Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » География [ Добавить материал ]


Атырау облысының туристік - рекреациялық әлеуеті және болашағы бар саяхат маршруттары
27.10.2016, 21:32

Рекреациялық ресурстар деп- бірегей тарихи немесе танымдық, эстетикалық және емдеу-сауықтыру маңыздылық қасиеттеріне ие, адамның денсаулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және демалу- көңіл көтеруді қамтамасыз ететін табиғи және мәдени ресурстарды айтамыз.
Облысымыздың рекреациялық әлеуеті туризмді дамытуда келешегі зор өңірлердің бірі саналады. Тауымыз бен тасымыз, өзеніміз бен көліміздің, жазира даламыздың қойнауында қаншама сыр жатса да, біз әлі туризм деген "кереметтің" құпиясына қаныға қойған жоқпыз.
Географиялық орны Азия мен Европа арасында болғанының өзін ұтымды пайдалануға болар еді. Атырау облысында туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілік бар. Себебі, ұлан- ғайыр қазақ даласында Атырау өңірінің өз орны, өз тарихы бар.
«Ежелден атам- Каспий, анам- Жайық, ертеден келе жатқан даңқын жайып. Мекені ата –баба құтты мекен, мақтаныш етуіме шын лайық...» деп ақын Құмар Жүсіп жырлағандай атыраулықтар мақтан етер жерлер жеткілікті. Бар тірлігі малға негізделіп, үнемі жаз жайлауға , қыс қыстауға көшіп жүрген ата-бабаларымыз басқа жұрттай соңдарына ескерткіш қалдырмағаны белгілі. Бірақ, мешіттер мен ғибадатханаларды және қайтыс болған адам аруағын қастерлей білетін халқымыз қорымдар мен бейіттерді аймақтық ескерткіштерге толы архитектуралық өнермен нақыштаған. Сондықтанда осы саладағы, әліде толық зерттеле қоймаған халықтық архитектураны түсіндіріп, талдап берудің үлкен мәні бар. Қазақстан ғалымдарының пайымдауынша Батыс Қазақстан даласы тарихи ескерткіштер ішінде құлыптастармен ерекше көз тартады. Өйткені, Қазақстанның басқа өңірлерінде көп кездесе қоймайтын тарихи әсіресе, Атырау даласында сан түрлі. Құлыптастарда нақышталған ою-өрнектер сол жерде жерленген адамдардың көзі тірісінде қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық денгейін, батырлығын, діни ұстанымдылығын айрықшалап көрсетеді. Құлыптастар ішіндегі ең көнесі, түркі дәуіріне қатысты «Балбал тас » тек Атырауда емес, Маңғыстау жалпы қазақ даласының баға жетпес мұраларының бірі.

Категория: География | Добавил: Akkainanova Аккайнанова Нургул Утегеновна |
Просмотров: 83 | Загрузок: 27
Всего комментариев: 0
avatar