Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » География [ Добавить материал ]


География пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының жүйесі
25.11.2014, 14:23

География пәні бойынша ҰБТ – ға дайындық жұмыстарының жүйесі
Мақсаты: 11«ә» сынып оқушыларын ҰБТ дайындау барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда беталыстарды анықтау, ҰБТ тапсыруға оқушылардың дайындық сапасын көтеру үшін ұтымды жолдарын анықтау, білім беру сапасының төмендеу және көтерілу факторларын айқындау.
2014-2015 оқу жылында география пәні бойынша тестілеуге қатысатын оқушылар саны – 4. Оқушылар нақты 5 –ші пәнді таңдамаған, сондықтан жалпы қатысатын оқушылар саны өзгеріп тұрады.
Қазіргі талаптар негізіндегі оқу-тәрбие процесінің сапалы көрсеткіштерін жоғарлату үшін мұғалім :
- ата-аналарды ҰБТ дайындық процесіне тарту мақсатымен ата-аналар жиналысына қатынасты;
- пән бойынша консультациялар жүргізді
- қателермен жұмыстарды жүргізді
- топпен, жеке жұмыс түрін жүргізді
Сынау тестілеудің нәтижелері бойынша оқушылардың білім сапасы оңды болған себептері:
- Қосымша сабақтар жүйелі түрде өткізілді;
- Қателермен жұмыс үнемі өткізілді;
- Кейбір оқушылармен жеке жұмыс өткізілді.
ҰБТ-ге дайындау сапасын төмендейтін факторлар:
- Кейбір оқушылар ауруына байланысты сабақтарға қатыспайды;
- Басқа пәндер бойынша оқу материалдары шамадан артық болады.
Сынау тестілеудің нәтижелері бойынша ұсыныстар мен қорытындылар айтылып жатады.
География пәні бойынша ҰБТ нәтижесінің түзету жұмыстары
2014-2015 оқу жылында география пәні бойынша тестілеуге қатысатын оқушылар саны – 4. Мектепте бекітілген жоспар бойынша әр дүйсенбі күні оқушылардан сынақ тест алынады (тест кітапшалары бойынша). Бекітілген жоспар бойынша әр сәрсембі күні оқушылармен ҰБТ-ға дайындық қосымша сабағы өтеді. Оқушылар жазған кітапшаларын әкеліп, талдау жұмысы жүргізіледі. Әр кеткен қате жеке мониторинг парағына жазылады және мұғалім дұрыс жауап іздеу тәсілдерін, оқулықтарын беріледі.

Әр оқушыда түзету жұмысының парағы бар, параққа тектен қателер жазылады, типтік қателерге назар аударып отырылады. Әр оқушыда ҰБТ тест базасы электронды және қағаз түрінде, 6-11 сынып оқулықтары, терминдер сөздіктері бар. Түзету жұмысы қосымша сабақта жүргізіліп, үйде қайталанады.
Сынау тестілеудің нәтижелері бойынша ұсыныстар мен қорытындылар оқушыларға, сынып жетекшілерге, ата-аналарға айтылып жатады.
География пәні мұғалімі: Андыбаева Толқын Асқарқызы

Категория: География Андыбаева Толкын Аскаровна |
Просмотров: 3286 | Загрузок: 717
Всего комментариев: 0
avatar