Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » География [ Добавить материал ]


Аласа таулар
25.11.2014, 14:10

Күні:21.10.2014
Класы:8 «А,Ә»
Сабақтың тақырыбы: §17.Аласа таулар
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы биік таулы аудандардың қалыптасуы мен таралған аумағымен танысу.
Сабақтың міндетттері: Республика жеріндегі биік таулы аудандардың қазіргі жер бедері бейнесінің түрлерін түсіндіру.
Білімдік: Биік таулы өлкелердің сызбасын картаға түсіру.
Дамытушылық: Картадан қазақстанның тауларын көрсету.
Тәрбиелік: Жеріміздің табиғаты әсем аймақтарын сақтай отырып оларды қорғай білуге оқушыларды баулу.
Оқытудың әдісі: Түсіндірмелі
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру: Амандасу, оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Қазақстан жерінің негізгі ерекшеліктері?
2.Ел аумағындағы аласа таулар?
Жаңа сабақ: §18. Биік таулы өлкелер
Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Алтай Сібірдің ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Алтай тауын Оңтүстік Алтай, Батыс және Калба, Кенді Алтай жоталары деп бөлуге болады. Оңтүстік Алтай Бұқтырма, Қара Ертіс жағалауында жатыр.Ресеймен шекарасындағы биік жері Қатын жотасы. Батыс және Кенді Алтай Қазақстан жерінде Алтайдың батыс сілемдері кіреді.
Қалба жотасы-Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай 400км созылып жатыр.
Сауыр – Тарбағатай іргелес жоталарман тау жүйесін құрайды. Ең биік нүктесі Мұзтау шыңы.
Жоңғар таулы өлкесі. Қазақстан жерінде Жоңғар Алатауының солтүстік, оңтүстік батыс бөлігі кіреді. Тянь-Шань таулы өлкесі. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын алып жатыр. Кетпен жотасы Орталық Тянь-Шаньнан Кеген тау аралық ойысы бөліп жатыр.Іле Алатауы Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау. Қырғыз Алатауы Күнгей және Іле Алатауының батысында жатыр.
Дамыту кезеңі: жауаптың дұрыстығын анықтау
Дұрыс Бұрыс
Тянь-Шань тауының шыңы хантәңірі.
Мұзтау Жоңғар Алатауының шыңы.
Қырғыз Алатауы Күнгей және Іле Алатауының батысында жатыр.
Бесбақан Қырғыз Алатауының шыңы.
Мұзтау шыңының биіктігі 3816м.

Сабақты қорытындылау:
1.Жоңғар Алатауы құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
2.Қазақстанның биік тауларын ата?

Үйге тапсырма: §18. Биік таулы өлкелер
Бағалау:

Категория: География Андыбаева Толкын Аскаровна |
Просмотров: 1626 | Загрузок: 570
Всего комментариев: 0
avatar