Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » История [ Добавить материал ]


Қазақстан территориясындағы көне түркілер
23.12.2016, 14:15
Сыныбы: 5
Пәні: Қазақстан тарихы
27 қазан 2015жыл
Сабақтың аты §8 Қазақстан территориясындағы көне түркілер
Жалпы мақсаты 1.Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
2.Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;
3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже Түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы және мәдениетімен таныса отырып, топтасып жұмыс істеуге бір – бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, Ойлан бірік. бөліс, Венн диаграмасы, Инсерт,

Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, ноутбук
Тапсырмалар 1.Ой қозғау
2.Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)
3. Жұптық жұмыс (Инсерт),Сен-маған,мен-саған
4.Жеке жұмыс (Деңгейлік тапсырма)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы іс-әрекеттері)
І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (2-минут) назарын сабаққа аудару
1.2. Топқа бөлу ( 4 топқа бөлінеді) (қызыл,көк,сары, ақ түсті таратпалар арқылы) ( 2 -минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау . Жеке жұмыс .Деңгейлік тапсырма (3 минут)
2.1 Жаңа сөздерге анықтама беру
1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы-____________________________
2. угор /естек/- ______________________________________________
3. Рим империясы - ___________________________________________
4. Боспор патшалығы-_________________________________________
5. вестгот, остгот-___________________________________________
6. Византия, феодалдық-_______________________________________
7. дәуір, эфталит -____________________________________________
8. ақ ғұн - ____________________________________________________

Бағалау: Мадақтау

2.2 Топтық жұмыс Картамен жұмыс (5 минут)
1-топ тапсырмасы Ғұн империясының орналасуы
2-топ тапсырмасы «Еділ – Ғұн мемлекетінің әйгілі билеушісі» деген тақырыпта әңгіме дайында. Ғұндардың мәдениеті
3-топ тапсырмасы Ғұндардың өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелеп бер. Ғұн империясының ыдырауы
4-топ тапсырмасы «Мөде – Ғұн елінің билеушісі» деген тақырыпта әңгіме дайында.

Бағалау: Екі жұлдыз,бір ұсыныс





ІІІ. Жаңа сабақ «Ой қозғау» топтық жұмыс

ҒҰН ТҮРІК сөздеріне (3 – минут)

3.1 Мәтінмен жұмыс (10 – минут)
Мәтінмен танысып болған соң хронологиялық кесте құру
Жеке жұмыс (деңгейлік тапсырма) 5 -минут

Маңызды даталар Болған оқиғалар
Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.
542 жыл Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.
VI ғ-дың ортасына дейін Түріктердің жужандарға бағынышты болуы.
552-555 жылдар Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы.
552-744 жылдар Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.
552 жыл Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.
552-553 жылдар Қараеске кағанның билік етуі.
553-572 жылдар Мұқан қағанның билік еткен жылдары.
VІ-VІІ ғасырларда Түріктердің қолдауымен Жетісуда, Жоңғарияда, ШЫҒЫС Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда мекендерінің құрылуы.
VII ғасырдың басында Азия кеңістігі үлкен аумағының Батыс жөне Шығыс Түркі державаларының колында болуы.
603жыл Түрік қағанаты Батыс Түрік қағанаты және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлініп кетті.

Бағалау: Смайлик
Бекіту: Мен-саған,сен-маған сұрақ – жауап жұптық жұмыс
1. Түркі дәуірі немесе көне түркі дәуірі деп қай кезеңді айтамыз?
2. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?
3. Ежелгі түрік мемлекеті қалай аталды? «Қаған», «қағанат» сөздерінің анықтамасын айт.
4. Түріктер мен жужандар арасындағы соғыс қай жылдары болды?
5. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.
6. Түрік хандарының сенімді көмекшілері болғандар?
7. Түрік қағандығы халқының басым бөлігінің негізгі кәсібі не болды?
8. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?
9. Түрік қағанатының негізін салушы кім?
10. Қағанат құрамына қандай тайпалар кірді?

V. Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау
Рефлексия 2 минут
Сабақтың жабдықтары Мультимедиа, интерактивтік тақта, флипчарт, маркер, қарындаш
Үйге тапсырма Мәтінді оқу. Жұмыс дәптерлерін құрастыру.Контур картамен жұмыс
Келесі оқу § 8 Қазақстан территориясындағы көне түркілер
Категория: История | Добавил: Шарипжон_Тажибаев Тажибаев Шарипжан Усенович |
Просмотров: 184 | Загрузок: 88
Всего комментариев: 0
avatar