Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Информатика [ Добавить материал ]


Мамандықты таңдау, келешекті ойлау коучинг
29.10.2016, 23:47

Коучинг тақырыбы: Мамандықты таңдау, келешекті ойлау
Жалпы мақсат: Ата – аналарды мұғалімдермен бірлікте жұмыстануға тарту, ата - аналардың балаларының мамандыққа баулудағы көзқарасын анықтау
Мерзімі: 02.03.2016 жыл
Қатысушы: ауданның кәсіби желілік қоғамдастық мүшелері
Өтетін орны: № 44 кабинет сағат 11.10
Сабақ нәтижесі:
• Әрбір мұғалімнің, ата-ананың жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемаларды шешуде кеңес беру әдістемесі бойынша терең білім алады.
• Оқыту әдістемесінде уақтылы, қажетті, сындарлы кері байланыс ұсынады.
• Топпен бірлесіп отырып берілген тақырыптар бойынша пікір алмасуға қатынасады.
• Ата-ана мен пән мұғалімдері арасында шынайы байланыс орнайды
• Мамандық , оны таңдау туралы ата-ана сауаттанады
Сабақта қолданылатын материалдар: ресурстар,стикер, флипчарт,мультимедиа, бағдаршам, маркер,бейнежазба
Табыс критерийлері: қарым-қатынас әдістері, топпен жұмыс істей білуді, сыни ойлап, талдап, зерттеу
Жүру барысы
Сабақ кезеңдері Уақыт Коуч пен коучинге қатысушылардың іс - әрекеті
Сәлемдесу 1 мин Жұмыстарына сәттілік тілеу.
Топқа бөліну 1 мин 1 топ Ата – ана 2 топ: Пән мұғалімдері екі топқа бөленеді
Ой қозғау 3 мин Бейне жазбаны көріп, не көргендігі, қандай ой туғандығымен бөліседі. Бүгінгі коучинг тақырыбы қандай?

Теориялық бөлім
Топтық жұмыс


8 мин Сұрақтар жазылған слайдты көрсету
Сұрақтар:
1 топ: Мамандық дегеніміз ........... Ата-ана өз ойларын ортаға салады.
2 топ: Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Пән мұғалімдері ата-анаға сауаттандыру жұмыстарын жүргізеді
2 топта талқылап, түйінді сөздермен стикерлерге жазып, постерді қорғау
Практикалық бөлім
Топтық жұмыс
6 мин
SWOT талдау жасау
1 топ ата-ана өз балаларының мамандық таңдаудағы жолына талдау жасайды(күшті,әлсіз жағы,мүмкіндік, қауіп)
2 топ пән мұғалімдері алдындағы сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы жолына талдау жасайды,бағыт береді
Дабыл қағу 4 мин Мектеп психологі сыныпқа жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен таныстырады.Насихат жұмысын жүргізеді
Тренинг
«Келісемін, келіспеймін» 3 мин Ата-ана мен пән мұғалімдері оқылған пікірмен келіссе жасылды, келіспесе қызыл бағдаршамды көтереді.
Қолдану
Іскерлік ойын
5 мин Ата-ана: Өзіңізді мұғалім орнына қойып көріңіз.
Бұл сыныпқа мамандық таңдауда қандай ұсыныс айтар едіңіз? Қандай көмек, қолдау көрсетер едіңіз?
Пән мұғалімі: Өзіңізді ата-ана орнына қойып көріңіз.
Балаңыздың келешегі үшін қандай қолдау көрсетіп, ақыл –кеңес берер едіңіз?
Жинақтау 6 мин «Мамандық таңдау қазірден»
Ата-ана Шынымды айтсам : (ата-ана өз ойын шынымды айтсам мамандық таңдау .... ойды жалғастырады)
Пән мұғалімдері: Шын жүрегімнен: (ата-анаға балаларының мамандық таңдаудағы жолдарына шын жүректерінен тілек тілейді)
Рефлексия
Тәмсіл «Игі іс»
3 мин Тәмсілді оқып болғаннан кейін Сіздер бүгін не істедіңіз? сауалына түрлі- түсті бағдаршамды көтеріп кері байланыс жасайды.
Бірінші адамның жұмысын жасаған адам болса, қызыл түсті көтеріңіз.
Екінші адамның жұмысын жасаған адам болса, сары түсті көтеріңіз.
Үшінші адамның жұмысын жасаған адам болса, жасыл түсті көтеріңіз.

Категория: Информатика | Добавил: Bahit31101976 Кайсагалиева Бахытгул Темиртасовна |
Просмотров: 114 | Загрузок: 62
Всего комментариев: 0
avatar