Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Конспект урока на тему "Қайталау сабағы" в 5 классе
12.11.2016, 14:46

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың міндеті: Мәтінмен жұмыс жүргізу , оқу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты:
1. Тапсырма орындату арқылы оқушылардың грамматикалық, лексикалық тақырып бойынша алған білмдерін бекіту.
2.Жаттығу жұмыстарын орындату, сөз тіркесін, сөйлем құрастыру жұмыстарын іске асыру. Білімдерін молайту.
3.Сауатты сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Модуль құрамын айту.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
ІV. Фонетикалық талдау жасау.
Сыныптағы үш топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын алады.Дайындыққа 4
минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.
1-топ: көмек; 2-топ: жігіт; 3-топ: үлкен.

Жауап үлгісі
1-топ
Көмек, кө-мек– екі буынды, 1-ашық, 2-бітеу буындар
к – дауыссыз, қатаң;
ө – дауысты, еріндік, ашық, жіңішке;
м – дауыссыз, үнді;
е – дауысты, езулік, қысаң, жіңішке;
к – дауыссыз, қатаң.
Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.
Жауап үлгісі
2-топ
Жігіт, жі-гіт – екі буынды, 1-ашық, 2-бітеу буындар
ж – дауыссыз, ұяң;
і – дауысты, езулік, қысаң, жіңішке;
г – дауыссыз, ұяң;
і – дауысты, езулік, қысаң, жіңішке;
т – дауыссыз, қатаң.
Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.
Жауап үлгісі
1-топ
Үлкен, үл-кен – 2 буынды, 1-тұйық, 2 - бітеу буындар
ү – дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке;
л – дауыссыз,үнді;
к – дауыссыз, қатаң;
е – дауысты, езулік, қысаң, жіңішке
н – дауыссыз, үнді;

VІ. Сөздік жұмыс.
сараңдық – жадность менмендік – высокомерие
жалқаулық – лень қорқыныш – страх
екіжүзділік – двуличие кемшілік - недостатки
қарапайым – скромность

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Арманның сараңдығы, інісінің жалқаулығы, ...
4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

VІ. Мәтінімен жұмыс. 4-тапсырма Сөйлемдерді оқып, аудару. Еске сақтау. Зат есімнің жалғауларын анықтау.
Жазылым. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырманы жазбаша орындау. Асты сызылған сөздердің орнына жалқы есімдерді қойып жазу
Жауап үлгісі
Арманның атасы ағаш екті.
Арман ағашты күнде суарды.
Ағаш биік болып өсті.
Арманның достары да келесі жылы алма ағаштарын екті.

2-тапсырма. Сұраулыө шылаулардың тиістісін қойып сұраққа жауап беру.
«Бәйтерек» ойынын ойнату. Шарты: оқушылар һздерінің жауаптары дайын болған соң, бір-біріден ортаға шығады да, тақтада ілініп тұрған «Бәйтерек» макетіне қарай 5 қадам аттайды. Әр қадам сайын сұрақ оқып және оған жауапты айтады. Тапсырма тез орындалуы тиіс.
VІІ. Оқылым 3-тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу.

VІІІ. Сабақты қорыту. 5-тапсырма Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, зат есімддердің тәуелдік жалғауларын тауып, қандай жақта тұрғанын анықтау.
Менің кітабым (1 жақ) бар.
Атам (1 жақ) ертегіні оқып берді.
Маған әжем ( 1 жақ) балмұздақ сатып алды.
Үй тапсырмасы. Ана, әже, іні сөздеріне тәуелдік жалғауын жалғау.
Бағалау.

Категория: Казахский язык | Добавил: adilhanova59 Адилханова Райкул Малгеждаровна |
Просмотров: 69 | Загрузок: 41
Всего комментариев: 0
avatar