар мен Қызғалдақ сөздерінен бірнеше сөз құрастыру
1-топ: Тұлпар,ұлпа,ұрла,тара,артар,тұр пұл, ұл,ар.
2-топ:Қыз,дақ,қыл,қалғыз,қалғы,қадақ,қағаз,қазғыз,алда:
4-тапсырма Сұрақ-жауап
Тұлпар тобына: Тіл туралы заң қашан қабылданды?
Қызғалдақ тобына: Мемлекеттік тіл туралы Ата заңының қай бабында айтылған?
5-тапсырма. Тіл дамыту.
Егер мен...
1. Мектеп директоры болсам
2. Әкім болсам.
3. Президент болсам.
Берілген үш тақырыптың бірін таңдап алып,мәтін құрастыру.
Қорытынды. Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі
Жеңімпаз топ мадақталады.
Категория: Казахский язык | Добавил: meslamova Мусекенова Ботагоз Орынбаевна |
Просмотров: 1051 | Загрузок: 595
Всего комментариев: 0
avatar