Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » География [ Добавить материал ]


Пәндік олимпиадаға бағыттау арқылы дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
27.10.2016, 22:20

Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.
Олимпиада резервтерімен дайындық жұмыстарын мен өзім құрған бағдарлама негізінде жүзеге асырамын. Бағдарлама 4 кезеңнен тұрады.
Оқушының іскерлік пен дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді жолы- географиялық есептер мен диктанттар беру арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту. Әсіресе, физикалық география курсы бойынша атмосфера, Жердің қозғалысы, азимут, масштаб, сағаттық белдеулер, гидросфера тараулары бойынша, ал экономикалық география курсы бойынша демографиялық және экономикалық есептерді көбірек орындату керек. Өзімнің құрастырған жинағым, Ресейлік авторлардың және интернеттен алынған есептер жинақтарын өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін.
Оқушының білімін жетілдіруде статистикалық мәліметтермен жұмыс жасату нақты сандық мәліметтерді пайдалана отырып, оқушыға дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Мұндай мәліметтерге мемлекеттердің, аймақтардың, облыстардың, аудандардың жер көлемі мен халқының саны, ұлттық және жас-жыныстық, діни құрамы, миграциялық көрсеткіштер, өнеркәсіп өнімдерінің өндірілу көрсеткіштері, тауар айналымы, ЖІӨ және оның жан басына шаққандағы көрсеткіші, т.б. жатады.Осындай статистикалық мәліметтер көздерін пайдалана отырып, оқушы график немесе диаграммалар, мониторинг, кестелерді жасауға үйренуі қажет.
Диаграмма және графика- оқу үрдісінде сандық көрсеткіштердің көрнекті бейнеленуі. Оларда табиғи немесе экономикалық құбылыстар көрнекі бейнеленеді. Мерзіміне, саласына, өнім түріне, өндірілу мөлшеріне,т.б.қарай салыстыра отырып, оқушы бағана түріндегі, дөңгелек немесе бағана түріндегі диаграммалар мен графиктер, түрлі-түсті мониторингтер тұрғыза алады.
Оқушының кішігірім ғылыми-зерттеу шығармашылық жұмысымен айналысуы оның өз өлкесінің географиясы туралы мағлұмат алуына жол ашады. Осылайша, ол өз өлкесінің табиғаты мен байлықтары, халқы мен шаруашылық жағдайын бейнелейтін карталар түсіріп, органикалық дүниесі мен жер-су атауларының номенклатурасын жасақтап, тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұматтар жинақтайды.

Категория: География | Добавил: Akkainanova Аккайнанова Нургул Утегеновна |
Просмотров: 119 | Загрузок: 29
Всего комментариев: 0
avatar