Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


«Ана тілі – құламайтын бәйтерек»
24.12.2014, 13:18

8 «Б» класс оқушысы Вишенина Ксенияның орындауында «Ақ көгершін» әні
Фанфары:
Каиржан:Армысыздар құрметті қонақтар, ана тілін ардақтаған асыл азаматтар!
Аида: Қайрлы күн ұстаздар мен мен оқушылар! Ана сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің құдіреттілігіне, байлығына, қасиеттілігіне баға жетпейді. Қазақ тілі – туған тілім, бабам тілім, дана тілім, бал тілім – дегендей бүгінгі «Ана тілі – құламайтын бәйтерек» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуына қош келдіңіздер!
ҚР. әнұраны орындалады
Гуллара «Үш бақытым» М. Мақатаев
Асем «Туған тілім» Д. Әбілев
Диана «Ана тілі»
Аида:
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!
Каиржан: Құттықтау сөзі қазақ тіліміздің жанашыры, мектеп директорының оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Дәулетова Жансауле Дәулетоваға беріледі.
Асем: - Лиза, мен саған “осы тіл не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр.
Лиза: - Құрбым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай “Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?
Асем: - Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
Миша: - Ой, Асем...айтасың-ау. Кез келген адамның өз анасы бар емес пе? Сол сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
Бекарыс: - Балалар, ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.
Аида: Ана тілі туралы өлеңдер тыңдап көрейік.
Өлеңдер оқылады.
Вика: - Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңде ме?
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.
Айнур: - Ақын апаларымыз да тіл туралы тамаша өлеңдер шығарған.
Тұрсынхан Әбдірахманова деген әрі ғалым, әрі әнші, әрі ақын апамыз былай депті:
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
Турлан: - Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
Руслан А.: - Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген –
Халқын сүйіп жарытпас.
Гуллара: - Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
Руслан К.: Қазақ тілі туралы елбасы Н.Ә.Назарбаев не деген екен, тыңдап көрейік. (видео)
Асем: - Президент айтқандай, мемелекеттік тілді, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.
Бәрі: Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!
Аида: «Тіл – мәдениет, тіл – әдебиет, тіл – тарих. Енді бір сәт тарихымызға көз салайық. Ел мен елді бітістірген, халық пен халықты достастырған, адам мен адамды табыстырған, ел дауын, жер дауын екі ауыз сөзбен әділ шешкен бабаларымыз кімдер? Әрине, билер. Олай болса, ортада сахналық көрініс «Төле бидің төрелігі»
Каиржан: Ертеде Шу өзенінің бойына арғын мен үйсін тайпалары таласқа түседі. Сол кезде:
Руслан Төле:
Ақты ақ деп бағалар
О, игі жақын ағалар
Өзегі талса ел біткен
Өзен бойын жағалар
Турлан би: «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без»деуші еді. Мына бала кім өзі?
Руслан Төле: О, би аға,он үште отау иесі емес пе
Кінәлімін бе келіп қалсам он беске
Сөз сөйледім бұйыра көрмеңіз айыпқа.
Алакөз болу ағайын адамға лайық па?
Турлан Би: Жасы кіші демеңдер, ақылы асса аға ғой. Балам, ағалық билікті саған бердім.
Руслан Төле: “Сары табақтан сарқыт қайтады” деген, билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын.
Турлан: Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ақ маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол
Аида: Қазыбек биге бір адам: “Кім жақын, не қымбат, не қиын?” деген үш сұраққа жауап беріңізші, - деп қиылып отырып алыпты.
Ақтан: Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын.
Инабатты болса, келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың – шөберең жақын,
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.

Аида: 1989 жылы 22-қыркүйекте қабылданған Тіл туралы заңда «Тіл – халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Бірақ бұл күнге жету үшін тіліміз талай қиындықтан өтті. Интерактивтік тақтаға назар аударайық! (10 «А» класс ұсынған слайд, видео)
Кайржан:Тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Әрқашан ойларыңыз да, тілдеріңіз де таза болсын!Тіліміз жасай берсін!
Ән «Жаса, қазақ тілі» орындайтын 10 «А» класс
Аида: Бүгінгі кеш әрі қарай мұғалімдердің сабақтарында жалғасын табады. Бүгінгі «Ана тілі – құламайтын бәйтерек» атты кешті мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Өз тілін жетік біліп, үйренсе кім
Ең жақын ұрпағы сол Жиреншенің
Замандас, сергіт ойды, заман туды
Қолыңа тіл тағдыры тиді сенің.
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты
Бәрі енді өзімізге байланысты
Қаумалап тік көтеріп әкетейік
Қанатын жаға ғана жайған істі.
Каиржан: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Осымен қазақ тілі мен әдебиет апталығының ашылуы аяқталды. Назарларыңызға рахмет.

Категория: Казахский язык Рахметова Сауле Жанабиловна |
Просмотров: 1745 | Загрузок: 801
Всего комментариев: 0
avatar