Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » История [ Добавить материал ]


"Қазақстан тарихы пәнінен олимпиада тапсырмалары" 8 сынып
09.11.2015, 09:55
Тарихтан олимпиада тапсырмалары. 8 сынып.
Өту уақыты - 2 сағат (90 минут)
Орташа ұпай саны - 50

І. Хронологиялық тізбекте орналастыр. (1 ұпайдан. Барлығы - 4 ұпай).
1. Қалмақ қырылған» шайқасы
2. Қарақұм кеңесі
3. Аңырақай шайқасы
4. Орбұлақ шайқасы

ІІ. Дұрыс тізімге келтір. Сенің шешімінің принципін ата. (1 ұпайдан. Барлығы - 4 ұпай).
1. Алтын Орда, Жошы ұлысы, Түрік қағанаты, Қазақ хандығы, Әбілқайыр хандығы
2. Қасым, Керей, Есім, Хақназар, Тәуекел, Жәңгір, Тәуке

ІІІ. Бұл кімдер? (1 ұпайдан. Барлығы - 4 ұпай).
1. Қ.Жалаири а) «Түрік тілдері сөздігінің» авторы
2. М.Қашғари в) «Жами ат-тауарих» еңбегінің авторы
3. Ж.Баласағұн с) «Құтадғу білік» тарихи және әдеби шығармасы, поэмасы
4. А.Йассауи д. «Диуани-Хикмет» авторы

ІV. Қате жауаптарды тап. (1 ұпайдан. Барлығы - 2 ұпай).
1. ХV ғ. 50-70 жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны: 200 мың адам
2. ХІV-ХV ғғ. х/а қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты: «Мухаббатнама»
3. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық: Моғолстан
4. ІХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан, Шығыстың атақты ғалымы: Ә.Фараби

V. Дұрыс жауапты тап. (1 ұпайдан. Барлығы - 2 ұпай).
1. Қасым ханның қол астындағы халықтың саны: 1 млн адам
2. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы: Айша бибі кесенесі 3. М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығының құрылған мерзімі: 1466-1467 ж
4. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы: Дешті Қыпшақ жері

VІ. Оқиға мен жылдарды сәйкестендір. (1 ұпайдан. Барлығы - 4 ұпай).
1. 1761 жыл Орта жүз қазақтарына Ертістің оң жағына мал жаюына рұқсат берілді
2. 1718 жыл Бұқтырма бекінісінің негізі салынған жыл
3. 1799 жыл қараша Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
4. 1801 жыл 11 наурыз Семей бекінісінің салынуы

VІІ. Берілген ұғымдар нені білдіреді? (1 ұпайдан. Барлығы -4 ұпай).
«Жұт» -
«Ордабасы» -
«Алаш» -
«Көшпелі өзбектер» -

VІІІ. Сәйкестік еместі тап. (1 ұпайдан. Барлығы -4 ұпай).
1) Қасым, Тәуекел, Тәуке, Есім, Бату.
2) Кенесары, Сырым, Исатай, Абылай.
3) Исатай, Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Найрызбай.
4) Әбілқайыр, Нұралы, Ералы, Айшуақ, Әбілмәмбет.

ІХ. Сөйлемді аяқта. (1 ұпайдан. Барлығы -4 ұпай).
1. ХVІ ғ. жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы ...
2. Қазақ хандығының негізін салушылар ...
3. Қаз/ның Ресейге қосылуының басталған жылы ...
4. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылды ...

Х. Кіммен және немен (не туралы) айтылған? Дұрыс жауабын жаз. (3 ұпай).
«Ресейдің саудасын дамытуда Қазақстанды «кілт ж/е қақпа»

ХІІІ. Тест. (1ұпайдан. барлығы - 7 ұпай).
1. Орта жүз биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан:
а. Әйтеке би в. Төле би с. Қазыбек би д. Алшынбай би е. Майқы би
2. ХVІІІ ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мем/т:
а. Иран в. Ирак с. Ресей д. Ауғанстан е. Жоңғар
3. ХV ғ. соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі:
а. Сарыарқа үшін в. Сырдария қалалары үшін с. Маңғыстау үшін
д. Балқаш маңы үшін е. Орта Азия үшін
4. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты:
а. Ақ Орда мемлекеті мен Сібір хандығы в. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы
с. Сібір хандығы мен Хиуа хандығы д. Ноғай Ордасы мен Ресей
5. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:
а. І Петр в. Анна Иоанновна с. Елизавета Петровна д. І Павел е. І Александр
6. Бөкей ханның сарайы салынған жер:
а. Жиделіде в. Ақбұлақта с. Жасқұс деген жерде
д. Теректі құмда е. Жаман қала маңында
7. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:
а. Төле ұлы, Ақбайұлы в. Ғабитұлы, Жанжігітұлы с. Құндағұлұлы, Қоштайұлы
д. Аманұлы, Темірұлы е. Бөгенбай батыр, Баян батыр

ХІ. Кейбір тарихи түсініктер мен терминдер адамның атымен байланысты. Түсінікке қысқаша анықтама бер. (2 ұпай). Жаңа сөздің туыны себепкер болған адамның атын ата. (1 ұпай). Бұл адам кім болған? (2 ұпай).
«Салқам».

ХІІ. Суреттеу бойынша қандай түсінік (термин) туралы сөз болып тұр.
(1 ұпайдан. Барлығы 3 ұпай).
1. Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі.
2. «Тұрсын ханның бүлігі».
3. Қараханидтерде жер иеленудің түрі.
4. 1218 ж. Шыңғысхан жіберген саудагерлердің өлтірілуі.
Категория: История Аралов Самат Бейсембаевич |
Просмотров: 1567 | Загрузок: 560
Всего комментариев: 0
avatar