Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Информатика [ Добавить материал ]


Интерактивті әдістің тиімділігі
01.02.2016, 11:26

Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.
Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу.
Басқалар сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеңіз.Өзіңіздің кезегіңізді күтіңіз.
Егер бірдеңе айтқыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз.Кімнің және қашан сөйлейтінін оқытушы таңдайды.
Идеяларды айтқан адамдарды емес, идеялардың өзін сынаңыз. (Жеке басқа тіл тигізбеңіз.)
Әркімнің де пікір білдіруге құқығы бар, сондықтан өте ұзақ сөйлемеңіз.
Кез келген пікірді қарсы алыңыз.
Кей жағдайда ең жақсы идеялар талқылау барысында туындайды.
Оқытушы біздің құқығымызды қорғайды және біздің жұмысымызға бағыт береді.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар пайымдауларды қарастыра отырып, олардың дұрыстығын шешеді.Дұрыс емес болған жағдайда оларды дұрыс болатындай етіп көшіріп жазулары керек.Бұл тапсырма оқушылардың ұсынылған пайымдаулардың мағынасын анықтауға бағытталған.Өз кезегінде ол өмір мен теорияны жақындатуға жақсы көмектеседі.Ол дұрыс/бұрыс түріндегі қарапайым тапсырмалдарға қарағанда, ақыл – ой жұмысын талап етеді.
Тапсырма: “Қателерді түзеу”
Төменде берілген сөйлмдер дұрыс па? Егер дұрыс болмаса, дұрыс болатындай етіп қайтадан жазыңыздар.
1.Велосипедтің екі аяғы бар.
2.Сиыр шөп береді және сүт жейді.
3.Біздің ауылда кітапхана бар, бірақ полиция бөлімі жоқ.

Категория: Информатика | Добавил: venera87 Курпишева Венера Турганбековна |
Просмотров: 577 | Загрузок: 407
Всего комментариев: 0
avatar