Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Биология [ Добавить материал ]


Тақырыбы: Шұбалшаңның мінез-құлығын:оның қозғалуын, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау.
07.02.2016, 18:13

7 «А»
№2 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Шұбалшаңның мінез-құлығын:оның қозғалуын, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Шұбалшаңның сыртқы құрылысын зерттеу. Даяр ылғал препараттағы құрттың ішкі құрылысын қарап зерттеу.
Мақсаты: шұбалшаңның сыртқы құрылысының өзіне тән ерекшеліктерін және олардың топырақтағы тіршілік жағдайларына сәйкестігін анықтау; ішекқуысты жануарлармен салыстырғанда анағұрлым жоғары организмдердің қасиеттерін ажырату.
Құрал-жабдық пен материалдар: жайпақ тәрелке, ұлғайтқыш әйнек, шыны таяқшалар, пиязшық, қалта электр шамы, шұбалшаң, шұбалшаңның ылғалды препараттары.
Жұмыстың реті және нәтижесі:
1.Шұбалшаңды ұлғайтқыш әйнекпен зер салып қара, денесінің пішінін анықта, сипатта.
................................................................................................................................................................................................................
2.Шұбалшаң денесін саусақпен сипап қара. Терісінің саусаққа қалай сезілгенін айт. ................................................................
3.Шұбалшаңның денесінің алдыңғы және соңғы бөлігін анықтап, ажырат, аузы қалай орналасқанын қара. ..........................
................................................................................................................................................................................................................
4.Шұбалшаңның арқасы мен құрсақ жағында қандай айырмашылық болатынын байқа.
................................................................................................................................................................................................................
5.Шұбалшаңның әртүрлі тақтайшалардың (қағаздың, ылғал әйнектің, ағаштың) бетімен қалай қозғалатынын бақыла. Бұл кезде сен нені естисің? ......................................................................................................................................................................
6.Шұбалшаңның әртүрлі тітіркендіргішке қалай жауап беретінін анықта, ол үшін денесін шыны таяқшамен түрт, алдыңғы жағына пиязшықтың бір түйірін таста,қалта электр шамымен жарық түсір.Бақылағандарыңды жазып қой.Шұбалшаң құртының сыртқы құрылысы және әрекеттері туралы жалпы қорытынды жаса.
................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
7.Қорытынды:
Ылғалды препараттан жәндіктің ішкі құрылысын зертте. Шұбалшаңның ішкі құрылысындағы қандай ерекшеліктер ішекқуыстылармен салыстырғанда жоғары дамыған топ екендігін көрсетеді?

Категория: Биология | Добавил: shynarserikbaeva | Теги: зертханалық жұмыс Серикбаева Шынар Кенжегалиевна |
Просмотров: 1134 | Загрузок: 517
Всего комментариев: 0
avatar