Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


5 сынып, Қазақ тілінен ашық сабақ.Тақырып: Тағам түрлері
09.06.2016, 16:09

5 сынып
Сабақ тақырыбы: Тағам түрлері. Сын есім
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ұлттық тағам түрлерінен мәлімет беру. Сын есімді түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, қадірлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Оқулық, суреттер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырып.
Сөздік жұмыс:
тағам түрлері – виды блюд
ірімшік, сүзбе– творог
мал шаруашылығы-скотоводческое- хозяйство
қуырдақ- жареное мясо қазы, қарта, жал, жая –лакомые куски конины
шелпек - лепешка дәлелі - доказательство шұжық –колбаса ерте замандарда –в давние времена
құрт – сушенный молочный продукт қаймақ – сметана
шұбат – шубат (верблюжье молоко)


1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқындар. Бір-біріңе сұрақ қойып, сөйлесіндер.
Тағам түрлері
Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтардың негізгі асы-сүт пен ет. Тағам түрлері өте көп олар: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұн тағамдары. Еттен жаслатын тағамдар: қуырдақ, құйрық -бауыр, шұжық, қазы, қарта, жал, жая. Сүт тағамдары: айран, қатық, қымыз, шұбат, қаймақ , сүзбе, құрт, ірімшік, май. Ұн тағамдары: бауырсақ, шелпек,таба-нан,куырмаш. Халқымыз нанның қасиетін ерте замандарда-ақ білген.
«Дәнді шашпа, нанды баспа» деген ескерту нақыл сөздері осының дәлелі.

Сын есім
Заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есім қандай? қай? сұрактарына жауап береді.
Мысалы: ақ, көк, тамаша,ащы, тәтті.

Сын есім жасайтын жұрнақтар

-қы, -кі
-ғы, -гі

-лық, -лік
-дық, -дік
-тық, -тік

-лы, -лі
-ды, -ді
-ты, -ті

-сыз, -сіз қыс+қы, кеш+кі
жаз+ғы, күз+гі

қала-лық, әке+лік
туысқан+дық, шетел+дік
жолдас+тық, президент-тік

тау+лы, өнер+лі
орман+ды, көл+ді
ұлт+ты, көрік+ті

ақыл+сыз, білім+сіз
3-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңдар.
Қуырдақ, бауырсақ, шелпек, таба–нан, ірімшік, қаймақ, құрт, май, қымыз, айран, шұбат
Тасымал
Сөзді жазған кездегі оның жолға симай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.
Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы: тағамдар сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: тағам – дар, та - ғамдар.



5. Мақал-мәтелдердегі сөздерді тасымалдап жазыңдар.
1. Ас адамның арқауы. 2. Ет етке, сорпа бетке. 3. Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды.
Үлгі: Ас адам-ның ар-қауы.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сын есімді қойып жазыңдар.
Мен ... бауырсақ пісірдім. Сен ... қуырдақ жедің. Біз ... қымыз іштік.
Мен ... май сатып алдым. Олар ... қаймақ әкелді.
Керекті сөздер: суық, ыстық, тәтті, дәмді, сары, ақ.

1. «Тағам түрлері» тақырыбына 6 сын есім жазып, олардан сөз тіркестерін құраңдар.
1. Берілген сын есімдерді пайдалана отырып, тағам түрлері туралы айтып беріңдер.
Ыстық, тәтті, сары, суық, жұмсақ.
Бекіту: Сөздерге жұрнақтарды жалғап, сын есім жасаңдар.
Жылқы, ұлт, бас, ет, тағам (-лы, -тық, -ты -ті, -ды)
Халық, жер, шұжық, қымыз (- тық, -лік, -тық, -дық

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 2. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойыңдар.
Үлгі: Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі.

1. Еттен ¬¬¬¬¬_______ тағамдар жасайды .
2. Қазақтың _______тағамы - ет .
3. Қуырдақ_______ қуырылған.
4. Жылқының еті _______ жерде тұрса да қатпайды .
5. Жылқының еті _______ және _______ болады.

Керекті сөздер: әр түрлі, суық, сінімді, жұмсақ, басты, дәмді.

Категория: Казахский язык | Добавил: Sapar2016 | Теги: түрлері, Тағам, 5 сынып Искаков Сапаржан Ракимжанович |
Просмотров: 680 | Загрузок: 405
Всего комментариев: 0
avatar