Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » История [ Добавить материал ]


"Франция" дүниежүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары. 8 сынып
30.10.2015, 13:40

8 сыныпқа арналған дүниежүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Франция. Мақсаты:ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Францияның саяси-экономикалық дамуы туралы білім беру. Үй тапсырмасы тест орындалғаннан кейін,жоспар бойынша келесі мәселелер қарастырылады.
Вена конгресі. 1814 ж.,Бурбондарды қалпына келтіру. 1815-1830 жж.,1830 жылғы революция, Франциядағы Шілде монархиясы. 1830-1848 жж. 1848 жылғы революция. Франциядағы Екінші республика. 1848-1852 жж. Париж жұмысшыларының маусым көтерілісі. 1848 ж. 23-26 маусым. Франциядағы Екінші империя. 1852-1870 жж.Франция-Пруссия соғысы. 1870-1871 жж. Париж Коммунасы. 1871 ж. 26 наурыз.Үшінші республика. 1870, 1875 ж. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы Франция. Бұл тақырыпта Франция тарихын 19-20 ғасырдағы өте күрделі кезең қарастырылады. Революциялар, соғыстар. Бұл сабақ жоспары негізінен мұғалімге қалай бұл тақырыпты оңай өту жолы қарастырылған. Ең негізгі оқиғалар арқылы оқушылар тақырыпты меңгереді, тірек сызба немесе кесте толтыруға болады. Сабақ соңында тест аоқылы бекітіп сабақты қорытындылауға болады.

Категория: История | Добавил: Сэм Аралов Самат Бейсембаевич |
Просмотров: 2974 | Загрузок: 969
Всего комментариев: 0
avatar