Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Информатика [ Добавить материал ]


Жолдар мен сиволдық шамаларды өңдеу
27.05.2016, 10:32

Үшінші топ оқушыларына - берілген бірінші жолдан бесінші символдан 3 санды көшіріп, экранға шығару және 2-ші жолдан 3 – ші символдан бастап 2 символ көшіру және Санды символға айналдыру және символды санға айналдыратын мысалдарын программа үзіндісі арқылы постерге түсіріп, оны қорғау керек болды. Оқушыларға бұл тапсырма аса қиындық туғызбады. Өйткені алдыңғы сабақтарда машықтанғандықтан олар бұл тапсырманы жылдам орындап, сәтті қорғап шықты. Топтардың жұмысы 10 «символ» бірлігімен бағаланды.
Үшінші кезең – «Информатикалық поезд. А бағыты» деген атаумен бірінші топ оқушыларға - Length операторын қолданып «Олимпиада» сөзінің ұзындығын есептейтін программа құрыңыз. Екінші топ оқушыларына - Delete процедурасын қолданып, Астана сөзінен Ана сөзі шығатын программа құрыңыз. Ал үшінші топ оқушыларына - Copy функциясын қолданып, «Ежелгі Тараз» сөзінен Тараз сөзі шығатын программа құру тапсырмалары берілді. Оқушылар топта ақылдаса отырып есептерді орындап шықты. А тобының оқушылары Абылайхан, Әлішер, Бекжан, Адина бірінші орындап, жұмыстарын компьютерге енгізді. Екінші болып С тобының оқушылары - Мағжан, Айдар, Ақнұр, Гүлсезім орындап шықты. Олар да өз жұмыстарын компьютерге орындап, нәтижесін көрсете білді. Ал үшінші болып С тобының оқушыларды орындады. Олар шамалы кідірспен орындағанымен нәтижесін көрсете білді.
Үшінші кезең – «Информатикалық поезд. В бағыты» деген атаумен бірінші топ оқушыларына –А тобына - Пернетақтадан енгізілген символы бойынша оның кодын экранға шығаратын программа құру тапсырмасы берілсе, екінші В тобына - Үш символдық айнымалыға F, I, O фамилияңызды, атыңызды және әкеңіздің атын енгізіңіз. Берілген сөздерден сіздің фамилияңыз бен инициалыңызды экранға шығаратын S жолына программа құру тапсырмасы берілді. Ал үшінші С тобына - Пернетақтадан енгізілген екі сөздің қайсысы ұзынырақ және қаншаға ұзынырақ екендігін анықтайтын программа құру тапсырмасы берілді.
Бұл кезеңнің тапсырмасы күрделірек болғандықтан оқушыларға есептелген уақыттан бөлек 2 минут қосуға тура келді. Өйткені берілген есептегі оқушылардың топтарда құрғаны программа құрылымы бірнеше жолдан тұрғандықтан және тестілеу барысында қателерді жөндеуге біршама уақыт кетті. Бірақ оқушылар тапсырмаларын орындап, нәтижесін көрсете білді.
Алғашы болып аяқтаған А тобына қосымша 10 ұпай берілді. Қалған топтарға 10 ұпайдан беріліп өздеріне тиесілі ұпайларын жинай білді.
Төртінші кезеңнің «Ақыл төбедегі үшеуі» тапсырмасында оқушылар топта шығарған есептерін постерге түсіріп, оны қорғап шығу тапсырмасы берілді. Топтағы оқушылар өзара ақылдасып шығарып, нәтижесін көрсеткен есептерінің шешімдерін топ алдына қорғап, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.

Категория: Информатика | Добавил: Make Саттаркулова Манар Серикбаевна |
Просмотров: 854 | Загрузок: 559
Всего комментариев: 0
avatar