Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


3 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары "Жануарлар әлемі"
06.11.2015, 00:16
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінде
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: көптік жалғауларды қайталау, мінезді білдіретін сын есімді қолдану және орын тәртібін білу. Жануарлар туралы білімдерін нығайту.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдырларын арттыру, сөздік қорын байыту, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, өзі жүрген ортада тазалық сақтауға шақыру.
Көрнекілік: суреттер, жазулар, карточкалар.
Оқыту әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс.
Сабақтың түрі: саяхат-сабақ.
Сабақтың формалары: топтық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың уәждерін көтеру «Шаттық шеңберді» құру
Топқа бөліну үшін суреттерге бөлінеді 1топ-үй жануарлары, 2 топ-аңдар, 3топ - құстар
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Сүйікті жануарына сипаттама береді.
 Саған қандай жануар ұнайды?
 Ол қайда тіршілік етеді?
 Оның түсі қандай?
„Қара жорға„
ІІІ. Сабақтың тақырыбымен мақсаттарымен таныстыру.
 Бүгін сабақта біз жануарлар әлеміне саяхат жасаймыз, яғни жануарлар түрлерін мекендейтін орындарын және грамматикалық жұмыс арқылы қайталаймыз, бекітеміз. Біріншіден жануарлар туралы әңгімелейік. Жануарларға нелер жатады?
 Үй жануарлары, жабайы аңдар, құстар.
 Ал, енді саяхатымызды бастайық.
Үй жануарлары
 Үй жануарлары бізге қандай пайда береді? Біз оларды қалай күтеміз?
Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жаз.
• Тұрады, қорада, үй жануарлары.
• Мысық, ішеді, сүт.
• Күзетеді, ит, үй.
Құстар (диалог жүргізу)
- Сен қандай үй құстарын білесің?
- Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.
- Ұй құстары пайдалы ма?
- Иә пайдалы.
- Олар адамға не береді?
- Олар жұмыртқа, ет, жүн береді.
Тапсырма. Келесі сөздерді дұрыс қойып сөйлем құраңдар және аударыңдар.
1. Үй, жұмыртқа, құстары, адамға, жүн, береді.
2. Құстар, құртады, зиянды, жабаййы, жәндіктерді.
3. Хабарлайды, туралы, көктем, құстар.
 Біз жануарлар үшін не істейміз?
IV. Қорытынды. Бағалау.
- Саған сабақ ұнады ма?
- Смайликтер арқылы сабақтың ұнағанын көрсетіңдер.
- Тақтадағы «Кері байланыс» плакатына стикерлерді іліндер. Рахмет!
V. Үй жұмысы. Сөздерді қайталау, диалогты жаттау.
Категория: Казахский язык Ахметова Айгуль Кайратовна |
Просмотров: 696 | Загрузок: 422
Всего комментариев: 0
avatar