Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » География [ Добавить материал ]


Брейн-ринг "Атажұрт"
25.03.2016, 15:25

Құрылымы:

1.Тақырыбы, мақсаты- міндеттері.

2. «Брейн-ринг» өту барысы;
2.1. Таныстыру
2.2. «Бәйге»
2.3.«Үй тапсырмасы»
2.4.«Кескін картамен жұмыс»
2.5. Көрермендермен ойын

3. Марапаттау

4. Қорытынды

Тақырыбы: «Қазақстанның рекреациялық ресурстарының дамуы мен пайдалану мәселелері»- деп аталады. Сайыс барысында қатысушы командаларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясынан, Қазақстанның негізгі рекреациялық ресурстары, Қазақстан қорықтары, ерекше қорғалатын аймақтар және туризмге байланысты сұрақтар қойылады.

Шығармашылық бөлімі: студенттердің мемлекетіміздің теңдесі жоқ табиғатын суреттеп, рекреациялық ресурстарды ашып көрсетуі қарастырылған.

Мақсаты: «Брейнг – ринг» сайысы - студенттердің шығармашылық қызметін, белсенділіктерін арттырып, өз мамандықтарына сәйкес білімдерін көрсетіп өзара пікір алмасып білімдерін толықтыруды көздейді. Ойын барысында қойылатын негізгі мәселе студенттердің ғылыми ой ізденістерін белсендендіріп, мәселеге сәйкесінше жауап табу қабілеттерін дамытуға негізделген. Ойын үш жоғарғы оқу орындары арасында өтіп отырғандықтан, осы үш жоғарғы оқу орындарының студенттері арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту көзделген. Білімнің мазмұны, студенттердің танымдық іс-әрекеті, өз ойын тұжырымдап айту, шешендік өнерге баулу сияқты педагогикалық негізі болып табылады.
-студенттерді түрлі мәселелерге өз пікірін, көзқарасын, аргументтерін ашық, жасқанбай, түсінікті, тиянақты, әдепті түрде жеткізе білуге үйретеді;
-белгілі -бір мәселеге қарама-қарсы альтернативті тұжырым жасай білу;
-сайысқа қатысушылар арасында үш жоғарғы оқу орындары арасында достық қарым-қатынас жасасу, тәжірибе бөлісу.

Міндеті: Тәрбие сағатының мақсаттарына сәйкес ойын өтуі үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар мен керекті көмекші құралдар даярлануы тиіс. Студенттер ойын тақырыбымен алдын-ала танысып, дайындыққа қажетті уақыттары болуы тиіс. Тәрбие сағатының міндеті студенттердің оқу үрдісі барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету. Ойын барысында қатысушылар нақты және анық қойылған мәселеге нақты жауап берулері керек.
-студенттерге түрлі тақырыптар бере отырып, олардың философиялық, саяси, экономикалық және тағы да басқа салалардан білімдерін терендетеді;
-студенттер өз пікірін фактілер келтіре бекіте білуге үйренеді;
-логикалық ойлау және салысмтыра отырып сыни көзқарастарын қалыптастырады;
-студенттерді адамгершілікке, демократия, патриотизм, өзара түсіністік, халықаралық бейбітшілік пен ынтымақтастық мұраттарына сәйкес тәрбиелеуге жәрдемдеседі;
-өз елі мен бүкіл адамзаттың материалдық және рухани мәдениет саласындағы игіліктеріне деген қызығушылықтарын дамытады.

Сайыс жобасы бір сағат уақытқа есептелген.

1-бөлім – «Бәйге». Әр командаға 3 минуттан уақыт беріледі, осы уақыт аралығында командалар 25 сұраққа жауап берулері керек.

2- бөлім - «Үй тапсырмасы». Тапсырманың негізгі мақсаты: Қазақстан республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің, туристік қызмет көрсетудің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуі үшін сіздер шетелдік инвесторларға Қазақстанның рекреациялық ресурстарының болашақта дамуын презентация арқылы таныстыруларыңыз керек. Бұл бөлімде әр командаға 15 минуттан уақыт беріледі.

3- бөлім - «Кескін картамен жұмыс». Бөлім негізінен студенттердің шығармашылық қабілетіне негізделген. Бұл бөлімнің шарты бойынша әр командаға Қазақстанның қорықтары, ерекше қорғалатын аймақтары, республикадағы мәдени және тарихи ескерткіштерге байланысты 12 объекті беріледі, осы объектілерді кескін картаға түсіріп, Қазақстанның физикалық картасынан көрсетіп, қысқаша сипаттама берулері керек. Тапсырманы орындау үшін әр топқа 10 минуттан уақыт беріледі.
Сайысты қорытындылау және марапаттау үшін сөз әділ-қазы алқасына беріледі.

Сайыс мазмұны

Жүргізуші: - Қайырлы кеш! Құрметті ұстаздар, студенттер, бүгін «Қазақстанның рекреациялық ресурстарының дамуы мен пайдалану мәселелері» тақырыбында студенттердің қатысуымен өтетін «Брейнг – ринг» сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: - Енді бүгінгі «Қазақстанның рекреациялық ресурстарының дамуы мен пайдалану мәселелері» атты «брейнг – ринг» сайысын ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №231 жарлығымен бекітілген «Қазақстан республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарына арналған мемлекет бағдарламасында» «Республикамызда рекреациялық ресурстарының ірі шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аумақтық аймақтар қалыптастыру қажет» делінген, қазіргі таңда бұл мәселе өзінің өзектілігімен ерекшеленеді. Сонымен бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Ойынға қатысушы бірінші команда: «Әлем» құрама командасы. Өз командаларыңызды таныстыра кетсеңіздер (Команда өздерін таныстырады).

Жүргізуші: Рахмет, ал енді ойынға қатысушы екінші команда: «Хан Тәңірі» құрама командасы. Сіздерде өз командаларыңызды таныстыра кетсеңіздер (Команда өздерін таныстырады).

Жүргізуші: Рахмет. Бүгінгі ойында сіздерге Қазақстанның негізгі рекреациялық ресурстары, Қазақстан қорықтары, ерекше қорғалатын аймақтар және Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық географиясынан сұрақтар қойылады.

Жүргізуші: Бүгінгі сайсымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады, бұл бөлімде әр командаға 3 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында командаға 30 сұрақ қойылады. Уақыт төрешісі уақытты есептеп отырады. Команда мүшелерінің барлығы толығымен сұрақтарға жауап бере алады. Білмеген сұрақтарыңыз болса, маған «келесі» деген белгі беріңіздер. Жеребе қорытындысы бойынша бірінші «Хан Тәңірі» командасына сұрақтар қойылады: Уақыт төрешісі және команда дайын болсаңыздар бастайық, сіздерге қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстандағы жетекші әуе тасымалдаушы компанияны атаңыз ? ( Air Astana)
2. ШҚО – дағы пайдаланылып жүрген автомобиль жолдарының ұзындығын атаңыз. ( 87,4 мың км)
3. Қазақстанда неше қала бар? 84 (86)
4. Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл: 16.12.1991ж.
5. Семей қаласында орналасқан, ШҚО- дағы жалғыз төрт жұлдызды қонақүйді атаңыз? Nomad қонақүйі
6. Қазақстандаа қанша экономикалық аудан бар ( 5)
7. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші қолдаған мемлекет: Түркия
8. Республиканың негізгі отын түрі: Көмір
9. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге қай уақытта қабылданды? ( 1993 ж 15 қараша)
10. Қазақстан қанша әкімшілік бірлікке бөлінеді ? ( 14)
11. Мұнай өңдейтін зауыттар орналасқан қалалар? Атырау,
Шымкент,Павлодар
12. Қазақстанда газбен жұмыс істейтін ірі ЖЭС қайда орналасқан? Таразда
13. Каспий теңізінің порттарын атаңыз. ( Атырау, Баутино, Ақтау)
14. Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болды? 1992 ж 2 наурыз
15. Шардара су қоймасы қай өзенде салынған? Сырдария
16. Қазақстандағы ең ірі су қоймасы: Бұқтырма
17. Қазақстандағы кокстелен көмір шығаратын кен орының атаңыз. (Қарағанды)
18. Қазақстандағы қоңыр көмір шоғырланған кен орындарын атаңыз. (Торғай, Майкүбі алаптары)
19. Қазақстандағы пластмасса зауыты қай қалада орналасқан? Ақтау
20. Қазақстанның ауылшаруашылығына жарамжы жерлерінің көлемі қанша? 222 млн.га
21. Қазақстандағы ірі мұнай кен орындарын атаңыз. ( Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол)
22. Қазақстанда қанша қорық бар? (10 қорық)
23. Қазақстанның мақта өсіретін негізгі ауданы: Оңтүстік Қазақстан
24. Ірі минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі химия комбинаты орналасқан қаланы атаңыз. Тараз
25. Қазақстанда барлығы қанша ұлттық парк бар? ( 7 ұлттық парк)
Жүргізуші: Рахмет, енді екінші «Әлем» командасы сіздер дайын болсаңыздар бастайық:
1. Қазақстандағы Наурызым қорығы қашан құрылды? ( 1931 ж)
2. Жібек маталар комбинаты қай қалада жұмыс істейді? Өскемен
3. Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің басты саласы: Ет өңдіру
4. Қазақстандағы Марқакөл қорығы қай жерде орналасқан? ( ШҚО, Күршім ауданы)
5. Жасанды талшық шығару зауыты қай қалада құрылды? Темiртау
6. Қазақстандағы мұнай газ құбырларының жалпы ұзындығы: 5,4 мың км.
7. Қазақстандағы «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң қашан қабылданды? ( 2006 ж 1 шілдеде)
8. Қазақстандағы көлемі жағынан ең үлкен қорықты атаңыз.( Қорғалжың қорығы)
9. Қазақстандағы әуе жолдарының ұзындығы: 100 мың км.
10. Қазақстандағы алыс шетелдермен байланыс жасайтын темір жол магистралі: Достық-Алашанькау
11. Республикадағы ең ірі агломерацияларды атаңыз: Қарағанды, Алматы
12. Қазақстанда халықтың сирек қоныстанған аймақтарын атаңыз: Орталық, батыс, оңтүстік батыс
13. Қазақстандағы көлемі жағынан ең кіші қорықты атаңыз. ( Барса- Келмес)
14. Қорғалжың қорығы қашан құрылды? (1968 ж)
15. Қазақстанда ең арзан көмір қай жерде өңдіріледі? Екібастұз
16. Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандарының аумағы: 565000 км
17. Марқакөл қорығы қашан құрылды? ( 1976 ж)
18. Қазақстандағы спорт және туризи департаменті қай жылы Туризм және спорт министрлігіне ауыстырылды? (2006 ж)
19. Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарының аумағы: 711,6 мың км
20. Қазақстанда трактор зауыты қай қалада? Павлодар
21. Ауданы 455 км .кв. құрайтын, Күршім ауданында орналасқан көгілдір інжу көл қалай аталады? ( Марқакөл көлі)
22. Қазақстанда ... «Миллионер» қанша қала бар: 2
23. Марқакөл көлінің аты қандай мағына береді? ( Марқакөл көлінің аты жерех көлі деген мағына береді)
24. ШҚО-дағы «сыңырлаған қоңыраулар көлі» деген атқа ие болған көлді атаңыз. (Зайсан көлі)
25. Еңбек ресурстарына бай аудан: Оңтүстік

Жүргізуші: Енді екінші бөлім «Үй тапсырмасына» кезекті берейік. Командаларға алдын-ала тапсырма берілген. Тапсырманың негізгі мақсаты: Қазақстан республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің, туристік қызмет көрсетудің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуі үшін сіздер шетелдік инвесторларға Қазақстанның рекреациялық ресурстарының болашақта дамуын айтып таныстыруларыңыз керек. Бұл бөлімде әр командаға 15 минуттан уақыт беріледі. Ортаға бірінші «Хан Тәңірі» командасын шақырамыз. Қызықты презентациянызға рахмет, ал енді екінші команда «Әлем» сіздерді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Ойынымыздың соңғы бөлімі «Кескін картамен жұмысты» бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл бөлімнің шарты бойынша әр командаға Қазақстанның қорықтары, ерекше қорғалатын аймақтары, республикадағы мәдени және тарихи ескерткіштерге байланысты 12 объекті беріледі, осы объектілерді кескін картаға түсіріп, Қазақстанның физикалық картасынан көрсетіп, қысқаша сипаттама берулеріңіз керек. Тапсырманы орындау үшін әр топқа 10 минуттан уақыт беріледі. Уақыттарыңыз біткен кезде екі команда кескін карталарыңызды әділ-қазы мүшелеріне тапсырасыздар да, ортаға шығып қорғайсыздар. Команда мүшелері кезектесіп қоржыннан сандар жазылған қағаздарды алыңыздар, соған сәйкесінше сан жазылған объектілер беріледі. Барлықтарыңыз алып болсаңыздар, кескін картаға түсіре берулеріңізге болады.

Жүргізуші:Командалар дайындалып болғанша біз бүгінгі ойынымыздың жанкүйерлерімен ойын өткізсек. Қазір мен бес сұрақ қоямын, осы сұрақтарға жауап берген көрермендер ортаға шығып ойынға қатысады. Сұраққа қолдарыңызды көтеріп жауап берсеңіздер, орнында отырып жауап бергендердің жауаптары есепке алынбайды. Барлығы түсінікті болса, бастайық.
1. ШҚО-дағы «сыңырлаған қоңыраулар көлі» деген атқа ие болған көлді атаңыз. (Зайсан көлі)
2. Еңбек ресурстарына бай аудан: Оңтүстік
3. Шығыс Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің басты орталығы: Семей
4. ШҚО-дағы ең биік шыңды атаңыз. ( Мұзтау шыңы 4506 м)
5. Рахман қайнары қай жерде орналасқан? ( ШҚО, Катон-Қарағай ауданы)

Жүргізуші: Сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендеріміз міне ортаға шықты, ойынның шарты мынадай қазір мен бір географиялық объект айтамын сол объектінің соңғы әріпінен басталатын келесі объектіні сіздер тауып айтуларыңыз керек. Ойын шарты түсінікті болса, ойынымызды бастайық. «Алакөл» енді сіз «л» әрпінен басталатын географиялық объект айыңыз, ры қарай жалғастыра береміз. (Тоқтап қалған студент ойыннан шығып отырады, ойыннан естелік сыйлықтар тарту етілді) Көрермендер ойынының жеңімпазына қошемет көрсетейік.

Жүргізуші: Бірінші команда «Хан Тәңірі» ортаға шығып объектілеріңізді картадан көрсетіп, қысқаша сипаттамасын айтып беріңіздер.

Жүргізуші: Рахмет, енді «Әлем» командасын ортаға шақырайық, өз объектілеріңізді картадан көрсетіп, сіздерде қысқаша сипаттамасын беріңіздер.

Жүргізуші:Сонымен бүгінгі «Брейн – ринг» сайысымыздың негізгі бөлімдері аяқталды. Әділ-қазы алқасы қорытындысын шығарғанша ортаға өзінің ән шашу. Қол шапалақтап, қошемет көрсетіп отырыңыздар.

Жүргізуші: «Қазақстанның рекреациялық ресурстарының дамуы мен пайдалану мәселелері» тақырыбында өткен «Брейнг – ринг» сайысымызды қорытындылау үшін сөз әділ-қазы алқасына беріледі.

Жүргізуші: Марапаттау рәсімі.

Жүргізуші: - Осымен бүгінгі «Қазақстанның рекреациялық ресурстарының дамуы мен пайдалану мәселелері» тақырыбында өткен «Брейнг – ринг» сайысымыз аяқталды. Бүгін жеңген немесе жеңілген топтар жоқ, ойынымызда достық жеңді. Сіздерге уақыттарынызды бөліп, ойынға қатысып, жанкүйер болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Сау-саламат болыңыздар.

Категория: География | Добавил: султанова Султанова Балауса Алтынбековна |
Просмотров: 646 | Загрузок: 417 | Комментарии: 1
Всего комментариев: 1
avatar
1
Обожаю нестандартные уроки! Урок мне понравился!! Беру своим!!
avatar