Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » География [ Добавить материал ]


География пәні бойынша 8 кластарға арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
25.11.2014, 15:32

Мектепішілік (география) олимпиаданың теориялық І туры. 8 сынып.

1. 1. Сауалнама тест – 10 ұпай.
1.1. Аталған жазықтардың қайсысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан ?
а) Торғай үстірті ; б) Сарыарқа ;
ә) Батыс Сібір жазығы ; в) Тұран ойпаты ;
1.2. Мына тұжырымдар дұрыс па ? ( дұрыс, дұрыс емес )
а) Қазақстан жерінде кембрий дәуіріне дейін пайда болған ежелгі платформа бар.
ә) Тянь- Шань тауының солтүстігі протерозой эрасында көтерілген.
б) Қазақстан территориясына Тұран ойпатының солтүстігі енеді .
в) Кайнозой эрасының неоген дәуірінде Каспий, Арал теңіздері оқшауланды.
г) Жер тқыртысының қалың қабаты таулы аймақтарға сәйкес.
1.3. Аталған өзендердің қайсысы ішкі алапқа жатады ? ( астын сыз)
Ертіс, Сырдарья, Жайық, Есіл, Іле, Тобыл.
1.4. Төмендегі өсімдіктер Қазақстанда қай жерде өседі ?
а) Шүрен қызғалдағы - ә) Шренк шыршасы –
1.5. Қазақстан қандай пайдалы қазбалардан дүние жүзінде ондыққа кіреді ? Дұрыс жауаптың астын сыз.
Көмір, темір, вольфрам, мұнай, қорғасын, хром, никель
2. Жер бедері – 10 ұпай.
2.1. Шығыс Еуропа жазығын қандай таулар қоршай орналасқан ?
2.2. Ең биік нүктелерін жазу керек.
Альпі - , Кавказ - , Аппалач - , Атлас- .
2.3. Көрсетілген обьектілердің қайсысы тауға, қайсысы жазыққа жататынын анықтап, бөліп жазыңдар .
Альпі - , Ұлы Қытай - , Тибет - , Гималай - ,
Орта Сібір - , Скандинавия - , Анды - , Кавказ - ,
Арабия - , Орта Сібір - .
3.Келесі ұғымдарға түсініктеме бер: план, абсолюттік биіктік, бархан, крик, торнадо (Әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 10 балл)

Тест тапсырмалы
(әрбір дұрыс жауапқа 2 балл)
1.Есімі 1492 жылы 12 қазан күнімен байланысы бар саяхатшыны таңданыз?
A. Ф.Магеллан B. В.Беринг C. Х.Колумб D. Д.Кук E. М.Лазарев
2. Қай жанасым «өзі өсіп жатқан жердегі «өсімдік-материк»» ұғымына дұрыс болып келеді?
А. секвойя – Солтүстік Америка B. эвкалипт – Африка C. бөтелкелі ағаш- Еуразия
D. баобаб- Аустралия E. дұрыс жауап жоқ
3.Танымал теңіз жүзуші Ұлы географиялық ашылулар жасап, бірақ та соңына дейін не ашқанын түсінбей өткен. Ең алғаш болып осы тұжырымдамадан бірнеше жыл бұрын ашылған географиялық обьектінің не екенін аңғарған оның жерлесін көрсетіңіз.
A. Л.Кабот B. Х.Колумб C. М.Поло D. А. Веспуччи E. Л.Гарибальди
4.Үш дүние бөлігінің жағасын шайып жатқан теңізді көрсетініз.
A. Арабия теңізі B. Беринг C. Қызыл D. Жерорта E. Тасман
5.Аталған масштабтардың қайсысы ең ірі болып табылады?
A. 1:25000 B. 1:50000 C. 1:100000 D. 1:1000000 E. 1:5000000
6.Африканың ең ұзын өзенін таңданыз?
A. Конго B. Нигер C. Ніл D. Замбези E. Сары
7.Өкілдері Солтүстік Америкада ең алғаш болып қоныстанған нәсілді танданыз
A. австралоидтер B. Европеоидтер C. монголоидтар D. Негроидтар E. аралас және ауыспалы нәсілдер
8. 315 градус азимуты бар румбты танданыз?
A. шығыс B. солтүстік – шығыс C. оңтүстік – шығыс D. солтүстік – батыс
E. оңтүстік - батыс
9. Ауа температурасының амплитудасының мәні минималды болатын жауапты көрсетініз:
A. –16ºС және +16ºС; B. +3ºС және +33ºС C. –4ºС және +17ºС D. –24ºС және–48ºС
E. - 13ºС және +16ºС
10.Таудын шамамен алғандағы биіктігін көрсетініз, егер оның етегінде ауа температурасы +16ºС – ты құраса, ал шыңында –8ºС болғанда:
A. 1,3 км B. 4 км C. 24 км D. 400 м E. 6 км.

Мектепішілік (география) олимпиаданың практикалық ІІ туры.
8 класс

Тапсырма 1
Тау шыңы Абс.биіктігі Орналасқан құрлық Орналасқан елі
Килиманджаро Танзания
2230
6194 АҚШ
Джомолунгма
Евразия Қазақстан

10 балл
Тапсырма 2.

Бір географиялық конгрессте алты ғалым кезігеді. Олардың барлығының әртүрлі құрлықта жұмыс жасайтыны анықталды. Міне олардың бірнеше түсіндірмелері:
1)- Мені әрқашан Арктика қызықтырған, - деп бірінші географ мәлімдеді.
2)- Ал мен тауларды зерттеймін, өкініштісі, менің құрлығымда бірде-бір сөнбеген жанартау жоқ, - деп екінші ғалым айтты.
3)- Мен де тауларды зерттеймін, тек «сегіз мыңдықтарды» ғана, - деп үшінші ғалым айтты.
4)- Маған «суық полюске» келіңдер –деп төртінші ғалым айтып қалды.
5)- Одан да маған Тынық мұхит жағалауына келіңдер, - деп бесінші географ қосып өтті.
6) Алтыншы географ үндемей қалды, бірақ та, бес географ-ғалымның түсіндірмелері бойынша кімнің қайда жұмыс жасайтынын анықтауға болады. Ал қалған бір құрлықта алтыншы ғалым жұмыс жасайды.
Қай географ-ғалымның қандай құрлықты зерттейтінін анықтаңдар.
(Әр дұрыс табылған жауапқа 1 балдан, барлығы 6 балл).

6 балл

Тапсырма 3. Астанада белдеулік уақыт бойынша сағат 12. 00. болғанда Мәскеуде, Стамбулда және Вашингтонда сағат қанша болатынын есептеңдер.
10 ұпай.
Тапсырма 4. Жанатын пайдалы қазбалардың біреуіне төмендегі жоспар бойынша жауап беріңдер.
а) Атауы ;
ә) географиялық жағдайы ;
б) орналасу ерекшелігі ;
в) кен қорының мөлшері ;
г) өндіру әдісі ;
10 балл

Тапсырма 5.
Топографиялық карта және суреттегі объект кескіндерінің арасында сәйкестікті орнатыңдар. (әр дұрыс сәйкестендіруге 1 балл, барлығы 11 балл)

Барлығы: 14 балл
Қорытынды: 50 БАЛЛ

Категория: География Андыбаева Толкын Аскаровна |
Просмотров: 5960 | Загрузок: 1289 | Комментарии: 2
Всего комментариев: 2
avatar
1
жауаптары бар ма?
avatar
-2
2
Жок)
avatar