Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » География [ Добавить материал ]


Геомания. Экономикалық географиялық жағдайы.Табиғат жағдай мен ресурстары.Халқы
25.11.2014, 16:10

Сыныптар: 11 А
Тақырыбы: Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Германияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Германияның ірі қалаларымен, неміс халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне баға беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдісСабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту
ІV кезең – үйге тапсырма беру
V кезең – бағалау кезеңі

I кезең - Ұйымдастыру
ІІ Тақырыпты игеру Герминияға жоспар бойынша жалпы сипаттама беру
а) экономикалық-географиялық және геосаси жағдайы
ә) аумағының құрамы
ЭГЖ және саяси жағдайы бойынша саяси картадан Германияның қай елдермен шектесетінін анықтап, басты ерекшелігін ашамыз. Мысалы, Германия ФР Еуропаның батысы және шығысының шектесетін бөлігінде орналасқан. Солт-де Балтық және Солтүстік теңізімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы, аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуы қолайлы әсер етуі.
Табиғат қорғау шарлары, соның ішінде табиғат қорғау мәселесіне, қазіргі заманғы табиғат қорғау шаралары, ұлттық саябақтары мен қорықтар турлы айтады.
Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады.
Сосын Германия туралы қысқаша конспект жазып отырады.

Атластарын пайдаланып, Германияға сипаттама береді.
ІІІ Тақырыпты бекіту сұрақтарды:
1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?
2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?
Балалар параграфты оқып шығып, сұрақтарға жауап береді.
ІV Үй жұмысы:
1. §3, 4 оқып, қысқаша конспект жазу.
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
V Бағалау Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Категория: География Андыбаева Толкын Аскаровна |
Просмотров: 2152 | Загрузок: 538
Всего комментариев: 0
avatar