Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » История [ Добавить материал ]


ЖАППАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ ҮРДІСІНДЕ ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ
05.11.2016, 20:53

1-слайд
Заман талабына сай, бүгінгі күнде мұғалімге қойылатын талаптар ерекше болып отыр. Озат тәжірибелерді,түрлі педагогикалық әдістерді ,жаңа технологияны ұжымда енгізу ,пайдалану ,нәтижені дамыту;өз білімдерін жетілдіру кезінде оқушылардың білім сапасын көтеру мақсаттары қойылуда. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа биылғы жылы жолдаған жолдауында білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз деп аталған. 2015 жылға қарай білім беру ұйымының 50 пайызы Электронды оқулықты пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады деп жоспарланған. Осы мақсатқа жетуде білім саласын жаңғыртуда алға қойылған міндеттер қолға алынып, бүгінгі күнде жүзеге асырылуда. Мұндай игі істер тек қана қала мектептерінде ғана емес, сонымен қатар ауыл мектептерінде де жүргізіліп жатыр. Біз, Қарағаш орта мектебінің мұғалімдер ұжымы, мультимедия кабинеті іске қосылғаннан бері, «Жаппай сапалы білім беру шарты ретінде оқыту үрдісін технологияландыру» пилоттық жобасы бойынша сабақтарымызда электронды оқулықтарды қолдана бастадық.
2-слайд, 3-слайд, 4-слайд
2010 жылдың аралығында өткізілген «Жаппай сапалы білім беру шарты ретінде оқыту үрдісін технологияландыру» пилоттық жобасына мектебімізден 6 пән бойынша 10 мұғалім қатысты.Мектепте негізгі пән болып саналатын Қазақстан тарихы пәні бойынша құрастырылған ұллтық ақпараттандыру орталығының эксперименттік мектептерге жіберген электрондық оқулықтары профессор Гүл Құмашқызы Нұрғалиеваның авторлық технологиясы бойынша құрылған . Қазақстан Республикасының Жалпы міндетті орта білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған.

5-слайд, 6-слайд
7- сынып Қазақстан тарихынан электрондық оқулықта жыл бойы өтетін материалдар 5 модульге топтастырылған.
Яғни, элетронды оқулықпен оқытудың мазмұны модульдік технология бойынша “Қазақстанның ортағасыр тарихы” модульдерінен тұрады.
• Алғашқы Түрік мемлекеті
• Гүлденген ортағасыр дәуіріндегі Түрік мемлекеті
• Шыңғысханның Қазақстанды жаулап алуы
• Орта ғасырдағы феодалдық мемлекеттер
• Қазақ хандығы

7-слайд
Сонымен қатар, электрондық оқулық
• 24 жанбітірімдік (анимациялар)
• Анықтамалық бөлімдер
• “Хронология”
• “Глоссарий”
• “Тарихи тұлғалар”
• “Тарихи оқиғаны бағалау” - сияқты бөлімшелерден тұрады.

7-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен элетрондық оқулық оқытудың оқу-әдістемелік, қосымша дидактикалық құралы ретінде қолданылады. Пилоттық жоба бойынша өткізген сабақ барысында электронды оқулықты пайдалану және оқушылардың онымен жұмыс жасау дағдылары жайлы, сіздер, үзінді видео материалдан тамашалай аласыздар.
(Видео)

8-слайд, 9-слайд,10-слайд
Электорондық оқулықтарда жаңа мультимедия-технологиялар арқылы оқу мазмұнын түсіндіруде суретті материалдарды қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Оқушылардың біліктері мен дағдыларын бекіту алуан түрлі, соның ішінде тарихи карталармен жұмысқа бағытталған, интерактивті тапсырмалар, анимациялар көмегімен іске асырылады. Алған білімнің объективті бағалауы болып нәтижесі сызбалар арқылы көрсетілген компьютерлік тестілеу табылады.

11-слайд, 12-слайд,13-слайд
Электрондық оқулықтар сабақта ғана емес, үйде де өз бетінше жұмыс жасауға арналған. Сондықтан, оқу сапасын тек қана оқушы емес, ата-ана да талдай алады. 7-сыныпта 12 оқушы болса, солардың сегізінің үйінде жеке компьютерлері бар, және ата-аналары балаларымен электорондық оқулықпен, интернет желісімен жұмыс жасай алады.

14-слайд
Осындай жұмыстар нәтижесінде 1-тоқсан қорытындысымен салыстырғанда
2 - тоқсаннның оқу үлгерім сапасы арта түсті. Егер 1-тоқсанда оқу үлгерім сапасы – 61 % болса, 2-тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім
сапасы – 75 % пайызды құрады.

15-слайд
Сонымен, электронды оқулықты сабақта қолданудың артықшылықтары:
- Графикалық нәтижені тек оқушылар өздері ғана емес, олардың ата-аналары да талдай алады.
- Компютерлік оқыту үрдісі бойынша қызғылықты
- Балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады.
- Көріп есте сақтау қаблеттерін, ой-өрісін дамытады.
- Үй тапсырмасын орындауда уақыт үнемделеді

16-слайд
Бүгінгі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде, осындай электронды оқу құралдырын дер кезінде еңгізу, әрбір ұстаз өз ісінде иновациялық әдістерді пайдалану, білім сапасын жаңа деңгейге көтереді. Сапалы білім еліміздің дамуының негізі болмақ.
17-Слайд
Назарларыңызға рахмет!

Категория: История | Добавил: shamahanu | Теги: заман, сабак, слайд Куттыгожин Нурлан Сапарулы |
Просмотров: 91 | Загрузок: 59
Всего комментариев: 0
avatar