Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Физика [ Добавить материал ]


«Білгіштер сайысы»
01.02.2015, 16:48

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№113 Әл-Фараби атындағы ЖОМ тің
математика пәні мұғалімі Эралиева Хуршида Алижан қызы

«Білгіштер сайысы»

Әрбір оқушыға жан-жақты, заман талабына сай инновациялы білім беру- әр ұстаздың ең негізгі міндеті.
Интеллектуалды ойындар – нақты пәндер апталықтарында ұйымдастырылатын негізгі қорытынды іс – шаралардың бірі.
Оқушылардың өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақты әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге үйрету мақсатында 8-сыныптар арасында геометрия пәнінің төртбұрыштар, координаталар өсі және координаталар жазықтығы бөлімі бойынша «Білгіштер сайысы» атты интеллектуалды ойынды ұйымдастырдық. Сол интеллектуалды ойынның жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың төртбұрыштардың айырмашылығын және олардың негізгі элементтерін анықтай алуы бойынша білімдерін тиянақтау. Берілген нүктелердің координаталарын табу арқылы белгілі бір дене кескінін жасауды үйрету. Оқушыларды ауызша есептей білуге, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру;
Дамытушылық: әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын дамуына, шығармашылық даму мүмкіндіктеріне жағдай жасау; оқушыларды тапқырлыққа баулып, байқампаздығын арттыру, танымдық деңгейлерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың топпен, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және мақсатына жете білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын сабағы

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, кесте, координата жазықтығы салынған парақтар, жазықтықтағы геометриалық фигуралардың бөлшектері.

Сабақтың өту барысы:
Мұғалім:
Қүрметті мұғалімдер, оқушылар! «Білгіштер сайысы» атты қайталау және пысықтау сабағын сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмын. 8- сыныптардың үздік оқушылары бір-бірімен алгебра және геометрия пәндері бойынша өз білімдерін сынға салып отыр. Енді ойынға қатысып отырған топтармен танысайық.
1-топ «Параллелограмм»
2-топ «Ромб»
3-топ «Трапеция»
Әрбір топ оқушылары өзінің атауының анықтамасын және сол фигураның элементтері мен қасиетін айтып өтеді.
Топтармен танысып алғандан соң, ойын шарттарымен таныстырылады:
1. Викторина сұрақтары (Ар топқа арналған зымыран сұрақтар) 5 мин
2. Суретшілер сайысы 10 мин
3. Жеті рет өлшеп – бір кес! 10 мин
4. Кімнің ойы жүйрік? 5 мин
5. Виет теоремасы 5 мин
6. «Теориялық білімді – практикада қолдау» шарты 5 мин
1- шарт бойынша әрбір топтан 1 оқушы 10 сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
1-шарт. (Мысалы)
1. Ең кіші жай сан (2)
2.Шеңбердің центрінен өтетін хорда (диаметр )
3.Үшбұрыштың төбесін оған қарама-қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді. (медиана)
4. Координата жазықтығындағы ОХ өсі? (абцисса)
5. мәні неге тең? (1)
6. Қандай жағдайда квадрат теңдеудің шешімі жоқ болады?
7. мәні неге тең? (14)
8. Сүйір бұрыштың -і? (Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы)
9. 19 2 неге тең? (361)
10. Барлық қабырғалары тең параллелограмм. (ромб)
2-шарт Суретшілер сайысы.
Әрбір топтан 1 оқушы шығады. Ол оқушыларға координата жазықтығы салынған парақтар және нүктелердің координаталары жазылған парақтар беріледі. Осы координаталарды дұрыс белгілесеңіз қандайда бір дене кескінін аласыз. Ол қандай кескін екенін анықтаса 5 ұпай алады. Анықталған кескіндеріміздің әрбірінде геометриялық бір фигура жасырынып тұр. Қандай фигура екендігін анықтаса сол топқа тағы 2 ұпай беріледі.

А) (-8; 1) (-7; 0) (-5; -3) (0; -3) (5; -3) (7; 0) (8; 1) (4; 1,5) (0; 2) (-4; 1,5) (-8; 1) (-4; 0) (0; -1) (4; 0) (8; 1)
(0; 0) (0; 4) (0; 8) (0; 12) (-1; 8) (-2; 5) (-1; 0) (0; 0) (желкенді қайық)

В)(-8; -1) (-1; -1) (2; -1) (7; -1) (8; 0) (8; 4) (7; 4) (5; 1) (2; 1) (-1; 1) (-6; 1) (-8; -1)
(-1; 1) (1; 3) (3; 5) (5; 5) (3; 3) (1;1)
(-1; -1) (1; -3) (3; -5) (5; -5) (3; -3) (1; -1) (Ұшақ)

С) (-2; -2) (-1; -3) (0; -2) (0; 0) (0; 4) (0; 8) (0; 10.5) (-2; 10) (-4; 8) (-7; 5) (-4; 5) (-2; 5) (2; 5) (4; 5) (7; 5) (4; 8) (2; 10) (0; 10.5) (-2; 10) (2; 10) (-7; 5) (-3; 5.5) (0; 6) (3; 5.5) (7;5) ( Қолшатыр)
3-шарт. Түрлі түсті қағаздардан геометриялық фигуралар жасалған. Ар бір топ сол фигурадан квадрат жасау қажет. Сол фигураны тек бір ғана түзу сызық арқылы қайшы мен 2 бөлікке бөле алады. Кейін сол бөліктерден квадрат жасай алу керек. Әрбір жасалған квадрат үшін 5 ұпай беріледі.


4- шарт.
Топтың әрбір мүшесіне тапсырма беріледі. Бұл шартта квадрат функциялардың графиктерінің макеттері пайдаланылады. Әрбір оқушыға координата жазықтығы салынған парақтар және функциялар беріледі. Функцияларды координата жазықтығына дұрыс және жылдам салған оқушылардың жылдамдығына сай балл беріледі.



5-шарт. Әрбір оқушыға екеуден келтірілген квадрат теңдеу беріледі. Оқушылар теңдеудің түбірлерін табады . Және екеуден квадрат теңдеудің шешімдері беріледі. Олардан екі квадрат теңдеу құрастыруы қажет. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

ФИО: .



6-шарт. Топпен жұмыс. Оқушылар теориялық алған білімдерін практикада қолдауды уйренеді. Бұл шартта асханаға кафел жабыстыру үшін қанша кафел қажеттігін анықтаймыз. Қабырғалардың ұзындығы 2 м 70 см және 4 м болатын асханаға өлшемдері 27 см және 20 см болатын тік төртбұрыш пішінді кафелдермен толық жабыстыру үшін қанша кафел қажет болады? Бірінші болған топ 5 ұпай жинайды.

4 м
Үй тапсырмасы: “Теориялық білімді – практикада қолдау» шарты бойынша мысалдар табу

 

Категория: Физика Эралиева Хуршида Алижан қызы |
Просмотров: 848 | Загрузок: 556
Всего комментариев: 0
avatar