Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Информатика [ Добавить материал ]


Power Point көмегімен анимацияны баптау.
13.03.2015, 12:01

№ 26 Сабақ жоспары

Топ 1-5 топ
Сабақтың өткізілетін күні
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Power Point көмегімен анимацияны баптау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Power Point көмегімен анимацияны баптау тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелік: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) (керектісінің астын сызу)
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) (керектісінің астын сызу)
Сабақты өту әдісі: ақпараттық дамытушылық тәсіл
Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі
Көрнекі құралдар: компьютер
Әдебиеттер: В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»
«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер. 2001 ж. OC Windows 98, 2000, XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии» «Всемирная паутина WWW» Питер. 2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы информатики и вычислительной техники»
10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.
В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.
Сабақтың барысы мен мазмұны
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң баларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Электронды оқулық
3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру
Power Point көмегімен анимацияны баптау
Мәтіннің, графиктің, диаграмманың және басқа объектілердің слайдтардағы анимациясы мазмұнның әр түрлі аспектілерін айрықша атап көрсетеді, материалдардың баяндалу барысын басқарады және таныстырылымды аса қызықты етеді. Таныстырылым уақытында Анимацияны баптау (Настройка анимации) (10.7 сурет) тапсырмалар аймағы көмегімен слайдта элемент қайда және қай мезетте пайда болу тиістігін таңдауға болады, мысалы маусты шерту бойынша сол жақ шекарадан ұшып шығу. Анимация параметрлерінің көпшілігі бірқатар сәйкес әсерлерді қамтиды. Бұл анимацияны дыбыстық сүйемелдеу құралдарына жатады. Мәтін анимациясының әсерлерін әдеттегіде әріптерге, сөздерге және абзацтарға қолдануға болады. Мысалы тақырып барлығы бірден емес, жеке сөз бойынша пайда бола алады.
Мәтін немесе объектілер үшін анимация әсерін жеке слайд үшін де, барлық таныстырылым үшін де қарап шығуға болады.
Анимацияны объектіге үстемелеу үшін:
1. Керекті объектіні ерекшелеу
2. Анимацияны баптау (Настройка анимации) тапсырмалар аймағындағы Әсерді үстемелеу (Добавить эффект) командасын таңдау (10.9 сурет)



10. 9 сурет. WordArt объектісіне анимацияны үстемелеу

3. Әсерлер тізімінің ішінен керектісін таңдау;
4. Әсерді таңдағаннан кейін сендер оны әрекетте көресіңдер және объект анимация объектіліерінің тізіміне үстемеленетін болады. (10.10 сурет).
5. Егерде керек болса, онда әсер параметрлерін баптаңдар (басы, бағыт, жылдамдық) (10.10 суретті қараңдар)



10.10 сурет. Анимация объектілерінің тізімі

Еркін көрсетудің көрсетілімі. Бұл процедура барлық таныстырылымды емес, тек қана еркін көрсету слайдтарын бейнелеу үшін қызмет етеді.
1. Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) менюінде Таныстырылымды баптау (Настройка презентации) командасын таңдаңдар.
2. Слайдтар (Слайды) тобында еркін көрсету нұсқасын таңдаңдар, ал содан кейін тізімнен керекті көрсететінді таңдаңдар.
3. OK батырмасын басыңдар.
4. Көрсетуді іске қосыңдар.

Таныстырылым слайдтарын көрсеткуді іске қосу:
1. Слайдтарды көрсету режімінде іске қосуды талап ететін таныстырылымды ашықдар.
2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:
• Microsoft PowerPoint терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) батырмасын басыңдар.
• В меню Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) менюіндегі Көрсетуді бастау (Начать показ) командасын таңдаңдар.
• F5 пернесін басыңдар.

Таныстырылымның ақырғы (қорытынды) файлын келесі форматтарда сақтауға болады:
Файлдың типі Кеңеюі Сақтау үшін пайдаланылады
Таныстырылым .ppt Microsoft PowerPoint-тың қатардағы таныстырылымы
Windows метафайлы .wmf Графика түріндегі слайдта
GIF форматтағы сурет .gif Веб-беттерде пайдалануға арналған графика түріндегі слайдта
JPEG форматтағы сурет .jpg Веб-беттерде пайдалануға арналған графика түріндегі слайдта
Portable Network Graphics форматтағы сурет .png Веб-беттерде пайдалануға арналған графика түріндегі слайдта
Құрылым, RTF .rtf Құрылымның құжаты түріндегі таныстырылым мәліметінде
Таныстырылым үлгісі .pot Үлгі түріндегі таныстырылымда
PowerPoint көрсетілімі .pps Слайдтарды көрсету режімінде әрқашанда ашылатын таныстырылымда
Веб-бет .htm; html .htm-файлдары мен барлық қосалқы файлдары бар қапшық түріндегі Веб-беттерде
Веб-мұрағат .mht; mhtml Барлық қосалқы файлдарды қамтитын жеке файл түріндегі Веб-беттерде
4. Жаңа материалды бекіту
Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
5. Сабақты қорыту
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: Б-1 136 -140 бет.

Оқытушы______________ У.Ш.Аликулов

Категория: Информатика Аликулов Улугбек Шадиклович |
Просмотров: 978 | Загрузок: 560
Всего комментариев: 0
avatar